Квентин Тарантино танымал американдық режиссер

Квентин Тарантино танымал американдық режиссер

Квентин Тарантино балалық шағы

Квентин Тарантино — американдық режиссер, сценарист, актер, кинопродюсер және оператор. 1963 жылы 27 наурызда Ноксвилд қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Тони Тарантино музыкант болды. Болашақ режиссердің анасы Тони Тарантиноға 15 жасында тұрмысқа шыққан. Бірақ біраз уақыттан кейін ата-анасы айырылысып кетеді.Квентин ешқашан әкесін іздемеген. Квентин 2 жаста толғанда, анасы ұлын Торрансқа (Лос-Анжелес, АҚШ) алып барады. Болашақ режиссердің балалық шағы осы қалада өтеді.

 Тарантиноның анасы тағы да басқа музыкантқа үйленді. Ол баланы асырап алды және оған өзінің тегін берген еді. Бірақ 6 жылдан кейін бұл неке бұзылды. Кейінірек Квентин биологиялық әкесінің тегін қайтарады. Себебі ол актерлік өмірге үйлесімді болды.

Квентин Тарантино бастауыш мектепке барып жүрді. Сабақ оқығанды қатты ұнатпады. Американдық режиссер кино және тарих туралы кітапты оқығанды жақсы көрді. Квентиннің анасы фармакологиямен айналысты және табысты мансап жасады. Анасы көбінесе барлық уақытын  жұмыста өткізді. Ал бала бос уақытында теледидардан фильмдер мен телешоуларды бақылап отырды. 15 жасында жасөспірім мектепті тастап кетеді. Кинотеатрда билет сатушы болып жұмыс істейді. Кешке ол актерлік шеберлік сабақтарын оқыды.

Квентин Тарантино балалық шағы
https://24smi.org/

Кино әлемі

Квентин Тарантино кино әлеміне сценарист ретінде бастады. Алғашқы екі сценарийі фильм студиясына қызығушылық танытпады. Қатты көңілі қалған Квентин Mad Dogs (Бешеные псы) киносын жазған. Фильмнің бюджеті аз болды және 3 апта ішінде жазылған сценарий еді. Осы сценарийді продюсер Лоренс Бендер көреді. Ол авторға ақша іздеуге уақыт беруін сұрады. Кино Лос-Анджелестің көшелерінде түсірілді.(оған 1 ай кетті).

1994 жылы шыққан «Криминальное чтиво» киносы Квентинге жетістік пен танымалдылықты алып келді. Бұл жұмыс Ума Турманмен  ынтымақтастықтың басталуы болды. Тарантино актер ретінде фильмдерге түскен. 1995 жылы шыққан «От заката до рассвета» фильмінде Квентин Ричи Гекконың рөлін ойнады.

Квентин Тарантино алғашқы шығармалары
https://24smi.org/

Квентин Тарантино 2003 жылы “Убить Билла” фильмінің бірінші бөлімі түсірген еді. Ума Турман басты рөлде ойнады. Бұл фильм режиссерге танымалдылықпен табыс алып келді. Фильмдері:

 «Любовь птицы в неволе»

 «Криминальное чтиво»

 «Четыре комнаты»

 «Планета страха»

 «Доказательство смерти»

 «Приходите домой»

 «Тот, кто влюблен»

 «Убить Зои»

 «Омерзительная восьмерка»

 «Убить Билла»

 «Джанго освобожденный»

 «Бесславные ублюдки»

Квентин Тарантино алғашқы фильмдері
https://24smi.org/

Квентин Тарантино жеке өмірі

2017 жылдың шілде айында израильдік БАҚ өкілдері Квентин Тарантино мен Даниэла Пиктің  қосылуын құттықтады. Лос-Анджелесте кинорежиссер ұсыныс жасады. 2018 жылдың қарашасында Тарантино  жасырын түрде той жасады. Квентин мен Даниеланың үйленуі Лос-Анджелесте өтті.