Карл Юнг швейцариялық психолог және философ

Карл Юнг швейцариялық психолог және философ

Карл Юнг балалық шағы

Карл Юнг (толық аты-жөні Карл Густав Юнг) 1875 жылы 26 шілдеде Швейцарияның солтүстік-шығысындағы Кесвиль облысында дүниеге келді. Болашақ психотерапевтің әкесі Иоганн Юнг реформисттік шіркеудің пасторы болды. Ал оның анасы Эмили үй шаруашылығымен айналысты. Бала кезінде Карл тұйық және аздап біртүрлі бала болатын. Карл Юнг 10 жасқа толғанда бейсаналық мінез-құлықтың алғашқы көрінісіне тап болды. Карл кейінірек бейсаналық психологияны өз жұмыстарында егжей-тегжейлі сипаттады.

Карл Юнг балалық шағы
https://24smi.org/

Ата-анасы ұлын 11 жасында гимназияға берді. Айта кету керек, Карл ғылымға немесе шығармашылыққа қызығушылық танытпады. Бірақ Юнг бос уақытында прозаны оқығанды жақсы көрді. Мектеп кезінде жас ғалымның достары болмады. Себебі Карл тұлғалық екі жүзділікпен(раздвоение личности) ауырды. 16 жасында  депрессиялық шабуылдар азайғандықтан, Юнг философияны ғылымын зерттеуге кірісті. Ол Платон, Гераклит, Пифагор еңбектерін оқып зерттеген. Шопенгауэрдің шығармаларын оқып өзі тұжырымдама жасаған.

Оқу жылдары

1893 жылы Карл Юнг Базель университетінің Жаратылыстану факультетіне түсті. Университетте міндетті әдебиеттерді оқудан басқа, Юнг мистикалық философтардың шығармаларына қызығушылық танытты. Ол философтар Эммануил Сведенборг және Адольф Эшенмайер болды. Осы шығармалардан таңқалған Густав тіпті бірнеше мәрте спиритикалық сеанстар өткізді. Кейін ғалым «психологиялық және патология туралы оккультных құбылыстар» атты медицина бойынша диссертация жазды.

https://24smi.org/

Юнг үшін бұл кезең өте қиын болды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, отбасының күн көрісі қиындап кетті. Густав күндізгі уақытта лекцияларға қатысып, ал қалған уақытында репетиторлықпен айналысты. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, Рихард фон Крафт-Эбингтің «Психиатрия бойынша оқу құралы» атты кітабы қолына түсті. Бұл кітап ғалымның болашағына қатты әсер етті.

Ғылым жолы

1900 жылы Карл Цюрихке көшіп, сол кездегі белгілі психиатр Юджин Блейлердің психиатриялық ауруханасында жұмыс істеді. Көп ұзамай ол өзінің алғашқы клиникалық жұмысын басып шығарды. Сондай-ақ қауымдастықтардың сынақтарын қолдану туралы мақалаларын жариялады. 

1907 жылы ол өзінің алғашқы кең ауқымды жұмысын жариялады. Ол ерте деменция психологиясыатты жұмысы болды. Кейін бұл жұмысын атақты психолог Зигмунд Фрейдке көрсетеді. Зигмунд Фрейд туралы ақпараты мына мақаладан оқи аласыздар: Зигмунд Фрейд психоанализдің негізін құрушы ұлы ғалым

Фрейдпен кездесу Карлдың ғылыми дамуындағы маңызды кезеңдердін бірі болды. 1909 жылы Фрейдпен бірге Юнг Америка Құрама Штаттарына алғаш рет сапар шекті.  АҚШ-та ғалымдар бірнеше дәрістер курсын жүргізді. 1910 жылы Густав Бургхольцль клиникасында директор қызметін атқарды.

Карл Юнг және Зигмунд Фрейд
https://24smi.org/

1920 жылдары Юнг Африканың және Солтүстік Американың аймақтарына ұзақ және қызықты сапарлар жасады. Бұл сапарлар мәдени-психологиялық автобиографиялық кітабының «Естелік, арман, рефлексия» атты тарауларының бірінің негізін құрады. 1930 жылы Карл Германияның психотерапевтік қоғамының құрметті президенті атағына ие болды. Сондай-ақ әлемге оның жаңа туындысы «Қазіргі кездегі жанның мәселелері» кітабын ұсынды. Екі жылдан кейін Цюрих қалалық кеңесі оған әдебиет саласынан жүлде сыйлады. (оған 8000 франк чек берді.).

1933 жылдан 1942 жылға дейін Юнг Цюрихте, ал 1944 жылдан бастап Базельде сабақ берді. Ғалымның еңбектері «Мендік және санасыздық арасындағы қарым-қатынас», «Психология және дін», «Психология және білім», «Сана сезімінің бейнелері», «Рухтың символизмі» және «Санадан бастау» және т.б.

https://24smi.org/

Карл Юнг жеке өмірі

Бірінші және жалғыз әйелі Эмма Раушенбахпен медицина студенті болған уақытта кездескен. Эмма мен Карл 1903 жылдың 14 ақпанында қатынастарын заңдастырды. Эмма күйеуінің жұмысына шынайы қызығушылық танытты және оны барлық жерде қолдады. Отбасында төрт қызымен және жалғыз ұлдары болды. Олар: Агату, Грет, Франц, Марианна және Хелен. 1961 жылдың мамырында Юнг серуенге барды. Сол серуенде психотерапевт ми қан тамырларының ауруынан инфарктке ұшырады. Карл Юнг 1961 жылы 6 маусымда Кюснахт ауылындағы үйінде қайтыс болды.