Махатма Ганди Гуманист,көшбасшы,үнді ұлтының әкесі

Махатма Ганди

Махатма Ганди өз Отанының тәуелсіздігі үшін күресті және тарихқа «үнді ұлтының әкесі» ретінде енді. Оның жалғыз қаруы – күш қолданбау қағидасы болды. Бейбітшілік пен махаббат идеясын насизайттай жүріп, ол бүгінгі әлемнің ең көрнекті рухани көшбасшыларының біріне айналды.

Махатма Ганди биография

Мохандас Карамчанд Ганди 1869 жылы Гуджарат штатының Порбандар атты шағын кнәздігінде дүниеге келді. Ол үшінші үнді кастасына – бақалшылар кастасына жататын. Отбасы айтарлықтай ауқатты болды: әкесі провинцияның бірінші министрі еді. Гандидің бүкіл тағдырына анасының терең діндарлығы үлкен әсер етеді: анасы шыдамдылықты насихаттайды. 1888 жылы Махатма Ганди құқық бойынша білім алу үшін Лондонға аттанады. Бұл орайда ішімдік пен әйелге жоламауға, сондай-ақ ет жемеуге ант береді. Ағылшын астанасына барған соң ол Еуропа сәнімен киініп, биден сабақ алады. Алайда бұл жерде өзін жат сезінген Ганди өзінің ұлттық тамыры жайында ойлана бастайды. Курсты тәмамдағаннан кейін адвокаттар одағына кіргенімен артынша Үндістанға қайтып оралуға шешім қабылдайды.

Махатма Ганди
https://24smi.org

Оңтүстік-Африкалық тәжірбие

Оның сотта (Бомбейде) алғаш сөз сөйлеуі сәтсіздікпен аяқталады: ол өзін қорғайтын сөз айта алмайды. Ол уақытты Гандидің бойында 1930 жылдары халықтың үлкен тобын өзіне қаратқан ерекше дарындылық (харизма) жоқ болатын. 1893 жылы ол өз отандастырының мүддесін қорғау үшін Оңтүстік Африкаға аттанады. Және 1915 жылға дейін (арасындағы үзілістерімен) сонда тұрады. Гандидің өзінің айтуынша, бұл оңтүстік-африкалық екі жыл оның тағдырындағы шешуші кезең болып табылады. Ол үнді қауымы азап шегіп жатқан шыңғырған шындықты танып, қызу түрде үкіметке берілетін арнаулы өтініштерді дайындайды, биліктің ресми құжаттарын өртеп, оған қарсы шығады.

 1908 жылы ол алғаш рет тұтқынға алынады. 1913 жылы әлеуметтік бассыздықтың жаңа әрекеттерімен бетпе-бет келген Махатма Ганди билікке өз талаптарын қою үшін Трансвааль маршын қабылдайды. Әйтсе де, қайта қамауға алынған ол нәтижесінде тым болмағанда ұлттық теңсіздіктің ең жексұрын формаларын айыптайтын пактың жазылуына қол жеткізеді (пакт-келісім-шарттардың бірі). Бұл оның бірінші жеңісі еді. Оңтүстік Африкада Ганди Англияға қарсы шығуға  рухани күш-жігер жинайды. Табысты адвокат санатындағы ол кез-келген молшылықтан бас тартып, Дурбаның маңында ашрам деп аталатын ферма-коммунаның негізін қалайды, сонда тақуалықты, вегетариандықты, кедейлік пен тазалықты насихаттайды. 

Оның философиясы өзінің болмысы жағынан тұтастай алғанда түрлі діни сенімдер мен ілімдерді біріктіре отырып, өмір салтымен де үйлесім табады. Христостың адамгершілік ерліктері тамсандырған Ганди Құрады да беріле оқиды. Сондай-ақ Лев Толстойдың, Генри Тороның («Азаматтық бағынбауышылық»), Джон Рёскиннің шығармалары оның зор қызығушылығын тудырады. Алайда оған бәрінен де индуизм мен оның басты киелі мәтіні, зорлық-зомбылықты айыптайтын және тән құштарлығының құлдылығынан құтылуға шақыратын «Бхагаватгита» («Ізгі Құдайдың әні») күшті әсер етеді.

https://24smi.org

Тұзды марш

1930 жылы 5 сәуірде солтүстік-батыс Үндістандағы Данди жағасында жалғыз ғана белге орайтын таңғышы бар кішкентай бір адам уыстап тұз жинап жүрді. Бұл қарапайым әрекет іс жүзінде бостандық пен ар-намыстың белгісіне айналады: Ганди осынысымен британдық билікке қарсы шығады. Тұзға қатысты жаңа сауда баж салығына қарсы жиырма төрт күндік қарсылық маршы орасан зор табысқа ие болады. 78 серіктесімен бірге шыққан ол 350 шақырымнан астам жолды жаяу жүріп өтеді. Өзі өткен әрбір деревняда Ганди күресінің мақсатын түсіндіріп, қанаушы ағылшындарды көпшілік алдында масқаралайды. Барлық ұлттық және әлемдік баспасөз оның «қажылығын» жіті бақылап отырды. Махатма Ганди бұл орайда қашанда күш қолдануға сүйенбейтін азаматтық бағынбаушылыққа шақыратын жалғыз ғана қағиданы басшылыққа алды. Оның бастауымен мыңдаған отандастары да теңізге жетіп, заңсыз түрде тұз жинай бастады. Осы бір кішкентай адамның дегеніне жеткені соншалық, тіпті ең кедей үнділер де өздерінің күші мен ар-намыстарын сезінді.

Махатма Ганди немесе "Ұлы жан"

Махатма Ганди 1915 жылы Үндістанға оралған кезде, оны ұлттық батыр ретінде қарсы алады. Ол балалық шағы жайлы естеліктерін жаңа әсерлермен байыту үшін қала ішіне саяхат жасайды. Барлық жерде кедейліктің шегіне жеткенін көрген Ганди бұған ағылшындарды басты кінәлі санайды. Және ол өзі кейін «Сатьяграха»(«Шындық күші») деп атаған әдіске жүгінуге шешім қабылдайды. Гандидің ойынша, адам әділетсіз және зұлым қарсылыққа тап келсе, ол оған адамгершілік күшімен және жақындарына деген махаббатымен қарсы тұруы керек. Махатма күш қолданбау қағидасымен қанаттана отырып, азаматтық бағынбаушылық пен пассив қарсылық науқанын бастайды.

Махатма Ганди
https://24smi.org

Мұндай маңызды акция ретінде ол 1919 жылы 6 сәуірде «хартал» ұйымдастырады (жалпы көтеріліс). Мұны ол Үндістанға ағылшын үкіметінің төтенше өкілеттілігін кеңейтетін Роулетт заңдарына қарсылық белгісі ретінде өткізеді. Табыс көзге айқын көрініп тұр еді: оның ағылышындармен ынтымақтастықтан бас тартуға үндеуі Үндістан ұлттық конгресі партиясының (өзі оны 1920 жылдан басқарады) бағдарламасына негіз болып, елдімекенлерлі көптеп қамти бастайды. Ол ауыл экономикасын жандандыруға ұмтылып, үнділер өздерінің киімдерін шығарулары үшін британдық өндіріс киімдерін өртеуді ұсынады.

 Алайда 1922 жылы ағылшын тауарларына бойкот қозғалысы тоқтап қалады: Махатма Ганди тұтқындалып, алты жылға абақтыға қамау туралы үкім шығарылады. Екі жылдан кейін ағылшын билігі Гандиден азап шегуші жасаудан қорқып, оны түрмеден шығарады. Енді Махатма «сотқа жүгіне алмайтын» касталарға (зерттеушілер «сот жоқ каста» деп те атайды) ерекше көңіл аудара отырып, халықты ағартуға кіріседі. Өйткені 70 миллиондай үнділік тұрғын нас саналып, былғаныштарды тазалау сияқты ең лас жұмыстарға жегілген еді.

 Ганди өз ашрамына «сот жоқ касталарды» да қабылдап, осы тәріздес дәстүрлерге қарсы күресті. Түрмеде болған кезінде (1932) «Бапу»(«Ұлы әке», сол кезде оны осылай атаған) қоғам назарын төменгі кастаның кедейлігіне аудару үшін аштық жариялайды. Оның үні көпшілікке жетті: «сот жоқ касталар» үшін ғибадатханалардың есігі ашылды және индустар да осы бір «Құдай балаларының» (Ганди атағандай) қолынан ас жеу үшін сонда ұмтылды.