Рене Декарт ұлы математик,физик және философ

Рене Декарт ұлы математик және физик

Рене Декарт балалық шағы

Рене Декарт 1596 жылы 31 наурызда Лаэ қаласында дүниеге келді. Кейіннен бұл қаланың атауы «Декарт» деп өзгертілді. Рененің ата-анасы 16-шы ғасырда ақсүйектердің ұрпағы болды. Бірақ сол кезде олардың жағдайы нашар еді. Отбасында үшінші ұл болып туды. Декарт 1 жасқа келгенде , анасы кенеттен қайтыс болады. Болашақ танымал ғалымның әкесі басқа қалада сот төрешісі болып жұмыс істеді. Сондықтан ол балалармен сирек кездесетін. Декартты көбінесе әжесі асырады.

Кішкентай кезінен бастап Рене білімге деген қызығушылығын көрсетті. Бірақ оның денсаулығы нашар болатын. Рене алғашқы білімін «Ла Флеш» Иезуиттік колледжінде алды. Бұл оқу орны қатаң режиммен ерекшеленді. Бала Декарттың денсаулығын ескере отырып,кейбір жеңілдіктер жасады. 
 
Көптеген колледждердегідей, «Ла Флеш-те» білім беруі діни сипатта болды. Оған қарамастан жас Декартқа басқа философиялық идеяларға сыни көзқараспен қарауға үйретті.
Рене Декарт жас кезі
https://24smi.org/

Оқу кезеңі

Колледжде оқуын аяқтаған соң, Рене заң негізі туралы бакалавр дәрежесін алды. Содан кейін Парижде бірнеше уақыт өткізді. Ал 1617 жылы әскери қызметке түсті. Математик Нидерланды аумағында соғыс қимылдарына қатысқан. Сондай-ақ Прага үшін қысқы шайқаста болған. Голландияда Декарт физик Исаак Бекманмен дос болды.

Содан кейін Рене біраз уақыт Парижде тұрды. Оның ойларын иезуиттер білгеннен кейін, ғалым Голландияға кетіп қалады. Онда 20 жыл тұрған. Ғалым өзінің прогрессивті идеялар үшін қудалауға ұшырады.

https://24smi.org

Рене Декарт философиясы

Рене Декарттың философиялық көзқарасы дуализммен сипатталды. Ол дегеніміз идеалды зат немесе материяның бар болуы. Және бір және басқа қағидаттар оны тәуелсіз деп таныды. Рене Декарт тұжырымдамасы бойынша материализм мен идеализмнің қосындысы ретінде дуализм пайда болды. Және Құдай әлемді белгілі бір механизм ретінде жаратып іске қосты деп есептеді. Ол дегеніміз Құдай субстанция мен қозғалыстың жаратушысы және оны құраушысы болды.

Сонымен қатар ғалым  рационализм философиялық идеясын қолдады. Бұл жағдайда ғалымның білімі адамның табиғат күштеріне үстемдік ететініне байланысты алғышарт болып табылды. Рененің ғылыми еңбектері көбінесе рационализм идеясын көрсетеді.

Рене Декарт философиясы
https://24smi.org

Рене Декарттың философия саласындағы ізденістерінің көпшілігінің бастапқы нүктесі жалпыға бірдей қабылданған білімдердің дұрыстығына, ауытқуларына күмән тудыру болды. Ғалымның танымал афоризмі «Мен ойлаймын, яғни  өмір сүремін»(я мыслю – следовательно я существую) осыған  дәлел.

Математика және Физика

Рене Декарт жұмысының негізгі философиялық және математикалық нәтижесі «Әдістер танымы» кітабының жазуы болды. Кітапта көптеген алгебралық, аналитикалық геометрия негіздерін туралы қамтылған. Тағы бір сала оптикалық құбылыстар және сәуленің сынуы туралы зерттеген. 

Ғалым қазіргі уақытта математикада  қолданылатын экспоненттерді құрған. Өрнек кезіндебелгісіздіктерді «x, y, z» таңбаларымен және тұрақты мәндерді «a, b, c» белгілерімен белгілеген. Математик теңдеулердің канондық формасын дамытты. 

Математиканы және физиканы жетілдіру үшін маңызды жетістігі — координат жүйесін ойлап табу. Ғалым жүйені классикалық алгебраның тілінде дене мен қисықтардың геометриялық қасиеттерін сипаттау үшін оны енгізді. Басқаша айтқанда, Рене Декарт, координат жүйесі  қисық сызықтар теңдеуін талдауға мүмкіндік берді. Оның ерекше жағдайы — белгілі тіктөртбұрыш жүйесі. Бұл жаңалық теріс сандарды егжей-тегжейлі және дәл түсіндіруге мүмкіндік берді.

http://www.mathtask.ru

Математик  трансцендентальды функцияларды зерттеудің бірде бір әдісі жоқ деп мәлімдей отырып, алгебралық және «механикалық» функцияларды зерттеді. Декарт негізінен нақты сандарды зерттеді.Бірақ комплексті сандарды да  ескере бастады. Ол күрделі сандардың тұжырымдамасымен қатар, комплексті теріс сандар тұжырымдамасын енгізді.

Рене Декарт ұлы ғалым философ
https://24smi.org

Декарт әдісі

Ғалым тәжірибені  ақыл-ой ақиқатын растау  үшін қажет деп тұжырымдаған. Декарт өзінің бүкіл ғылыми өмірінде  ақиқатты іздестірудңғ  төрт негізгі компонентін ойлап тапқан. Олар:

1.Күмән туғызбайтын, ең айқын заттан бастау керек. 

2. Кез-келген мәселені тиімді шеші үшін, оны кішкене бөліктерге бөлуге керек.

3.Мәселені шешкенде қарапайымынан бастап біртіндеп күрделіге көшу керек.

4.Әрбір бөліктердің зерттеу нәтижелерін бірнеше рет тексеру керек. Себебі соңында объективті тұжырым жасау үшін.

Жеке өмірі

Рене Декарттың жеке өмірі туралы деректер өте аз. Замандастар оны тұйық, жалғыздықты ұнататын адам болған дейді. Бірақ жақын адамдармен жақсы қарым-қатынаста және  керемет белсенділікпен сөйлескен. 

Кемелді жасында, қызметші қызға ғашық болған. Бңраз уақыттан кейін Франсина қызы болды.Қыз заңсыз туылған болатын. Бес жасында скарлатин ауруынан  қайтыс болды. Ғалым қызының өлімін өміріндегі ең үлкен қайғысы деп атады.

1649 жылы ол Стокгольм қаласына қоныс аударды. Онда оны Швецияның Ханшайымы Кристина шақырды. Соңғысы жылдары Декарт Швецияда өмір сүрді. Кристина ғалымның ақылына қайран қалды. Ханшайым ғалымға  мемлекетінің астанасында тыныш өмір сүруге уәде берді. Өкінішке орай, Стокгольмдегі өмірі ұзаққа созылмады.Ғалым көп ұзамай суыққа шалдығып, пневмония ауруымен ауырады.  Ғалым 1650 жылдың 11 ақпанында қайтыс болады.