Испания елінің салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Испания елінің салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Испания мәдениеті мен дәстүрлерінің шығу тегі Кельт билігі кезінде пайда болды. Олардың дамуы Рим империясының дәуірінде жалғасты. Ал Мавритания ықпалының арқасында ол жерде  мұсылман және христиан мәдениеттері араласып өзінің ерекше салт-дәстүрлері пайда болды.

Испания елінің танымал дәстүрі - Коррида

Коррида Испанияның мәдениеті мен дәстүрлерінің бір бөлігі болып табылады. Ол дәстүр  ер адамдардың ерлігі мен күшінін көрсеткішін көрсетеді. Тореадор — Испанияның символы деп саналатын елдегі ең құрметті кәсіп.

Ашуланған бұқа мен адамға қарсы тұру әрдайым қызықты. Бұл қорқыныш, төзімділік және ақыл-ойдың күшін тексеру болып табылады. Дәстүр бойынша, корриданың соңында бұқа өлтірілуі керек. Бірақ тең түскен кездерде болды.

Мысалы, 120 жыл бұрын бұқа Мурсиалаго 24 семсер соққысына қарсы тұрған.Сол үшін ол бұқаны тірі қалдырған.Қазіргі таңда ол бұқаның атына барлар,фермалар  тіпті көшелер де аталды.

Испания елінің танымал дәстүрі - Коррида
http://новости-мира.ru-an.info

Қаздар күні

Қаздар күні Лекейтио қаласында айлақтағы судың үстінде майланған қаздарды  арқанға (бұрынғы кезде тірідей қаздарды қолданған) іліп қояды. Қайықтарда жүзіп бара жатқан адамдар қазды тартып алуға тырысады. Бұл дәстүр банджи-джампингтің  негізін қалаушы.

https://trinixy.ru/

Қызанақтар шайқасы

Қызанақтар шайқасы немесе Ла Томатина фестивалі  жыл сайын тамыздың соңғы сәрсенбісінде Валенсияда өтеді. Қызанақ егінінің мол табысы кезінде мыңдаған адамдар осы мерекеге бірге жиналып, бір-біріне піскен қызанақтарды лақтырады. Көшелерде қызанақ шырыны ағып жатады. Қызанақ шайқасы аяқталғаннан кейін, қала тұрғындары мерекені тамақпен және шараппен жалғастырады.

Испания елінің салт-дәстүрі қызанақ шайқасы
http://polsergmich.blogspot.com/

Ромериас ауылдық жәрмеңкелер

Испан мейрамдарының бір бөлігі діни негізге ие және белгілі бір қасиетті адамның құрметіне  арналған. Ромериас мейрамы өте көңілді және қызықты өтеді. Мереке күні ерекше жарыстармен  және барлық қала тұрғындары қатысатын шерулер міндетті түрде жүреді.

Балалардан секіру

Испаниядағы тағы бір қызықты дәстүрлердің бірі. Бұл дәстүр бойынша үлкендер шайтанның костюмін киіп балалардан секіреді. Ырым бойынша оларды шайтаннан қорғау үшін жасалады екен. Бірақ бұл баяғы кездегі дәстүрлердің бірі болып саналады.

Үйлену тойы

Испания елінде үйлену дәстүрлері ауылдық жерлерде өзінің бастапқы түрінде сақталған. Үйлену алдында жастар қалыңдық пен күйеу үшін арнайы үш күндік мектепке барады. Сыныпта қарым-қатынастарды дұрыс қалыптастыру, қиын жағдайларды қалай шешуге болатындығы, отбасының  маңыздылығы түсіндіріледі және үйретіледі. Бұл дәстүрге дайындық үйленуден бір жыл бұрын басталады.

Испания елінің салт-дәстүрі үйлену тойы
ВокругСада.ру

Ұйым үшін жауапкершіліктің көпшілігі үйлену менеджерінің иығына түседі. «Мальчишник» және «Девичник» үйлену алдында міндетті болып табылады. Үйлену тойындағы ең тартымды сәт 13 монетаның тұсаукесері деп аталуы мүмкін. Біріншіден, діни қызметкер алтын монеталарға батасын береді. Содан кейін күйеу жігіт қалыңдықтың алақанына салып, адалдыққа ант береді.