Скуби-Ду мультфильмі қалай пайда болды?

Скуби-Ду

Скуби-Ду тарихы

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында атақты «Ханна-Барбера» мультипликациялық студиясы шығарған. Скуби-Ду мультфильмі өте танымал болды. Бұл кейіпкердің авторы америкалық суретші-аниматор, кинорежиссер Ивао Такамото болатын. Ивао Такамото АҚШ-қа қоныс аударған жапон отбасында, Лос-Анджелесте дүниеге келген. Балалық шағы Калифорния лагерінде өткен ол сурет өнеріне ерекше қызыққан екен.

 Ивао алғашқы еңбек жолын 1947 жылы атақты «Дисней» студиясында суретшінің көмекшісі болып бастайды. Онда ол Диснейдің атақты туындылары «Күнқыз, Күлқыз», «Ұйқыдағы ару», «Ханшайым мен диуана» және т.б. мультфильмдердің жарыққа шығуына атсалысады. Сөйтіп, тынымсыз еңбегінің арқасында атақты «Дисней» аниматорларының «тоғыздығына» енеді.

Скуби-Ду
http://video.meta.ua

Скуби-Ду кейіпкерлері

1961 жылы Такамото атақты «Ханна-Барбера» студиясына қызметін ауыстырады. Онда ол белгілі мультипликатор Уилья Ханна мен Джозеф Барберамен бірігіп көптеген танымал мультфильмдердің кейіпкерлерін жасайды. Соның ішінде Такамотоға үлкен танымалдылық әкелген кейіпкер – Скуби-Ду төбеті еді. Сөйтіп, 1969 жылы мультфильмнің алғашқы «Скуби-Ду, қайдасың?» атты сериясы түсіріледі. Такамотоның айтуынша, кейіпкерді жасау туралы ой неміс догтарын ұстайтын адаммен әңгімелескеннен кейін пайда болыпты. Алайда ол кейіпкерінің неміс догтарынан айырмашылығы болуын қатты қадағалаған.

 Мәселен, иттің жотасын бүкір, иегін кішкентай қылып, түсіне қоңыр реңк беріп, аяқтарын қисық қылып жасайды. Кейіпкер ұсқынсыз, қорқақ болғанымен оның күтпеген оқиғаларға ілігіп, күлкілі жағдайларға тап болып жүретіні балалардың қызығушылығын арттыра түседі. Кейіпкер соншалықты ұсқынсыз болғанымен, төрт аяқты «батыр» алдыңғы екі аяғымен-ақ біраз нәрсе істеуге икемді болады. Оның алдыңғы екі аяғы қолдың қызметін атақарады. Мультфильм желісі бойынша Скуби-Ду бірнеше жылдар бойы «Құпия» корпорациясында тыңшы болып жұмыс істейді.

https://24smi.org

Танымал мультфильм

Ол қиын, қорқынышты жұмыстарға қарамастан, аңғал да аңқау мінезінің арқасында үнемі күлкілі жағдайларға тап болады. Сол себептен болар, оны достары да (Дафиа, Вельма, Фред) жақсы көреді және тыңшыға осы қасиеттері көп көмек береді.

 Ал 1976 жылы «Ханна-Барбера» студиясы мультфильмнің «Скуби-Ду шоу» атты жаңа сериясын түсіреді. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі телеарнадан көрсетілетін мультипликациялық фильмдердің мазмұнына зерттеу жүргізеді. Сол зерттеулердің нәтижесінде мультфильмдегі кейіпкерлердің белсенділігі, үнемі қозғалыста болатындағы кішкентай балалар үшін пайдалы деген ой түйеді. Үнемі қозғалыстағы, белсенді кейіпкерлер балалардың да қозғалыста болуына, өмірде белсенді болуға ынталандырады дейді. Бұл туралы «The Telegraph» газеті «Скуби-Ду» мультфильмі ең пайдалы мультфильм» — деп жазды.