Стив Джобс әйгілі американдық өнертапқыш

Стив Джобс әйгілі өнертапқыш

Стив Джобс асыранды бала

Атақты Apple корпорациясының негізін қалаушы, әйгілі американдық өнертапқыш,бизнес-магнат Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Маутин-Вью қаласында дүниеге келеді. Алайда дүниеге жаңа келген бейкүнә жас нәрестенің анасы да, әкесіде де оны асыраудан бас тартады. 

Бұл жайында Стив Джобс 2005 жылы ең үздік Стэнфорд университетнің түлектерімен кездесу кешінде айтқан еді.”Мен сіздер секілді университет бітірген адам емеспін. Оқуды тастап кеткенмін. Неге? Барлығы мен туылмай тұрып басталған еді. Менің биологиялық анам тұрмысқа шықпаған жас аспирант. Маған жүкті екенін білгенде болашақ нәрестені өзі бағуға дауаламай,бағып алатын өкіл ата-ана іздепті. Өзі асырай алмайтын болған соң, тым болмағанда дүниеге келер баласының жоғары білімді,ауқатты отбасында тәрбиеленгенін қалапты. 

Сөйтіп,мені асырап алатын ауқатты отбасы да тез табыла қояды. Мен дүниеге келгенннен кейін анам әлгі отбасына телефон шалып:”Ұл босандым. Сіздер асырауға аласыздар ма?”-деп ең соңғы шешімдерін сұрайды. Сонда олар:”Әрине!”-деп жауап беріпті.

Бірақ ,өкінішке орай,асырап алғалы отырған болашақ анамның жоғары оқу орнын,ал әкемнің тіпті мектеп бітірмегенін білген өз анам мені оларға беруден бас тартыпты. Бірақ арада аз уақыт өткеннен кейін өкіл әке-шешем мені колледжде оқытатындарын айтып,жазбаша түрде уәде береді.

Стив Джобс және Пол Джобс
https://24smi.org

Стив Джобс ақылды студент

Сөйтіп,17 жасымда колледжге оқуға бардым.Бұл Стэнфорд секілді өте қымбат колледждердің бірі еді. Ата-анамның өмір бойы тірнектеп жиғанының бәрі менің оқуыма кетті.Бірақ  алты айдан кейін оқудың өзім үшін қаншалықты маңызды екенін түсіне алмадым. Тіпті өмірімде немен айналысқым келетінін, не істейтінімді және колледждің мен үшін пайдасы қандай екенін де білмедім. 

Сондықтан болар, текке ата-анамның жиған-тергенін далаға шашып жүргендей сезінетінмін. Сол себептен колледжді тастадым да, болашақта бәрі жақсы болатынына өзімді сендірдім. Әрине,бастапқы күндері қатты қорықтым,бірақ өткен өмірімді саралап қарайтын болсам,бұл менің өмірімдегі ең дұрыс шешім болғанын түсінемін.

Өйткені мен өзіме қызықты сабақтарға ғана қатысатын едім.Бірақ оқуды тастаған алғашқы кездері мен үшін бәрі тамаша бола салған жоқ. Жатақханада өз орным болмағандықтан достарымның бөлмесінде еденде ұйықтайтынмын. Ал күндіз Coca-Cola-ның бос шөлмегін өткізіп, тамақтанатынмын. Стив Джобс сол кездері каллиграфия өнерін үйрену курсына қатысатын. Оны бұл өнердегі әдемілік,нақтылық,шеберлік қызықтыратын. Он жылдан кейін алғашқы Macintosh компьютерін жасап шығарғанда каллиграфиялық білімінің Стив Джобсқа тигізген пайдасы орасан болады.

https://24smi.org

Apple компаниясы қалай құрылды?

1976 жылы 1 сәуірде Стив Джобс,Стивен Возняк және Рональд Уэйн – ушеуі бірігіп Apple Computer Co компаниясын құрады. Hewlett-Packard компаниясы сияқты Apple де алғаш гаражда пайда болады. Әкесі Стивке өзінің гаражын басы бүтін береді. Үш дос әлдебір жерден үлкен ағаш станок тауып әкеліп,ол компанич тарихындағы алғашқы конвейер болады.

 Жұмысты бастау үшін Стив өзінің микроавтобусын,ал Возняк сүйікті калькуляторын сатады. Осыдан түскен 1300 АҚШ доллармен жұмыстарын бастайды. Көп ұзамай жергілікті электроника дүкені оларға 50 компьютерге тапсырыс береді. Үш дос үшін бұл орасан үлкен тапсырыс еді.Оны жасауға ақшалары да жоқ болатын. Сосын Стив қажетті детальдарды 30 күнге несиеге ала тұруға келіседі.

 Ұйқыны да,демалысты да жиып қойып жұмысқа кіріскен үш дос елу компьютерді он күннің ішінде жинап шығады. Бірақ Уэйнге бұл жұмыс ұнамай,ол компанияның өзінің 10 пайыздық үлесін қалған екеуіне 800 долларға сатып,кетіп қалады. Екі Стив өздері жасаған Apple I және  Apple II компьютерлерін Hewlett-Packard және Atari компанияларына ұсынғанымен олар өзгешелеу,түсінікміздеу бұл жобаларды қаржыландырудан бас тартады.

Стив Джобс алғашқы Apple компьютері
https://24smi.org

Осы кезде белгілі қаржыгер Дон Валентайн ол екеуін тағы бір белгілі капиталист Армас Клифпен таныстырады. Армас ол екеуіне бизнес-жоспарларын жасауға көмектесіп, компанияға өз қаржысынан 92 000 доллар құяды және Америка банкінен 250 000 доллардың несие желісін ашып береді. Тынымсыз еңбек жемісін берген,ол жылы Apple Computer компьютер жасаушы танымал компанияға айналады.Сол жылы ашық нарыққа шыққан компания акциялары бір сағаттың ішінде сатылып кетеді. Ал Стив Джобс Америкадағы ең бай адамдардың бірі болады.

 Бұл жайында ол: “Мен өзімнің сүйікті ісіммен ерте айналыса бастадым.Стивен Возняк екеуміз Apple-дің негізін ата-анамның гаражында жиырма жасымызда қалаған едік.Сол үшін аянбай еңбек еттік.Осы еңбектің арқасында он жылдан кейін Apple 4000 қызметкері,2 миллиард долларлық айналымы бар үлкен компанияға айналды”,-дейді.

NeXT және Pixar компаниялары

Бірақ,өкінішке қарай,Стив Джобс 1985 жылы директорлар кеңесімен арада болған қақтығыстан кейін өзі негізін қалаған компаниядан жұмыстан босатылады. Әрине, бұл жағдай Стивке оңай соқпайды.”Мені жұмыстан шығарып жібергенде бірнеше ай бойы не істерімді білмей қатты қиналдым. Сол кездері тіпті алыс жаұұа безіп кеткім келетін. Бірақ бұл оқиға өмірімді түбегейлі өзгертті”,-дейді.

Стив Джобс NeXT компаниясы
https://24smi.org

Расында да ол қаншалықты күйзеліске душар болса ла қиындыққа мойымай,қайта есін жинап,NeXT деп аталатын жаңа компанияның негізін салады.”Мен кейін NeXT және Pixar компаниясын құрдым. Pixar ең алғашқы компьютерлік анимациялық фильмді жасап шығарды. Бәлкім, Apple-ден кетпегенде өмірім бұлай өзгермес пе еді?!”-дейді.

Apple-ға қайтып оралуы

Сөйтіп, ол 1997 жылы өзі іргетасын қалаған Apple компаниясына уақытша атқарушы директор ретінде қайта оралады. Ал 2006 жылы Walt Disney компаниясы Стив Джобстан Pixar акцияларын 7,4 миллиард долларға сатып алады. Сөйтіп, ол Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтіп, Disney компаниясы акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке тұлға болады. Меншігіне компанияның 7 пайызы өтеді.

https://24smi.org

Ал Apple интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, өзінің жаңа ноутбуктары және Iphoneн смартфондары мен iPad планшеттері арқылы қалың көпшілікке таныла түседі. Сөйтіп, Apple компаниясы “Гиннесс” рекордтар кітабына енеді. Ал Стив Джобс жалақысы ең төмен атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркеледі. Оның жылдық жалақысы 1 доллар болатын. Атқарған жұмысына сыйлық ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43,5 миллион доллар болатын Gulfstream реактивті ұшағын сыйға алады. Өкінішке орай, ол 2011 жылы 5 қазан күні 56 жасында ауыр дерттен қайтыс болады.