Том мен Джерри мультфильмі қалай түсірілді?

Том мен Джерри

Алғашында "Том мен Джерри" көрермендерді тартпады

 Өткен ғасырдың 30-жылдарында шағын ғана Ван Бульрен студиясының аниматорларына қызықты екі кейіпкер ойлап табу тапсырылады. Ондағы мақсат – Дисней шығармаларына қызығатындардың бір бөлігін өздеріне қарату еді. Мультипликаторлар сюжет кейіпкерлері ретінде алғашында екі тышқанды ұсынған. Бірақ олар көпшіліктің санасына жатталып қалған Микки-Маусқа қатты ұқсап кеткен еді. 

Осыдан кейін авторлар ақылдаса келе тышқандарды мысық пен итке, яғни алба-жұлба сорайған Том мен  мейірімді, томпақ Джерриге айналдырады. Том мен Джерри  қатысуымен түсірілген мультфильм алғаш 1931 жылы жарыққа шықты. Көрермендер бұл мультфильмдегі екі әншінің бір ауызбен ән салғанына, теңізден балықтын қара сүртікпен атып шыққанына және ірімшікті жеген жалмағыштың денесінде тесік пайда болғанына таңғалады. 

Сөйтіп, бұндай сандырақты ойлап тапқан адамды 1933 жылы жұмыстан шығарып, студия жұмысын тоқтатқан. Ал, аниматорлардың бірі, бұрынғы жолы болмаған есепші Джозеф Барбера «MGM» компаниясының мультипликациялық бөліміне кетті.

Мысықтың атын Джаспер деп өзгертті

«MGM» компаниясында жолы болмаған бұрынғы инженер Уильям Ханна Джозеф Барбераның тікелей бастығы болды. Ал оның өзі продюсер Фред Куимбиға бағынды. Талайларды экранға телмірткен мысық пен тышқанның сан қилы қызықтарын өмірге алып келген осы үштік. Дегенмен, мультфильм авторларының өз араларындағы қарым-қатынаста күрделілеу болатын. кейінірек Барбера журналистерге: «Біз Билл екеуміз бастапқыда қатты ұрсысып қалдық. Содан бері бір-бірімізбен сөйлеспейміз. Тек суреттердің көмегімен ғана ойымызды жеткіземіз», — деп шындықты айтқан еді. 

 1939 жылы Ханна мен Барбераға көрермендерді қатты тартатын, зит болатын туынды ойлап табу тапсырылады. Дәл осы кезде Барбераның есіне Том мен Джерри түседі. Бастапқыда авторлар Джерриді титрда жай жай ғана тышқан деп көрсетіп, мысықтың атын Джаспер деп өзгертті. Оған қоса үй күтушісі, қараторы Мама-Екі-Тәпішке атты кейіпкерді енгізді.

 Осындай құраммен 1940 жылы «Етікпен тепкілген мысық» атты мультфильмге алғаш шыққан кейіпкерлер бірден «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Бәрі де жақсы болар еді, бірақ Джаспен деген ат мысыққа мүлдем жараспай-ақ қойды. Екінші мультфильмде Ханна мен Барбера мысықты қайтадан Том деп, ал атаусыз тышқанды Джерри деп атады.

Том мен Джерри
https://zasmeshi.ru

Халық назарын ерекше аударған кейіпкер

Халық назарын ерекше аударған мультфильмдегі кейіпкер – Мама-Екі-Тәпішке болды. Бұл бикешті аниматорлар мысықтың көзқарасымен көрсетпек болып шешті. Яғни, экранда екі тәпішке киген аяқтар ғана көрінеді. Оның басы мүлдем көрсетілмейді. Бірақ, 1950 жылы әлдебір көрермен әйелден студияға хат келді. Онда «Маған киномеханиктер үнемі ішіп алып, мас болып жүретін сияқты болады да тұрады. 

Өйткені Томның йесі экранға пайда болғалы бері біз тек оның аяқтарын ғана көреміз. Мен әбден қызығып өлетін болдым, оның түрін көрсетіңіздерші!» деп жазылған еді. Хатты оқысымен Фред Куимби Маманың басын салуға тапсырма берді. Осылайша «Том мен Джерридің» пайда болғанына он жыл өткен соң «Мысықтың сенбілік кеші» бөлімінде көрермендер «Маманы» толыққанды көре алды.

Том мен Джерри "Осар" сыйлығын жеті рет иемденді

«Том мен Джерри» жеті рет «Оскар» сыйлығына ие болды. Алғашқысын 1943 жылы алған. Кейбір жерлерінде ғана қысқаша сөз алмасқандары болмаса, жалпы ереже бойынша Том мен Джерри сөйлемейді. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, мультфильмде негізінен музыка маңызды рөл атқарған. Композитор Скотт Брэдли әр кейіпкердің іс-әрекетіне сәйкес әуендер жазып, джаз бен классикалық музыкалардың элементтерін біріктіріп, күрделі партитуралар жасады. Ал мультфильмдегі «бақытсыз» мысықтың зарлап жылағаны мен шыңғырған дауысын Уильям Ханна дыбыстады.

Джозефтің Уолт Диснеймен кездескісі келген екен

Америкалық аниматор, мультипликатор-суретші, «Том мен Джерри» мультфильмінің режиссері Джозеф Барбера 1911 жылы 24 наурызда Нью-Йоркте дүниеге келген. Ол еңбек жолын газетте суретші болып бастайды. 1929 жылы кинотеатрдан Уолт Диснейдің жаңа мультфильмі «Қаңқалар биін» көргеннен кейін, ерекше әсер алғаны соншалық, Уолт Диснеймен кездескісі келеді. Алайда, Уолтпен кездесудің мүмкіндігі туа қоймайды. Сөйтіп,ол «мультипликатор боламын» деген қатаң шешім қабылдайды.

 1930 жылы ол Макс Флейшердің студиясына суретші болып орналасады. 1937 жылы Джозеф «Metro-Goldwyn-Mayer» студиясында режиссер-мультпликатор Уильям Ханнамен танысып, өмірінің соңына дейін бірге жұмыс істейді. Джозеф Барбера мен Уилья Хана 1957 жылы өздерінің жеке «Hanna-Barbera» студиясын ашады.

https://my19edwin.livejournal.com

Бала Уильям суретші болатынына сенімді болды

Америкалық мультипликатор, режиссер, продюсер Уильям Денби Ханна 1910 жылы 14 шілдеде АҚШ-тың Нью-Мексика штатында дүниеге келді. Ол бала кезінен-ақ анимациялық өнерге үлкен қызығушылықпен қарайтын. Және болашақта суретші болатынына сенімді болды.

1920 жылдардың аяғында ол шағын суретті жарнама өндірісімен айналысатын фирмада жұмыс істейді. 1936 жылы Калифорнияңа келіп, шілде айында «Metro-Goldwyn-Mayer» атты ірі киностудияға режиссер болып жұмысқа орналасады. 1936 жылдың қыркүйегінде Уильям Ханна кейіпкерлері өзі құрастырған және бірінші рет есімі титрда көрсетілген «To Spring» мультфильмінің аңызға айналған «Капитан мен балалар» сериясы жарыққа шықты.

2001 жылдың ақпан айында Уильям Ханна жасының ұлғайғанына қарамастан өзінің соңғы «Crack-Ups» картинасына продюсерлік етті. 2001 жылы 22 наурызда 90 жасында Калифорниядағы үйінде қатерлі ісік ауруынан көз жұмды.