Хакерспейс бүкіл әлемдік танымал ұйымның бірі

Хакерспейс бүкіл әлемдік танымал ұйымдардың бірі

Хакерспейс дегеніміз не?

Хакерспейс (ағылшынша hackerspace) – нақты белгілі бір жерде өтетін кездесулер. Ол жерде  ғылым, технология, сандық немесе электрондық есептегіштер, өнер, коммуникация және бірлескен шығармашылық тақырыбында өтеді. Сол кездесулерде адамдар бірлесіп жаңа идеямен бөліседі. Көптеген технологиялар осыған ұқсас жерлерде пайда болады.

 Хакерспейсте болатын оқиғалар:

 Білім алу және алмасу;

 Презентациялар мен дәрістер;

 Ойындар мен көңіл көтеру, әлеуметтік қызмет;

 Hackerspace электр, серверлер және компьютер желі, түрлі құралдар, аудио жабдықтар, бейне проектор, тағам және сусын, ойын консолімен қамтамасыз етеді. Оның негізгі мақсаты қажетті инфрақұрылымды беру.

Хакерспейс дегеніміз не?
https://habr.com/

Хакинг дегеніміз шынымен мәнінде бар затты алып жақсарту және онымен бөлісу болып табылады. Барлық нәрсені жақсартуға болады. Тіпті ең заманауи, компьютер мен электрониканы, сонымен қатар өнер, қолөнер, математика, ғылымның бәрін қарастыруға мүмкіндік бар. Бұл жерде адамдарға ешқандай шектеу қоймайды.

 Митч Альтман Hackerspace құрушылардың бірі өзінің идеясы туралы: ” Hackspace конференциясына арқылы адамдар өздеріне ұнайтын заттарымен айналыса отырып әлемді жақсартады. Бұл менің алғашқы тәжірибем болды “Hackspace конференциясы”. Мен оны өте қатты ұнатып қалдым. Мен көп нәрсе алғым келді, мен оны істедім. Алты ай уақыт аралығында болды. Берлин маңындағы үлкен лагерьде «Хаос коммуникация лагері 2007» атты алғашқы конференцияны өткіздік. Мұны ешкім білмеді, бірақ ол Hackspace қозғалысының негізі болды. Осы уақытқа дейін Германияда 50-ге жуық hackerspace болды. Бірақ бұл лагерде бәрі болды: өнер, қолөнер, техника және лазер, бірақ ең бастысы — адамдар өз жобаларын ортаға салды. Олар бір-бірін үйретеді, үйренеді және бөліседі. Hackerspace үлкен қолдау көрсету қоғамы”.

https://habr.com/

Хакерспейс жобалары

Нойзбридждің бірнеше хакерлері Жердің суретін алу туралы шешім қабылдады. Ғарышқа ұшыру және суретке түсіру үшін тек 250 доллар мен 6 апта қажет болды. Олар әуе шары арқылы жерді фотоға және бейнеге түсіріп, оны ғаламторға  орналастырды.Hackspaces-те жүздеген ұшырылымнан кейін қарапайым оқушылар мұны жасай алатын болды. 

https://habr.com/

MakerBot 3D принтері. Оны Нью-Йоркте тұратын хакерспейс қатысушысы ойлап тапты. Ол объектілерді жасай алатын машина жасаудың керемет болатынын ойлады. Бұл пластиканың кез-келген түрін басып шығара алатын 3D принтерлерді құратын үлкен компанияға әкелді. Оларда басып шығарғыңыз келетін кез-келген нысанды жүктеуге болатын веб-сайт бар. Бұл принтер өте арзан, ол әр Hackspace-де. Кейбір компанияларда лазерлік принтерлер, тіпті лазерлік кескіш құрылғылар бар. Бұл керемет дәлдікпен объектілерді кесуге болатын өте күрделі машиналар.

https://habr.com/

2011 жылы Фукусима оқиғасынан кейін жапондық үкімет ақпаратының жетіспеушілігінен көңілі толмаған адамдар көп болды. Сондықтан, Токио хакерспейстары үйдегі Гейгер санауыштарын жасады. Олар әрбір тұрғынға белгілі бір аймақта радиацияның мөлшерін есептей алатын етіп тарата алады. Мәселе қалыпты диапазонда радиацияның қандай деңгейде екендігін ешкім білмеген еді. Сондықтан Лос-Анджелестің хакерлері Geiger есептегіштерін ұқсас етіп жасады және олардың нәтижелерін интернет-дерекқорға қою үшін сәулеленудің болжалды деңгейін көруге мүмкіндік берді. Бұл деректер базасы үнемі желіде жұмыс істейтін болады. 

Хакерспейс жобаларының бірі
https://habr.com/

Әлемде дамуы

Белгілі хакерспейстер кеңістігі Хаос компьютерлік клубында (Кельндегі C4 сияқты), Берлиндегі c-base, Венадағы Metalab, Сиэтлдегі HackerbotLabs, Вашингтондағы HacDC, Нью-Йорктегі NYC Resistor, Сан-Францискодағы Noisebridge және Люблянадағы Киберпипке орналасқан. Әлем бойынша 1100 Хакспейстар бар. Оны http://hackerspace.org/ сайтынан көруге болады.

https://habr.com/

ТМД елдерінде алғаш болып Ресейде пайда болды. “Neiron” аты 2011 жылдың 1 шілдесінде Мәскеуде ашылды. HackSpace-Spb және Garagelab кейінірек Санкт-Петербургте, Калининградтағы AmberLab  және Қазан қаласындағы FOSSlabs пайда болды.2013 жылы «MakeitLab» хакерлік кеңістігі  Екатеринбургте және Нижний Новгородда «CADR»  ашылды. Украинаның бірінші украиналық хакерлік кеңістігі 2012 жылы Киевте пайда болды. ол «Hackerspace» деп аталады. Белоруссиялық хакерлер кеңістігінде алғаш рет Минск қаласында 2013 пайда болды. Өкінішке орай Қазақстанда әлі оңдай кеңістік пайда болған жоқ. Алайда болашақта пайда болатынына сенемін.