Полиэтиленді пакеттер күнделікті қолданысқа жаппай енгелі қашан?! Сол пакетті таппай қалсақ, жер-көкті шарлап іздеп кететініміз де рас. Сонда бұрын ата-бабаларымыз онсыз қалай күн көрді екен? Қоршаған ортаға деген зиянын біле тұра, олардан мүлдем бас тарту мүмкін болмай тұр. Бұл өзі қашан, қайдан шықты деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Тарихқа көз жүгіртсек, пластикалық пакеттердің жаппай өндірісі 1957 жылдары АҚШ-та басталды. Араға 20 жыл салып, 1977 жылы супермаркет сөрелерінде сатылымға шықты.