Никола Тесла — XX ғасырдың ұлы ғалымы

Никола Тесла ұлы ғалым

Никола Тесла — инженер, физик, ХХ ғасырдың ең ірі өнертапқышы және ғалымы. Оның ғылыми жаңалықтары әлемді мәңгіге өзгертті. Оның өмірі мен жұмысы керемет оқиғаларға толы болды. Тесла индустриялық революцияның екінші кезеңінің бастаушысы ретінде болды. Тесла  электр қозғалтқышы, генераторы, көпфазалы жүйелер мен айнымалы тоқты жасағаны үшін әлемге танымал болды. Бірақ Тесла физика және электротехникаға өте көптеген жаңалықтар енгізді.

Никола Тесла балалық шағы

Никола Тесла 1856 жылы 10 шілдеде дүниеге келді. Атақты ғалымның әкесі Милутин Тесла діни қызметкер болған. Ал анасы Джорджина Тесла  балаларды тәрбиелеп үй шаруасымен айналысқан және шіркеудегі күйеуіне көмектескен. Николаның үш сіңілісі мен бір бауыры болған. Бауыры бала кезінде  қайтыс болды. Никола отбасымен Сербияның  Госпик қаласынан 6 км қашықтықтағы Смиляна ауылында тұрды. 

Бүгінде ғалымның туған жері Хорватияда, сол кездегі Австрия-Венгрия аумағы болды. Тесла бірінші сынып оқуын ауылында оқыған.  Ауыр жағдайға  және мұғалімдердің жетіспеушілігіне қарамастан жас ғалымға сабақ оқу қатты ұнады.Содан кейін отбасы Госпич қаласына көшеді. Қалған оқуын қалалық мектепте оқиды.

Оқуды бітіргеннен кейін ол үш жылдық гимназияға барады. Бала кезден бастап жауапкершіл болуды үйренеді. 1870 жылдың күзінде ол Карловаға барып, жоғары училищиеге түседі. 1873 жылы Никола Тесла училищиені аяқтағаны туралы куәлік алады.Ата-анасы баласының діни қызметкер болуын армандайдыы. Сондықтан Тесла діни кітаптарды оқи бастайды. Бірақ Николаның басқа қызығушылықтары болды.

Сол уақытта Госпичте  холераның эпидемиясы пайда болды. Қала тұрғындарының оннан бірі қайтыс болды.  Тесланың бүкіл отбасы ауырып қалды. Сондықтан ата-анасы Николаға үйіне оралуға қатаң тыйым салады. Біраз уақыттан кейін Николада осы аурумен ауырады. Тоғыз ай бойы қиналып аурумен күреседі. 

Дәрігерлер бұл жағдай үмітсіз ешкім көмектесе алмайды деп ата-анасы айтады. Сол кезде Никола әкесіне : «Егерде тірі қалсам инженерлік ғылыммен айналысқым келеді» деп айтады. Әкесі Николаға: «Жазылып кетсең Еуропадағы танымал Университтерінде оқисын» деп уәде берген екен. Осыдан кейін таныс емші үрмек бұршақ қосындысын беріп Тесланы емдеп шығады.

Никола Тесла жас кезі
https://24smi.org

Еуропадағы жұмысы мен оқуы

1875 жылы Никола Тесла Грациядағы (қазіргі Грац техникалық университеті) жоғары техникалық университетінде электротехниканы оқып жүрген. Бірінші курс уақытында  Грам машинасын көріп, ол қозғалтқыштың толыққанды жұмыс істеуіне тұрақты тоқ кедергі екенін түсінеді. Бірақ Университет мұғалімдері оны машинанының ешқашанда айнымалы тоқта жұмыс істемейтінін айтады.

1879 жылы әкесі қайтыс болды. Отбасыға көмектесу үшін Никола Госпицстегі гимназияда мұғалім ретінде жұмысқа орналасты. Келесі жылы оны туыстары  қаржыландырып Прага университетінің философия факультетінің студенті болады. Бірінші семестрден кейін оқудан шығып, Венгрияға барады.

1881 жылы Будапештке көшіп, Орталық телеграфтың инженерлік бөлімінде дизайнер және суретші ретінде жұмыс істейді. Мұнда ол прогрессивті өнертабыстарды зерттеуге, эксперимент жасауға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Осы уақытта Тесла айнымалы тоқтпен жұмыс істейтін қозғалтқыш ойлап табады.

Никола Тесла жас кезі
https://24smi.org

Екі айдың ішінде фазалы және көпфазалы қозғалтқыштарды және барлық жүйелерді ойлап табады. Тесла жұмысының басты жаңалығы үлкен энергияны кез келген аймаққа тез әрі жылдам көшіру болып табылады. Сол арқылы көше шамдарын, зауыттық машиналарды және тұрмыстық техниканы қуаттауға мүмкіндік берді.

1882 жылы ол Парижге көшіп, Edison Continental компаниясында жұмыс істейді . Компания Страсбургтағы теміржол вокзалы үшін электр станциясын салу бойынша жұмыс жасады. Тесла онда жұмыс мәселелерін шешу үшін жұмысқа тұрды.  1883 жылы асинхронды электр қозғалтқышын жасап, Страсбург мэріне көрсетеді. 

АҚШ-қа сапары

1884 жылы ол Парижге қайтып келеді. Бірақ басшылық уәде етілген сыйақыны төлеуден бас тартады. Қатты ызалы болған Тесла  Америкаға баруға бел буады. 6 шілдеде Нью-Йоркке келді. Edison Machine Works-да электр қозғалтқышы және тұрақты тоқта жұмыс істейтін генераторларды жөндеу айналысады.

Тесла өзінің сүйікті жұмысына — жаңа айнымалы тоқта жұмыс істейтін қозғалтқышты ойлап табуға тырысады. Бірақ бұл ойы сол кездегі танымал өнертапқыш Эдисонға ұнамады. Эдисон туралы мына жерден оқи аласыз: Томас Эдисон ең танымал үздік өнертапқыш

Екі өнертапқыш арасында келіспеушіліктер болды. Бір кезде екеуі қатты жан жалдасып бәсекеге келеді. Егерде Никола Тесла машиналары жұмыс істемейтін болса миллион доллар төлеуге мәжбүр болады. Бірақ Никола Тесла бұл бәсекені жеңіп шығады. Алайда Томас Эдисон миллион доллар беруден бастартады.

 

https://24smi.org

Өнертапқыш осы қылықтан кейін Эдисоннан кетіп қалады. Біраз уақыт жұмыссыз болады. Ақша табу үшін кез келген ауыр жұмыстарды істейді.(Жерді қазу). Бұл кезеңде ол Инженер Браунмен танысып, ғалымның идеялары туралы барлық адам біле бастайды. Бесінші авенюда Браумен мен бірге  Никола жаңа зертхана ашады. Компания Tesla Arc Light деп аталады. Компания  көшелерге арналған шамдарды шығарады.

1888 жылдың жазында Тесла американдық Джордж Уэстингхаусмен ынтымақтастықты болады. Кәсіпкер өнертапқыштан бірнеше патенттер мен арнайы шамдарын сатып алады. Өзінің алдында ұлы ғалым екенін түсініп барлық идеяларын патентін сатып алады. Кәсіпкер өзінің зертханасында жұмыс істеуге шақырады. Бірақ Тесла ұсыныстан бастартады. Себебі оның идеяларына еркіндік керек болды.

1888-1895 жылдары Тесла үшін сәтті уақыт болды. Ғалым жоғары жиілікті магниттік өрістерді зерттеді. Американдық электротехникалық институт оны дәріс оқуға шақырады. Электрик инженерлердің алдындағы жұмыс бұрын-соңды болмаған табысқа ие болды.

1895 жылы, 13 наурызда Тесла зертханасы өртеніп кетеді. Оның соңғы жаңалықтары сол өртте жойылып кетеді. Ғалым өзінің барлық өртенген жаңалықтарын қайта еске түсіріп жазуға бел буады. Niagara Falls компаниясы  100,000 доллар көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Тесла күзде жаңа зертханада жұмыс істей бастайды.

Никола Тесла жаңалықтары

Никола Тесла жаңалықтары
https://24smi.org

Астрономиялық бақылаудағы телескопқа ұқсас электр энергиясын беруде әрекет ететін Жерді қозғау үшін күшейтетін трансформатор;

Жарықты сақтау және беру әдісі;

Өріс теориясы (айналмалы магнит өрісі);

Айнымалы тоқ;

Айнымалы мотор;

Teсла катушкасы;

Радио;

Рентген сәулелері;

Таратқышты күшейту;

Никола Тесла турбиналары;

Көлеңкелі фотоаппарат;

Неондық шамдар;

Асинхронды қозғалтқыш;

Электродинамикалық индукциялық шам;

Қашықтықтан басқару пульті;

Электрлік субмарин;

Робототехника;

Tesla-ның озон генераторы;

Суық өрт;

Сымсыз байланыс және шексіз тегін энергия;

Лазер;

Плазмалық шар;

Шар найзағайын өндіруге арналған қондырғы;

Жеке өмірі

Тесла өте ерекше адам болған.  Көптеген әйелдер оған ғашық болды. Бірақ оған қарамастан ешқашан үйленбеген.Тесланың ойы бойынша отбасы мен ғылыми жұмыс сәйкес емес заттар. Өмірінің соңына дейін ешқандай әйелмен кездеспеген.

Тесла ата-анасының үйінен кеткеннен кейін,  өзінің жеке үйі болмаған. Ол зертханада немесе қонақ үй бөлмелерінде тұрды.Тесла: » Мен күніне екі сағат ұйықтадым және 84 сағат жұмыс істедім бірде шаршаған жоқпын» дейді. Сонымен қатар ол невроз және обсессивті-компульсивті бұзылулардан зардап шекті.Тесла 86 жасқа дейін өмір сүрді. Өмірінің соңғы кезін Нью-Йорктегі қонақ үйде өткізген.