Стокгольм синдромының пайда болу себебі

Стокгольм синдромының пайда болу себептері

Стокгольм синдромы

Стокгольм синдромы психологиялық жағдайдың бір түрі. Мысалы қылмыскердің қолына кепілдікке алынған адам біртіндеп қылмескердің жағдайына кіріп, көмек үшін бергісі келетін жағдайды айтады. Көбінесе Стокгольм синдромымен кездескен адамдар қылмыскерді ұстағаннан кейін оған қызығушылық таныта бастайды.

Стокгольм синдромы кепілдікке көп бір топ адам түскен жағдайда күшейеді.

«Стокгольм синдромы» әдетте «кепілдік синдромы» деп түсініледі. Күнделікті өмірде де көрінеді.Мысалы  күнделікті өмірде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдар көбінесе күйеулеріне жала жаппайды.

Стокгольм синдромының пайда болу себебі
https://www.psychologos.ru

Стокгольм синдром тарихы

Бұл терминді 1973 жылдың тамызында Стокгольмде кепілге алған кездегі жағдайды талдау кезінде  криминалист Нильс Биджерот құрды. Сол жағдайда екі қылмыскер банкты тонау кезінде төрт еркек пен үш әйелді ұстады. Алты күн бойы олардың өмірлеріне қауіп төндірді. Бірақ кейде оларға біраз көңіл бөліп тұрды. Бұл драма бес күн бойы жалғасты, және тұтастай алғанда осы уақытқа дейін тұтқындалғандардың өмірін теңгерімде қалдырды.

Бірақ босатылған кезде күтпеген нәрсе болды. Жәбірленушілер қылмыскерлерді қолдап, оларды құтқаруға келген полиция қызметкерлеріне оларды ұстауға жол бермеді. Кейінірек, қақтығыс қауіпсіз түрде шешіліп, қылмыскерлерді түрмеге жапқан кезде олардың бұрынғы құрбандары оларға рақымшылық сұрай бастады. Олардың ішіндегі бір әйел түрмеге келіп қылмыскерге үйленген екен. Осы жағдай барлық психологтарды таңғалдырды.

Стокгольм синдромы пайда болу себептері
https://www.psychologos.ru

Себебі

Бұл синдроммен ауыратын адамдар қылмыскерді түсінуге тырысады.Жәбірленуші әлеуетті құтқарушылар қабылдаған шаралар оған зиян келтіруі мүмкін екенін жиі түсінеді. 

Бұл синдром Диктаторлық елдерде айқын көрінеді. Диктатор өз халқын жәбірлеп ,қорқынышта ұстаса да,сол елдің халқының жартысы оны жақтап сыйлайды. (Мысалы, СССР, Солтүстік Корея т.б).

Бірақ ғылыми психологиялық тұрғыдан қарағанда ғалымдар неліктен бұл синдром пайда болатынын нақты білмейді. Кейбір психологтардың айтуынша адамның өзіне деген сенімсіздігін түсіргеннен кейін адам басқа бір күш иесін құрметтей бастайды. Сондықтан бұл синдроммен ауыратын адамдардың жеке тұлғалық қасиетін(самооценка) жоғарлату керек. Сол кезде барлығы қалпына келуі мүмкін.