Ну,погоди! мультфильмі қалай және қашан түсірілді?

Ну,погоди! мультфильмі

Ну,погоди! тарихы

Негізі Ну,погоди! мемлекеттік тапсырыспен түсірілген мультфильм. Шенеуніктер Уолт Диснейдің мультфильмдеріне тең дәрежеде жауап қайтару үшін осы мультфильмді түсіруге қомақты қаржы бөледі.

 Мультфильмнің туу тарихы жайында сценарий авторларының бірі Александр Курляндский былай дейді: «40 жыл бұрын бізді «Союзмультфильм» киностудиясында шақырып, күлкілі туынды жасауымызды сұрады. Біз екі жұп болдық. Курляндский – Хайт және Камов – Успенский. Біз жас әрі танымал сықақшылар едік. Хайт екеуміз сюжет ойластырдық. Ойлана келе, бұл қуғын фильмі болу керек деп шешіп, кімнің кімді қуатынын таңдадық. 

Сөйтіп, өзіміздің халық ертегілерімізге лайықты екі жұпқа тоқталдық. Менін ойымша, біздің ойлап тапқанымыз – диснейлік жыртқыш емес, өзі қазған орға өзі түсіп жүретін аңқау қасқыр болды. Басында бізге бейне шеберлік жағынан Камов көмектесті. Бірақ кейіннен Хайт екеуміз жұмыс істедік. Бастапқыда көптеген режиссерлер біздің «түкке тұрмайтын» ойымыздан бас тартқан болатын. сонда режиссер Вячеслав Котеночкин ғана бұдан бірдеңе шығады » деп үміттенеді.

Ну,погоди мультфильм тарихы
Publika.md

Ну,погоди! алғашқы шығарылым

Мультфильмнің ресми режиссері Котеночкин болған. Бірақ алғашқы шығарылымы режиссері Сокольский екенін біле бермейміз, Сокольскийдің қасқыр мен қояны цензураға ұшырайды. Басшылыққа қасқыр мен қоян образдары жауыз болып көрінгендіктен, кейіпкерлердің имиджін түбегейлі өзгерту ұсынылады.

 Себебі, кеңес балаларына мейірімді қаһармандар керек еді. Қайта жасауға суретші Сокольский келіспей, әрі қарай жұмыс істеуден бас тартады. Сөйтіп, Сокольскийдің орнына Котеночкин іске кіріседі. Котеночкин қасқырды өз икемінен және өз жүріс тұрысынан жасап шыққандығын жасырмайды.

 Ол қасқыр дауысын Высоцкийдің дыбыстағанын қалап, оның қырылдаған даусымен сынақ жасап көреді. Бірақ, Высоцкийдің дыбыстағаны да басшылыққа ұнамайды. Сосын Высоцкийдың орнына Анатолий Папанов тағайындалады. Высоцкийден Ну,погоди! «Вертикаль» фильміндегі қасқырдың әуенді ысқырығы ғана қалған еді.

http://www.tvc.ru

Қасқырды дыбыстаған Анатолий Папанов

Барлығы 20 сериядан тұратын бұл мультфильмнің түсірлуі жұмыстары 1969 жылы басталған. Бірінші бөлімінен-ақ көпшіліктің көңілінен шыққан Қасқыр мен Қоян туралы оқиғаның 16 бөлімі «Союзмультфильм» студиясында 1986 жылға дейін түсірілген. Мультфильмде қасқырдың дауысын дыбыстаған – Анатолий Папанов болса, қоянның дауысын Клара Румянова дыбыстады. 

Өкінішке қарай 1987 жылы Анатолий Папанов қайтыс болып, «мультфильмді қалай дыбыстаймыз?» деген мәселе туындайды. Өйткені, Папановтың өлімінен кейін басты кейіпкердің өмірін елестету мүмкін емес еді. Алайда, халықтың кейіпкерлерге деген махаббатының арқасында жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданады. 

Бір қуантарлық жайт, студиядан Папановтың дауысы жазылған таспалар табылады. Алдыңғы сериялардың дыбысталуының бөлшектері, үзіліс кезінде актерларға айтылған анекдоттар, осының бәрін пайдалана отырып, тағы екі фильм пайда болып. Бұл екі туынды да 1993 жылы «Союзмультфильм» студиясы мен «Студия 13-те» түсіріледі. 17-шығарылым 1993 жылы, ал 18-шығарылым 1994 жылы көрермен назарына ұсынылады. 

Бұл сериялардың да режиссері Вячеслав Котеночкин. Ал, қоюшы-суретшісі оның ұлы Алексей Котеночкин болды. 19-20 шығарылымдар 2005 жылы «Кристмаз Филмз» студиясында түсірілді. Ол бөлімдерде Қасқырды сатирик-сықақшы Игорь Христенко, ал Қоянды жас актриса Ольга Зверева дыбыстайды.

Қоянды дыбыстаған Клара Румянова

Клара Румянова – зор дауысымен танымал болған кеңестік кино, радио актрисасы болатын. 300-ден астам кеңестік мультфильм кейіпкерлерін дыбыстаумен танылған РКФСР-дің Еңбек сіңірген әртісі.

 Клара Румянова 1929 жылдың 8-желтоқсанында Ленинградта дүниеге келген. Бала кезінде Клараның дауысы өте жіңішке болған екен. 10-сыныпта оқып жүргенінде Любовь Орлова түскен фильмді көріп, «мен де актриса боламын» деген шешім қабылдайды. 1940 жылдың соңында Мәскеуге көшіп келе сала Мемлекеттік кинематография институтына (ВГИК) тапсырып, оқуға түседі. 

Ол жерде Сергей Герасимов пен Тамара Макаровадан дәріс алады. Студент кезінде-ақ концерттерге жиі қатысатын болған. Бірде Клара қатты суық тигізіп алады. Содан өкесі қабынып, бір айдан астам ауруханада жатып, өлім аузынан қалады.

http://www.aif.ru

Сөйтіп, дауысын жоғалтады. Ұстазы Сергей Герасимов оны фониаторға көрсетеді. Дәрігер оған: «Бұл аурудан кейін қалай ән салатынын білмеймін? Бірақ, сөйлей алатын болады» деп жауап береді. Жарты жыл бойы Сергей Герасимов Клара Румяноваға сөйлеуге, тіпті сыбырлап сөйлеуге тыйым салады.

 Олар тек хат арқылы ғана сөйлеседі. Оның дауысы толықтай қалыптасып болғаннан кейін, Клара жуан дауыспен сөйлей бастайды. Осының арқасында миллиондаған кино көрермендеріне танымал болады. Ол қоянның дауысын 18-бөлімге дейін дыбыстайды. 1990 жылы қаражат тапшылығына байланысты сериал түсіру жұмыстары тоқтатылғанда, ол қатты өкінген еді. Клара Михайловна соңғы бөлімдердің шығуын күте алмады. Ол 2004 жылдың 18-қыркүйегінде қатерлі ісіктен көз жұмды.