Чарльз Дарвин эволюция теориясын ашқан ұлы ғалым

Чарльз Дарвин

Чарльз Дарвин биография

Ч.Дарвиннің балалық шағы қасыз бал дәурен шақ еді.1809 жылы 12 ақпанда белгілі ғалымдар отбасында жарық дүниеге есігін ашты. Әкесі бойы екі метр,еңгезердей Роберт Дарвин көрнекті тұлға болатын. Ол өз аймағында дәрігер болып істеді және жергілікті тұрғындардың құрметіне бөленген жан еді. Атасы Эразм Дарвин де ңылыми ортаға танымал медик және натуралист болды.Сондықтан ұрпақтары уайым-қайғысыз,ауқатты ғұмыр кешті. Чарльздің жанына қаяу салған жалғыз ғана жайт – анасының ерте көз жұмуы еді. Анасы Сюзанна Веджвуд ұлы сегізге келгенде қайтыс болды. Шрусберидегі өз иелігінде Чарльз Дарвин жәндіктерді кептіріп жинайтын,оқуға аса ынтасы болған жоқ. Тек химияға қызығатын,жастайынан түрлі тәжірбие жасайтын, сол себепті жолдастары оны Газ деп атайтын. Роберт Дарвин ұлының дәрігер болғанын қалайды,1825 жылы оны Эдинбург университетіне оқуға жібереді. Бірақ көп ұзамай ұлының білімге ынтасы жоғын мойындауға мәжбүр болады. Кейін өзі жазғандай,Чарльздің “ішін пыстырып,зеріктіріп жіберетін”,геология да,зоология да оны қызықтырмайды.

Эдинбургтен кетіп,1828 жылдан бастап Кембридждегі дінтану саласын оқи бастайды. Бірақ бұл оқу да оны қызықтырмайды. Тек қасиетті әкей,ботаника профессоры Джон Хенслоу ғана Чарльзді жаратылыстану ғылымдары қызықтыратынын байқап,оған қолдау танытады. Оңтүстік Америка жағалауларына зерттеу сапарына жиналып жатқан Роберт Фитцройға Чарльзді ұсынған да осы профессор болатын. Осылай Дарвин Бигль кемесімен натуралист ретінде ғылыми экспедицияға аттанады.

Чарльз Дарвин жас кезі
http://www.bodylang.ru

Чарльз Дарвин - Ұзақ сапар

Бигль 1831 жылы 27 желтоқсанда жолға шығады. Теңіз флотының гидрографы капитан Бофорт бастамасымен ғылыми экспедицияға атанады. Оңтүстік Америка жағалауларындағы түрлі аралдардың бойлығын өлшеу мен топографиялық көрінісін сызу тапсырылады. Екі жылға созылады. Дарвин Сантьяго,Сан- Паулуда болады, бірнеше айын Бразилияда, Байе мен Рио маңында өткізеді. Уругваймен,Аргентинамен,Фолкленд аралдарына,Отты жерге тоқтайды,Чили мен Перуде болады. 

Таитиде, Жаңа Зеландияда,Аустралияда,Тасманияда,Мальдив аралдарында, Маврикий және Қасиетті Елена аралдарында, Вознесение аралында түсіп қалып, Азор топаралы арқылы қайтып оралады. Бірақ тек бір жер ғана натуралист ашқан жаңалықтарда ерекше рөл атқарды.Ол – Галапагосс аралдары. Оның Эквадор ендігінде орналасқан жанартаулы аралдарынан Дарвин ерекше жануарлар түрлерін,аса ірі тасбақаларды және ірі кесіртке – икуананы кездестіреді. 

Чарльз Дарвин бұл түрлер туыстарынан оқшау тіршілік етіп  өзгеше даму процесін,яғни эволюцияны бастан кешті деген түйін жасайды. Жолжазбаларында натуралист зоология мен геологияға қатысты өз бақылауларын түртіп отырады.Бұл өз кезегінде болашақ эволюциялық теория тезистерінің негізін құрайды. Тынық мұхитындағы ұзақ сапар Дарвинге ғылыми әлемді дүр сілкіндірген батыл байлам жасауға септігін тигізеді.

https://pikabu.ru

Эволюция теориясы

1836 жылы Англия оралғаннан кейін саяхат кезінде жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін жария етеді.Соның арқасында ғылыми ортада салмағы бар жаратылыстанушы ғалымға айналып шыға келеді. 1837 жылы оны Ағылшын геологиялық қоғамының ғылыми комитетіне қабылдайды. Келесі жылы Дарвин жаратылыстану ғылымдарының Корольдік кеңесіне сайланады. Ғалым дінтанушы мансабы жайлы есіне де алмайды. Өйткені атасы мен әкесінен қалған  байлықтың арқасында таршылық көрмейді. Ч.Дарвинге өз  өмірін ғылымға арнауға ешкім кедергі болмайды. 

Бұдан былай ол тынбай еңбектенеді, өз байламдарын басқа ғалымдар еңбектерімен салыстырады. Жаңа теорияны құруда біртіндеп алға басады. Дарвин жаңалығын барша жұрт бірден қабылдай қоймайтынын түсінеді. Сондықтан тағы бір рет егжей-тегжейлі тексеріп алмай,мерзімінен бұрын жарнамалауға тырысады. Тек 1859 жылы “Табиғи сұрыпталу жолымен өмір үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы” атты трактатын жарыққа шығарады.

 Француз Жан Батист де Ламарк “трансформизм” идеясын алғаш қалыптастырған ғалым болатын.Бұл идея бойынша түрлер жаңа жағдайларға бейімделу барысында дамиды және жаңа қалыпты қабылдайды. Бұл ұйғарым шіркеудің “мызғымас” қағидаларына қарсы келді. Шіркеу “бәрін жаратқан Құдай,сондықтан ештеңе өзгермейді” дейтін. 

Чарльз Дарвин Ламарк идеясын дамытып,тірі ағзалардың алуан түрлілігі Жаратушының ойына байланысты емес.Сондықтан үнемі даму үстінде деген тұжырымға келді. Әрбір түр тіршілік ету ортасына бейімделеді. Яғни дамуы соған тәуелді,мәселен екіншісіне сипаты жағынан да, басқалай да мүлдем ұқсамайтын түр өзіне қарапайым түрдің орнын басуы мүмкін. Ғалымдардың жаңа түр деп жүргені тіршілік етудің ерекше жағдайына бейімделу қажеттігінен қалыптасқан баяу табиғи сұрыпталу нәтижесі болуы ықтимал.

Эволюция теориясы
https://pikabu.ru

Даңқ пен Дақпырт

Ғылыми орта Дарвин теориясын қызығушылықпен және құлшыныспен қабылдады. Ғалымның абырой-беделі де арта түсті. Бірақ көпшілік қауым,әсіресе шіркеу үшін эволюционизм қауіпті дінбұзарлық ағым болып саналды. Өйткені Дарвин адамды Құдай жаратты деп білетін Шіркеу ілімінің күлін көкке ұшырды. Дарвин тезистері қызу пікірталас туғызды. Ғалым, философтар мен дін қызметшілері ашық жауласуға көшті. Көптеген университеттердің кітапханаларында, оның ішінде Кембридждегі Трини колледжі кітапханасында Дарвиннің “Түрлердің пайда болуы” туралы кітабын ұстауға тыйым салынды. Оксфорд епископы Уилберфорс Дарвиннің қалай адасып жүргенін сипаттайтын сөз таба алмай отырғанын айтады.

 Дарвин ашық қолдау білдіруге батылдары жетпесе де ғалым әріптестерінің өз жағында екенін анық сезінеді. Король ғылыми қоғамы натуралистке өзінің ең жоғары марапаты Копли медалін табыс етеді.Бірақ табыс ете отырып,мұны “Түрлердің пайда болуының” авторына емес,ғалымға табыс етіп тұрғандарын ескертеді. 1878 жылы Францияда Дарвинді Ғылыми академиясының ботаника секциясына қабылдайды. Бірақ зоология секциясы оны өз қатарына қабылдаудан бас тартады.