Клод Моне ұлы суретші,импрессионизм бағытын құрушы

Клод Моне ұлы суретші импрессионизм бағытын құрушы

Клод Моне  — ұлы суретші,импрессионизм бағытын құрушылардың бірі. Моне өмір бойы сурет салды. Суретші француз импрессионизмінің негізін қалаушы және теоретигі болды.Импрессионизмдегі Моненің кескіндеме стилі классика деп саналады. Ол ауаның таза түстің және басқа түстермен қосындысын қолданған.

Клод Моне балалық шағы

Клод Моне Парижде 1840 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. 5 жасында отбасы Нормандияға, Ле Гавре қаласына қоныс аударды. Мектеп кезінде бала тек сурет салу сабағын жақсы көрді. Ата-анасында азық-түлік дүкені болды. Оны  өздерінің ұлдарына беруге тырысты. Клодтың ерте жасынан кескіндеме,карикатура және т.б. суреттерді салғанды ұнататын.

Жергілікті көрме залында Клодтың суреттері 20 франкқа сатылады. Жас-спірімнің суретке деген қызығушылығын пейзаждық суретші Эжен Буден оятты. Суретші өмірдің кескіндемесінің негізгі әдістерін жас суретшіге көрсетті. Жас жігіт болашақ мамандығын осылай тандады.

Эжен Буденмен бірнеше сабақтар өткізіп суреттегі болашақ бағытын таңдайды. Монеге табиғатты кескіндеу ұнайды. 1859 жылы Клод Парижге үйіне қайтты. Мұнда ол жас суретшілерге арналған студияда жұмыс істейді. Көрмелерге және галереяларға барады. 1861 жылы Монені әскерге алып кетеді. Суретші Алжир жерінде әскер қызметін өтейді.

Клод Моне жас кезі
https://24smi.org

Жеті жылдық әскери қызметтін орнына екі жыл қызмет етеді. Себебі ішек ауруымен аурып қалады. Елге қайтып оралғаннан кейін  Моне университеттегі өнер факультетіне түседі.Бірақ  ол жердегі сурет өнеріне деген көзқарасы үнамайды.тезірек көңілге түседі.

Өнер жолы

Сурет өнеріне деген ұмтылыс оны Шарл Глейр ұйымдастырған студияға алып келеді. Мұнда ол атақты суретшілер Август Ренуармен, Альфред Сисли мен Фредерик Базильмен кездеседі. Академияда Писсаро және Сезаннмен де кездесті. Жас суретшілер бірдей жаста болатын. Олардың өнерге деген көзқарасы  ұқсас еді. Көп ұзамай олар импрессионисттердің негізін құрушылар болды.

Клод Моне жұмыс кезінде
https://24smi.org

1866 жылы суретші Камилла Донсье портретін жасағаннан кейін және салонға қойылған соң  суретші оны танымал бола бастады. Алғашқы маңызды жұмыстарының бірі   «Шөптегі таңғы ас» (1865-1866) кескіндемесі болды. Осындай стильдегі жұмысты Эдуард Мане кескіндеген еді. Бірақ Клодтың нұсқасы төрт есе үлкен болды. Кескіндеменің құрамы өте қарапайым  болды. Орманның жанында демалып жүрген талғампаз әйелдер мен ерлер тобы.

                                              «Шөптегі таңғы ас»

https://24smi.org/

Суреттің мазмұны  — ауа қозғалысын, текстуралық фактураны көрсету болып келді.  Бірақ сурет көрмеге қойылмады. Себебі суретші оны толығымен үлкен кескіндемеге салуға үлгермеді. Кедей өмірінен арылу үшін Клод суретті сатуға мәжбүр болды.

Келесі екі метрлік кескіндеме «Бақтағы әйел» (Женщина в саду)толық ашық ауада жазылған. Суретші керек жарықты бейнелеу үшін, кескінін астынан шұңқыр қазған екен.Және белгілі күннің түсуін көптеген сағаттар бойы тосқан екен. Тек сосын ғана бейнелеуге кіріскен.

                                             «Бақтағы әйел»

Клод Моне кескіндемесі "Бақтағы Әйел"
https://24smi.org

Танымал суреттері

  • «Женщины в саду» (1866)
  • «Терраса в Сент-Адресс» (1867)
  • «Темза ниже Вестминстера (Вестминстерский мост)» (1871)
  • «Впечатление: Восходящее солнце» (1872)
  • «Поле маков у Аржантея» (1873)
  • «Бульвар Капуцинок» (1873)
  • «Прогулка к утесу в Пурвиле» (1882)
  • «Дама с зонтиком» (1886)
  • «Руанский собор: главный вход на солнце» (1894)
  • «Водяные лилии» («Нимфеи») (1916)

Қымбат кескіндемелері

  • «Водяные лилии», (1905) – $43 млн.
  • «Железнодорожный мост в Аржентее» (1873) — $41 млн.
  • «Водяные лилии» (1904) — $36 млн.
  • «Мост Ватерлоо. Облачно» (1904) — $35 млн.
  • «Тропинка к пруду» (1900) — $32 млн.
  • «Пруд с водяными лилиями» (1917) — $24 млн.
  • «Тополя» (1891) — $22 млн.
  • «Здание парламента. Солнечный свет в тумане» (1904) — $20 млн.
  • «Парламент, закат» (1904) — $14 млн.
Клод Моне ең қымбат суреті "Водяные лилии"
https://24smi.org/

Клод Моне жеке өмірі

Суретшінің алғашқы әйелі Камилла Донсье болды. Оған «Жасыл ханым» және басқада суреттерін арнаған. Некеден екі ұлы болды. Ақшаны үнемдей отырып, Монет Е.Гошеденің қаржы істерін басқарады. Кәсіпкердің банкроттығы отбасыларына капиталды біріктіруге мәжбүр етеді. Сол кездері Моненің әйелі  кейін оның ұлыда қайтыс болады. 1883 жылы Моне Сейндің көркем жағасында орналасқан Гиверный кентіне көшті. Оның картиналары жақсы сатылады. Қаржылай табыс тауып суретші  бақша салуды жоспарлайды.

Бұл кезеңде суретші жаңа техниканы меңгерген. Бір уақытта бірнеше суреттерді жазады. Осылайша, ол өзгеретін жарық түсіруге тырысады. Бір сурет үстіндегі сурет сеансы жарты сағатқа созылуы мүмкін. Оның сүйікті әйелі қайтыс болғаннан кейін, оның тұрақты моделі Алиса Гошедемен қарым-қатынас орнатты. Ресми күйеуі Эрнест қайтыс болғаннан кейін олар ерлі-зайыпты болады. Алиса 1911 жылы қайтыс болды.Оның  ұлы  Жан үш жылдан кейін қайтыс болды.

Суретші 1926 жылы 5 желтоқсанда 86 жасында өкпенің қатерлі ісігінен өмірден озды. Онымен қоштасу рәсіміне 50-ден астам келеді. Моне шіркеу зиратына жерленді.