Луи Пастер әлемге әйгілі ғалым, микробиолог

Луи Пастер әйгілі ғалым микробиолог

Луи Пастер балалық шағы

Луи Пастер болашақ микробиолог 1822 жылдың 18 қыркүйегінде Дойл қаласында (Франция) дүниеге келді. Луидің әкесі Жан Пастер өзінің Наполеониялық соғыстарға қатысқандығын атап өтіп, кейіннен былғары шеберханасын ашты. Әкесі  сауатсыз болды. Бірақ ол ұлына жақсы білім беруге тырысты.

Луи мектепті сәтті бітірді. Сосын оның қолдауы арқасында колледжде оқыды. Бала мұғалімдерді өз білімімен таңқалдырған. Пастер өз зерттеулерінде табандылық таныту керек деп есептеген. Және оның апа-сіңілілерімен хат алмасып, оқуға деген ниетін айтады. Колледжді бітіргеннен кейін Луи Парижге Жоғары  Мектепке түсу үшін көшіп келді. 1843 жылы талантты жігіт түсу емтихандарын тапсырады.Эмтиханды жақсы тапсырып және төрт жылдан кейін беделді оқу орнының дипломын алды.

Луи Пастер жас кезі
https://24smi.org

Сонымен қатар, Пастер сурет салуды жақсы көрген.Ол салада  жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жас суретші  XIX ғасырдың ұлы портретші ретінде суретшілер тізіміне кірді. 15 жасында Луи ана, апа-сіңлілері мен көптеген достарының суретін салды. 1840 жылы Пастер  өнер саласынан бакалавр дәрежесін алды.

Биология ғылымына қызығушылығы

 Барлық саладан әмбебаптығына қарамастан, Луи Пастер тек ғылымға қызықты. Ғалым  26 жасында физика ғылымының профессоры болды. Сонымен қатар винн қышқылының кристалдарының құрылымын ашты. Луи өзінің шынайы тапсырмасы физика емес, биология мен химияны зерттеуде екенін түсінді. Пастер біраз уақыт Дижон лицейінде жұмыс істеді. Бірақ 1848 жылы Страсбург университетіне барды. Жаңа жұмыста биолог ашыту процесін зерттей бастады. Кейінірек  осы жұмыс оны атақты етеді.

1854 жылы ғалым Лилль университетінде (жаратылыстану факультеті) декан қызметін атқарады. Бірақ ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеді. Екі жыл өткеннен кейін Луи Пастер Парижге барады. Ол жоғары оқу орнының оқу-әдістемелік директоры ретінде жұмыс істейді. Жаңа жұмыста тамаша басшылық дағдыларды көрсете отырып, табысты реформалар жүргізді. Ол студенттердің білім деңгейі мен мекеменің беделін арттыратын қатаң жүйені енгізді.

Микробиолог сонымен қоса винн қышқылдарын зерттеуді жалғастырды. Жүзім шырынын микроскоппен зерттеді.  Содан Луи Пастер ферменттеу процесі химиялық сипатқа ие емес деген қорытындыға келді. Ғалым бұл процесс ашыту сұйықтығында тамақтандыратын және көбейтетін ашытқы саңырауқұлақтың өмірі мен белсенділігіне байланысты екенін анықтады.

1860-1862 жылдары микробиолог микроорганизмдердің өзін-өзі генерациялау теориясын зерттеді. Сол кезде көптеген зерттеушілер ұстанды. Ол үшін Пастер қоректік массаны алып,  микроорганизмдер өлетін температураға дейін қыздырады. Содан кейін оны «аққу мойыны бар» арнайы құтыға орналастырады.

Луи Пастер жасаған тәжірибесі
https://24smi.org

Пастеризация

Ғылыми зерттеушінің ғылыми жетістіктері практикалық мәселені шешудің қажеттілігіне ықпал етті. 1864 жылы шарап өндірушілер Пастерге шарап бұзылу себептерін анықтауға көмек сұрады. Сусынның құрамын зерттегеннен кейін, микробиолог оны тек ашытқы саңырауқұлақтары ғана емес, сонымен қатар өнімнің нашарлауына әкеліп соқтырған басқа микроорганизмдерді тапты. Сонда ғалым бұл мәселеден қалай құтылу керектігін ойлады. Зерттеуші сусынды 60 градусқа жылытуды ұсынды.Сонда  микроорганизмдер өледі.

Пастердің әдіс-тәсілін  тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында қолданылады. Бүгінгі таңда сипатталған әдіс пастеризация деп аталады. Бұл жаңалық француз ғалымына даңқ әкелді. Бірақ отбасындағы қайғылы оқиға Пастерді әлсіретіп тастады.  Микробиологтың үш баласы іш сүзегінен(брюшной тиф)  қайтыс болды. Ғалым қайғылы оқиғалардың әсерінен инфекциялық ауруларды зерттеуді бастады.

Луи Пастер жұмыс үстінде
https://24smi.org

Вакцинация

Луи Пастер жаралар, язва және іріңді зерттеді. Нәтижесінде көптеген жұқпалы инфекцияларды анықтады. (мысалы, стрептококк және стафилококк аюреус). Сондай-ақ, микробиолог тауықтың холерасын зерттеп, осы ауруға қарсы дәрі-дәрмекті ойлап табуға  тырысты. Бұл шешім танымал профессорға кездейсоқ келді.

Ғалым холера микробтарын термостатта  ұмытып кетеді. Кептірілген вирус тауықтарға енгізілгенде, құстар өлген жоқ. Бірақ аурудың жеңілдетілген түріне ұшырады. Содан кейін Пастер жаңа вирустарды тауықтарға жұқтырады. Бірақ құстар вирустан зардап шеккен жоқ. Осы эксперименттердің негізінде ғалым бірнеше аурулардан аулақ болудың жолын тапты.Ол  әлсіреген патогендік микробтарды организмге енгізу керек.

Бұл жаңалық  вакцинация (лат. vacca — «сиыр») деп аталды. Бұл атауды Луи   Эдвард Дженнердің құрметіне  қолданған. Себебі Дженнер оспа ауруымен күрескен болатын. Тауықпен тәжірибе микробиолог сібір язвасына қарсы вакцина құруға көмектесті. Осы вакцина арқылы  француз үкіметі үлкен қаражат сомасын үнемдеді. Сонымен қатар, жаңалық Пастердің Ғылым академиясына мүшелігіне енді. Және өмір бойы зейнетақыны қамтамасыз етілді.

Луи Пастер жұмыс үстінде
https://24smi.org

1881 жылы Пастер ит тістеп алған қыздың өліміне куә болды. Ғалым қайғылы жағдайдан таң қалдырып, өлім ауруына қарсы вакцина жасауды шешті. Бірақ микробиолог бұл құтыру(бешенство) вирусының тек ми жасушаларында болғанын анықтады. Вирустың әлсіреген түрін алу қиын болды.

Ғалым зертханада күні-түні  қояндар арқылы эксперименттер жүргізді. Микробиолог алдымен жануарларды құтыру ауруын жұқтырып, миын бөлді. Сонымен қатар Пастер қоянның аузынан жұқтырған сілекейді жинау арқылы өзін өлім қаупіне ұшыратты. Дегенмен, талантты ғалым кептірілген қоян миынан  вакцинаны ойлап тапты. Көпшіліктің айтуынша, бұл ашылым биология ғылымындағы керемет жетістіктін бірі. Біраз уақыт бойы Луи Пастер адамдарға вакцинаны қолданған жоқ. 1885 жылы 9 жасар Джозеф Мэйстерді ит тістеп құтыру аурымен ауырады. Нәтижесінде Пастердің ашылуы арқылы бала аман қалады.Осыдан кейін, вакцина үнемі құтыруымен күресу үшін қолданылатын болады.

Луи Пастер жеке өмірі

1848 жылы Луи Пастер Страсбург университетінде жұмыс істей бастады. Көп ұзамай жас ғалымды ректор Лоранға шақырды. Онда ол өзінің бастығының қызы Маримен кездесті. Бір аптадан кейін талантты микробиолог қыздың қолын сұрап, ректорға хат жазды. Луи Маримен бір рет сөйлескенімен, ол таңдаудан күмәнданбады.

 Ректор француз биологына сеніп, өз келісімін берді. Жастар  1849 жылғы 29 мамырда үйленді. Содан кейін жұп 46 жыл бірге өмір сүрді. Мари күйеуіне тек әйелі емес, бірінші көмекшісі және сенімді қолдаушысы болды. 

https://24smi.org/

Луи Пастер 45 жасында инсульт алып, мүгедек болған. Ғалым қолын және аяқын қозғалта алмады. Бірақ ғалым жұмысын жалғастыра берді. Ғалым 1895 жылдың 28 қыркүйегінде бірнеше рет инсультен кейінгі асқынулардан қайтыс болды. Сол кезде Луи Пастер 72 жасқта болды. Микробиологтың мәйітін Нотр-Дам Де-Парижде ,сосын Пастер Институтына жерлеген.