Эдуард Мане ұлы суретші импрессионизм бағытын құрушы

Эдуард Мане ұлы суретші импрессионизм бағытын құрушылардың бірі

Эдуард Мане балалық шағы

Эдуард Мане 1832 жылы 23 қаңтарда Париж қаласында дүниеге келді. Әкесі Әділет министрлігінің басшысы Огюст Мане, ал анасы Эжени-Дезире Фурнье болды. Ата-анасы сүйікті баласына беделді құқықтық білім беріп және мемлекеттік қызметкер ретінде керемет мансапқа жетуге үміттенген.

1839 жылы Мане аббат Пейлдің пансионына жіберілді. Бірақ оқу кезінде баланың оқуға деген қызығушылығы болмады. Огюст өзінің мұрагерін 1844-1848 жылдары өзі оқыған Роллин колледжіне жібереді. Ол жерде бала сурет өнеріне қызығады. Бірақ әкесі баласын болашақта заңгер болғанын қалайды.

Анасының ағасы Эдмон-Эдуард Фурнье баланың өнерге деген талпынысын көріп, кескіндеме курсының ақшасын төлеп оқытады. Соның арқасында жас суретші нақты білім алып шығады. 

Эдуард Мане ұлы суретші балалық шағы
https://24smi.org/

Саяхат

Әкесі ұлының мемлекеттік қызметпен қызықпайтынын түсінген соң, саяхатшы болуға  мүмкіндік берді. 1848 жылғы желтоқсанда Эдуард юнг(матрос болуға дайындалған жасөспірім) ретінде кемемен бірге саяхатқа барады. Кеме Атлантикадан өтіп, Рио-де-Жанейро қаласына дейін барды.

Парижде туып-өскен және буржуазиялық ортада тәрбиеленген жігіт өзі үшін табиғаттың көптеге сұлулығын көрді. Мане шынайы өмірде көрген нәрселерін кескіндемеде өрнектеуді қалайтын. 1849 жылы 13 маусымда француз жағалауына жас жігіт жаңа идеялармен қайтып оралады.

Круизден кейін, 1850 жылдан бастап 1856 жылға дейін ол танымал суретші Том Кутюрдың студиясында кескіндемемен айналысады. Мане көбінесе тірі табиғатты және сұлулықты өнертеуге ұмтылатын.Ал  Кутюр стилистикалық суреттер жанрын кескіндегенді жақсы көретін. 

https://24smi.org/

Сол жылдары суретші «Валенсиядан келген Лола» картинасын салған. 24 жастағы Эдуард Кутюр өнер мектебінен кетіп, өзін-өзі дамытумен айналысады. Луврге тұрақты түрде барып отырды.Сонымен қоса Италия, Германия, Австрия, Голландия, Испания елдеріне сапар шегіп мұражайларға жиі барып жүрді. Эдуард ұлы шеберлердің туындыларын (Тициан, Веласкес және Рембранд) салуға тырысқан.

Өнер жолы

Шығармашылық жолының басында Париждегі бейнелеу өнері академиясының ресми көрмесінде танымал болған әр суретші көрмеге қойылды. Мане өзінің картиналарын бірнеше рет қазылар алқасына ұсынды. Бірақ олар жас суретші туындыларына  тым консервативті болды.

1859 жылы достарымен бірге ол екі жылда бір рет өткізілетін салондағы өзінің көрмелерін ашуға тырысты. Алайда, 1861 жылы сыншылар Эдуардтың  екі туындысына  «Ата-аналар» және «Гитареро» жақсы баға берді. 60-жылдардың басында Мане теңіз және испан мотивтерін («Валенсиядан Лола», «Кирсад», «Испан балеті», «Алабама»), ашық ауада көріністерін («Лонг-Шанта жүгіру») «Император Максимилианның түсіруі»), сондай-ақ діни тақырыптарда кескіндеме салған. («Өлі Иса»).

1863 жылы император Луи Наполеон Маненың  салонда қалған жұмыстарын жақын жерде орналасқан Өнеркәсіп сарайына көшіруге бұйырды. Бұл параллельді көрме «Бағаланбаған салондар»  деп аталды. Ол жердегі басты картина «Таңғы ас» болды.

«Таңғы ас»

Эдуард Мане ұлы суретші "Таңғы ас" суреті
https://24smi.org/

Одан кейін «Олимпия» картинасы ол жерде Викторина Меран модель болды. Келесі онжылдықта Мане өз жолдастарына шығармашылық энергияның керемет үлгісін көрсетті. Ол портреттер, бояулар,сахналарды бейнелеген. Егер бір маңызды оқиға орын алса, ол солжерге барып оны бейнелейтін.

«Олимпия»

Эдуард Мане ұлы суретші "Олимпия" суреті
https://24smi.org/

Картиналар тізімі

1859 — «Шие бар балақай»

1864 — «Лоншанедағы ат жарысы»

1864 — «Ақ пион мен секатор»

1867 — «Олимпия»

1868 — «Максимилиан императорының атылуы»

1869 — «Балкон»

1874 — «Аржантей»

1874 — «Аржантей жанындағы Сейн жағалауы»

1877 — «Өзін-өзі өлтіру»

1878 — «Кабаре Райхсхоффена»

1880 — «Кафе-шантан»

1882 — «Фоли-Бержер бары»

1881 — «Көктем»

1882 — «Мадам Мишель-Лэви портреті»

1883 — «Сирень букеті»

Эдуард Мане жеке өмірі

1849 жылы Сюзанна атты әйел суретшінің өмірінде пайда болды. Суретші бір көргеннен ғашық болды. Сюзанна фортепиано пәні бойынша мұғалім болып жұмыс істеді.

1852 жылдың қаңтарында Сюзанна Леон атты ұлды дүниеге әкеледі. Бірақ нақты әкесі кім екенін ешкім білмеді. Клоел атты адам әкесі ретінде жазылды. Леон туылғанына 11 жыл болған соң, 1863 жылдың 28 қазанында импрессионист Сюзаннға үйленді. Неке қию рәсімінен кейін  күйеуімен, анасымен және ұлымен бірге өмір сүре бастады.

Мане онымен қоса басқа әйелдерменде қарым-қатынаста болған. Бірақ Сюзанна арасында келісімге келген, «басқа әйелдермен қарым-қатынаста болса да, әрқашан үйге келуді ұмытпау» деген. Сол арқылы отбасы тыныш өмір сүрді.

1879 жылы Мане мидың зақымдануына байланысты қозғалыстардың үйлестірілуін қоздыратын атаксия ауруына шалдықты.1882 жылы суретші кескіндемелері үшін «Құрмет Легионы» орденімен марапатталды.

Мане 1883 жылы 30 сәуірде оның гангрена болған аяғын ампутациядан кейін он күн өткен соң қайтыс болды. Суретшінің  зираты Париждегі  Пасси жерінде орналасқан.