Сильвестр Сталлоне балалық шағы
Сильвестр Сталлоне 1946 жылы 6 шілдеде АҚШ мемлекетінің Нью-Йорк қаласында дүниеге келеді. Сталлоненің ата-анасы итальяндық иммигранттар еді. Әкесі Фрэнк Сталлоне қалаларда шаштараздар мен сұлулық салондарды басқарған. Фрэнк Сталлоне қатал мінезімен және қатыгездігімен ерекшеленді.
Жас Сильвестр бұзық бала деп есептеліп, тіпті күрделі жасөспірімдерге арналған мамандандырылған мектепте оқыды. Сонымен қоса, бала туған сәтте оның бетіндегі жүйке жүйесі зақымданған. Он екі жыл некеден кейін Сталлонның ата-анасы ажырасқан. Сильвестр мен оның кіші інісі Фрэнк анасы Джаклин Сталлонмен бірге тұрады.
Оқу жылдары
Вьетнамдағы соғыс басталған кезде, Сталлоне Швейцарияға оқуға барады. Колледждің студенті және сол уақытта дене шынықтыру мұғалімі ретінде жұмыс істейді. Сол кезде болашақ актер алғаш рет театр әлеміне назар аударады.
Швейцариядан оралған Сильвестр Сталлоне Майами университетін драмалық өнер мамандығын түсіп, өмірін сахнамен байланыстыруға шешім қабылдады. Оқуды аяқтауға бір ай қалғанда, Сталлоне Нью-Йорк театрларын баурауға барады. Бірақ ешқандай нәтижесіз қайтады. Жас актердің бірінші рөлі 1970 жылы үлкендерге арналған фильмі болады.
Фильм
Танымал фильмнің режиссерлері жас актерді сөйлеуге байланысты қиындықтары үшіін қабылдамайды. Тек логопед арқылы ұзақ сабақтардан кейін, продюсерлер мен режиссерлер актерге көңіл бөледі. Сильвестр Голливудқа көшіп барған кезде «Флетбуштағы лордтар» атты фильміне түседі.
Сильвестрдің кино әлеміндегі маңсабы Chartoff-Winkler Productions бокс туралы фильмнің сценарийін ұсынған кезде жағдайы өзгере бастады. Келісім голливуд үшін арзан баға жасалды. Бірақ 1976 жылы шыққан “Rocky” фильмі өте табысты болды. Сильвестрге миллиондаған табыс және ең бастысы танымалдылық алып келді.
Режиссер мен сценаристтер осы фильмнің бірнеше бөлімін жасауға шабытанады. Үш жылдан соң «Рокки 2» шықты. Қалған бөлімдері 1982, 1985 және 1990 жылдары жарияланды.Сондай-ақ, күшті және танымал «Рэмбо» фильмі болды. Оның маңыздылығы сол кездегі Вьетнам соғысы арқылы басты назар аударды. Бұл фильм көптеген сиквелдерді алды. Осы фильмдер Сталлоне танымалдылығын арттырды.
Түскен фильмдері:
1976 — «Рокки»
1981 — «Ночные ястребы»
1982 — «Рэмбо: Первая кровь»
1986 — «Кобра»
1987 — «Изо всех сил»
1989 — «Танго и Кэш»
1991 – «Оскар»
1993 — «Скалолаз»
1993 — «Разрушитель»
1994 — «Специалист»
2010 — «Неудержимые»
2013 – «План побега»
2015 – «Крид: Наследие Рокки»
Сильвестр Сталлоне жеке өмірі
Жеке өмірі Сталлоне, көптеген Голливуд жұлдыздары сияқты, дау-жанжалдарға, шиеленістерге, есту мен ушығуға толы. Актер үш рет үйленді. Сталлоның американдық актриса Саша Закпен алғашқы неке құрғанына он бір жыл болды. Ол некеден екі ұлы Сейдж және Серджо дүниеге келді.
Сталлоне Дат моделі және актрисасы Бригитт Нильсенмен некеге тұрды. Бірақ неке тек бір жарым жылға созылд. Ал жұптың ортақ балалары болмады. Актердің үшінші некесі ең табысты болды. Ол американдық модель Дженнифер Флавинға 1997 жылы үйленді. Ал отбасында үш сұлу қыз София, Систин және Скарлетт дүниеге келді.