Кунг-фу Панда мультфильмі қалай пайда болды?

Кунг-фу Панда мультфильмі

Кунг-фу Панда тарихы

Бүгінде бүкіл әлемге танылған «Кунг-фу Панда» мультфильмін түсіруді американың белгілі «Dream Works Animation»  студиясы 2004 жылдың қазанында жоспарлаған екен. 2005 жылдың қыркүйегінде басты кейіпкердің дауысын америкалық белгілі актер Джэк Блэктің дыбыстайтыны туралы ресми мәлімдеме жасалады. 

Ал қараша айында Джэк Блэкпен бірге мультфильмді дыбыстауға белгілі актерлер Дастин Хоффман, Джеки Чан, Люс Лью, Иэн Макшейндердің қатысатыны жарияланады. Сөйтіп, ұлы кунг-фу қаһарманы болғысы келетін, позитивті жігер беретін икемсіз панда туралы мультфильм қажырлы еңбек пен тынымсыз ізденістің нәтижесінде көрермендерге 2008 жылы жол тартады.

 Мультфильмнің алғашқы идеясы жауынгерлік өнерді көрсететін өзекті фильмдерге пародия жасау болатын. режиссерлер Джон Стивенсон мен Марк Осборн гонконгтық актер әрі режиссер Стивен Чоудың 2004 жылы түсірген «Кунг-фу стиліндегі шайқас» комедиясын тамашалап, Қытай тарихы мен кунг-фудың тығыз байланысты екеніне көз жеткізу мақсатында мультифильм түсіруді жоспарлайды.

 Қоюшы-суретші Рэймонд Цибах пен арт-директор Танг-Хенг Қытайдың бейнелеу өнері, мүсіндері, сәулет өнері және кунг-фу элементтері бар фильмді түсіру үшін көп уақыт жұмсайды. Сол кездегі Джон Стивенсонның негізгі көздеген мақсаты «Dream Works»-тың ең әдемі мультфильмін жасау болатын.

Кунг-фу Панда мультфильмі
http://ru.kung-fu-panda.wikia.com

Кунг-фу Панда ерекше мультфильм

Режиссер мультфильмнің бастапқы көрінісіне жауапкершілікті Дженнифер Ю мен Джеймс Бакстерге жүктеп, олар өздеріне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап шығады. «Нью-Йорк Таймс» газетінің бас киносыншысы Манола Даргис мультфильмдегі көріністердің айқындығын және америкалық анимациядан өзгешелігін өте жоғары бағалайды. Ал өзге сыншылар мультфильмнің алғашқы көріністерін белгілі режиссер Дженнди Тартаковскийдің «Самурай Джек» мультфильмімен салыстырады. 

Мультфильмнің қалған бөлігі де заманауи компьютерлік анимацияның көмегімен жасалған еді. Онда Қытайдың табиғи ландшафтарын ерекшелеп, оның көзтартарлық сұлулығы мен жұмбақтығын көрсету үшін ашық және ерекше түстерді қолданады. Мультфильмді жасау барысында сол кездегі «Dream Works»-тың бұрын қолданылмаған ең күрделі компьютерлік анимацияларын пайдаланады. Бұған қоса аниматорлар кунг-фудың нағыз шеберлерінен алты сағаттық дәріс алады.

Продюссер Мелисса Кобтың айтуыншы, мультфильмнің басты кейіпкері панда Поны бастапқыда ақымақтау, есерсоқтау қылып көрсетпекші болған. Алайда Джек Блэктің дауысын тыңдап көргеннен кейін фильмді жасаушылар кейіпкердің мінезін түбегейлі өзгерту жөнінде шешім қабылдаған.

good-all.ru

Мультфильмнің музыкасын жазған Ханс Циммер мен Джон Паул да – атақты композиторлар. Бұған дейін «Көліктер», «Мадагаскар» және өзге де мультфильмдердің музыкасын жазған. Көліктер және Мадагаскар мультфильмдері туралы мына жерден оқи аласыздар:

Көліктер мультфильмін қалай жасаған?

Мадагаскар мультфильмі қалай түсірілді?

Белгілі композитор Ханс Циммер ұлттық музыкасы мен мәдениетін түсіну үшін Қытайға барады. Оның тағы бір ойы жұмыстарына Қытайдың Ұлттық симфониялық оркестрін тарту болатын. Мультфильмнің рэпер, ән әрлеуші Тимбалэнд көмектеседі.

Жетістіктері

Прокатка 2008 жылдың 6 маусымында шыққан «Кунг-фу Панда» мультфильмі барлығы 631,7 млн. доллар табыс әкеледі. Оның 215 млн. доллары АҚШ-тан, ал 416 млн. доллар өзге мемлекеттерден түскен.

 «Кунг-фу Панда» мультфильмі «Үздік анимациялық мультфильм» номинациясы бойынша «Оскар» мен «Алтын глобус» сыйлықтарына ұсынылады. Алайда екі марапатты да «Пиксар» компаниясының «ВАЛЛ-И» мультфильмі алып кетеді.

https://www.vokrug.tv

2011 жылы жарыққа шыққан «Кунг-фу Панда 2» мультфильмінің режиссері – Дженнифер Ю Нельсон. Ол мультфильмнің бірінші бөлімінің жасалуына да басынан бастап қатысқан екен. Бұл жөнінде продюссер Мелисса Коб: «Егер материалдарды, барлық кейіпкерлерді жете білетін бір адам болса, ол – Джек. Оның екінші бөлімінің режиссері болуы заңды да», — деген екен. Бір өкініштісі, Дженнифер Ю түсірген толықметражды мультфильм осы ғана. 

Бірақ Дженнифердің осы картинасының өзі көрермендердің үлкен ықыласына бөленіп, 2011 жылдың мамыр айында прокатқа шыққан мультфильмнің кассалық түсімі 650 млн. доллардан асқан. Бұл әйелдер түсірген мультфильмдер арасында рекордтық сома болған. Американың киноөнер институты да «Кунг-фу Панда 2» туындысын  жылдың «Ең үздік» мультфильмі деп таныған. 

Бұл жөнінде Дженнифердің өзі: «Бүкіл әлемдегі көрермендердің фильмді ықыласпен қабылдағаны үшін бақыттымын. Кез келген анимациялық фильм үлкен ұжымның қатысуымен түсіріледі. Өзіммен бірге жұмыс істеген барлық қызметкерлерді, талантты суретшілерді табыстарымен құттықтағым келеді», — деп ағынан жарылған.