Прокси-сервер туралы қызықты деректер

Прокси-сервер туралы қызықты деректер

Прокси-сервер дегеніміз не?

Прокси-сервер (ағылшын тілінен proxy — «өкіл», «авторизацияланған») — бұл пайдаланушы мен мақсатты сервер арасындағы делдал ретінде әрекет ететін компьютерлік желі аралық сервер. (бағдарламалар жиынтығы). Қызметі пайдаланушыларға басқа желілік жауап алуға мүмкіндік береді. Біріншіден, пайдаланушы прокси-серверге қосылып, басқа серверде орналасқан ресурсты (мысалы, электрондық пошта) сұрайды. 

Содан кейін прокси-сервер көрсетілген серверге қосылады және одан керекті ресурсты алады. Кейбір жағдайларда, пайдаланушының сұрауымен немесе сервер жауаптарын нақты мақсаттар үшін прокси-сервермен өзгертілуі мүмкін. Ең басты ерекшелігі компьютерді желілік шабуылдардан қорғайды және қолданушының жасырын болуына мүмкіндік береді.

Прокси-сервер дегеніміз не?
hyperhost.ua

Түрлері

Ашық прокси. Ол трафик немесе оның бір бөлігін прокси серверге тікелей (маршрутизатор арқылы) қайта бағыттай алатын байланыс схемасы. Сонымен қатар, сервердің артықшылықтары браузердің қосымша параметрлерінсіз (немесе Интернетпен жұмыс істеу үшін басқалары) пайдалана алады. Мысалы: route–p add 10.32.5.5 mask 255.255.255.255 10.32.1.14.

Кері прокси. Тікелей прокси-серверден айырмашылығы, сыртқы желіден пайдаланушының сұрауларын ішкі желіге логикалық түрде орналасқан бір немесе бірнеше серверлерге жіберетін прокси-сервер. Көптеген желілік жүктемені бірнеше веб-серверлерде теңдестіруге және олардың қауіпсіздігін арттыруға пайдаланылады.

Прокси-сервер түрлері
PROXY-TOP.info

Қолдану мақсаты

Прокси-серверлерді келесі мақсаттарда қолданылады:

1. Деректерді кэштеу. Егер бірдей сыртқы ресурстар жиі қол жеткізілсе, олардың көшірмесін прокси-серверлерде сақтауға болады. Осылайша арнадағы жүктемені сыртқы желі арқылы азайтады және сұралған ақпаратты жылдамдатады. Бірақ қазіргі таңда динамикалық контенттңғ дамуынан кэштеу өзектілігін жоғалтты.

2. Деректерді қысқарту. Прокси-сервер интернеттен ақпаратты жүктейді және ақпаратты соңғы пайдаланушыға қысылған(сжатие данных) түрде жібереді. Мұндай прокси-серверлер көбінесе клиенттің сыртқы желілік трафигін немесе ішкі серверді сақтау үшін пайдаланылады.

3. Жергілікті желіні сыртқы қатынаудан қорғау. Мысалы, прокси-серверлерді жергілікті компьютерлер сыртқы ресурстарға ғана қол жеткізе алатындай етіп конфигурациялауға болады. Нәтижесінде сыртқы компьютерлер жергілікті компьютерлерге мүлдем кіре алмайды.

4. Жергілікті желіден сыртқы қатынауды шектеу. Мысалы, белгілі бір веб-сайттарға кіруге тыйым салу, жергілікті пайдаланушыларға интернетті пайдалануды шектеу, трафикті өткізу қабілетіне квота белгілеу, жарнамалар мен вирустарды бақылауға болады.

https://www.lifewire.com/

5. Түрлі ресурстарға қол жеткізуді анонимизациялау. Прокси-сервер сұраныстың немесе пайдаланушының көзі туралы ақпаратты жасыра алады. Бұл жағдайда, сервер тек IP мекенжайы туралы ақпаратты көреді. Бірақ дереккөздің шын екенін растай алмайды.

6. Шектеулерге қарсы айналма жол табу. Прокси-серверлер белгілі бір ресурстарға қол жеткізу үшін қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар бұл сервердің ең танымал функциясы.

7. Интернеттің кез-келген пайдаланушысы қол жеткізе алады. Ең тамашасы кез келген адам тегін түрде қолдана алады.