Эффект Плацебо дегеніміз не?
Эффект Плацебо дегеніміз медицинада адамдарды емдеу үшін белгілі дәрілік қасиеті жоқ препарат арқылы емдеу болып табылады. Ол эффект адамдардың психологиялық тұрғыдан қарағанда «сену» арқылы жұмыс істейді. Бұл эффект шын мәнінде пациенттерге жақсы көмек береді. Белгілі бір уақытқа дейін пациент өзін жақсы сезінеді.
Бірақ нақты жазылу үшін емделуші адам нақты сену керек. Сонымен қатар арнайы факторлар болуы қажет.
Тарихы
Эффект Плацебо (лат. Placere — симуляция) тарихы медицинада XX ғасырда зерттеле бастады. «Плацебо әсері» терминінін американдық дәрігер Генри Бичер 1955 жылы ғылыми қолданысқа енгізді. Оның экспериментінен пациенттердің үштен бірі плацебо эффектінен белсенді түрде жазыла бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде плацебо әсері жақсы қолданыста болды. Фронтағы ауруханаға түскен сарбаздардың ауырсынуын басу үшін «бос» дәрілерді қолданған.
Егерде жеткіліксіз болса, анестезиолог Генри Бичер инъекция салған. Соғыстан оралғаннан кейін Гарвард университетінің әріптестерімен бірге осы құбылысты зерттеуге кірісті. Оның зерттеулерінің нәтижелері 1955 жылы « плацебо күші» мақаласында жазылған.Плацебо әсері күшті болу үшін дәрігердің өзі де соған сенгені дұрыс. Сол арқылы емделушіге оңай сендіруге болады.
Эффект Плацебо Э.Мендел эксперименті
1953 жылы психиатр Э. Мендел Пуэрто-Рико мен Виргин аралдарының тұрғындары емделетін Вашингтон штатындағы Сент-Элизабет психикалық ауруханасында жұмыс істеді. Пациенттердің көпшілігі дұшпандық және агрессивті мінез-құлқының шабуылына байланысты ауруханаға жатқызылды. Олардың кейбіреулері қауіпті болғандықтан, олар арнайы киімде сақталды. Ал Э.Мендел ауруханаға екі күзетшімен бірге жүрді.
Сондай-ақ, пациенттер ағылшын тілін білмеді. Э.Мендел испан тілін білмегендіктен пациенттер арасында кедергілер пайда болды. Сол кезде жаңа резерпин транквилизаторлары қолданылды. Бірақ бұл әдіс гуманды болмағандықтан,плацебо әдісін қолдануға шешім қабылдады. Пациенттердің жартысы нақты дәрілерді, ал басқалары өтірік дәрілерді қолданды. Эксперименттін ең басында Э.Мендел «бұл дәрілер арқылы барлығыңыз жазыласыздар» деген. Дәрігерлер пациенттердің қайсысы қай препаратты қабылдағанын білмеді.
Эксперимент бірнеше айға созылды. Э.Мендел Плацебоның емделушілерге оң әсерін тигізетініне көз жеткізді. Пациенттер бір ай ішінде тынышталып, дәрігерлемен жақсы қарым-қатынаста болды.Эксперимент соңында барлық емделген пациенттер «өтірік» дәріні қолданған екен. Бұл медицинада резонанс туғызды.
Ғылыми зерттеулер
Плацебо әсерінің көріністері науқастың бейсаналық күтуімен, науқастың әсер ету қабілетінен және дәрігердің сенім дәрежесімен байланысты. Клиникалық зерттеулерде плацебо әсерінің типтік деңгейі 5-10% құрайды. Зерттеулерге сәйкес, плацебо барлық адамдарға бірдей әсер етпейді. Бірақ ең бастысы, олар алаңдаушылығы бар,эмоционалды тұрақсыз, сенгіш келетін адамдарға жақсы көмектеседі.
Плацебо эффекті күдікті,интроверт,көп сенбейтін адамдарда пайда болмайды. Медициналық тәжірибеде плацебо жұмсақ психосоматикалық бұзылулары бар адамдар үшін жақсы. Мысалы ұйқысыздықты («бессоница») немесе депрессияны емдеуге болады.
Бірақ бұл эффект нақты соңына дейін зерттелген жоқ. Ғалымдар әлі де көптеген зерттеулер жүргізуде. 1970 жылдан бастап жаңа препараттардың тиімділігін бағалау және ұқсастығын салыстыру үшін плацебо міндетті болып табылады. Соңғы 10-20 жылда психологтар мен дәрігерлердің плацебоға деген қызығушылығы айтарлықтай өсті және оның зерттеуі жалғасуда.