Исаак Ньютон Классикалық физиканың атасы

Исаак Ньютон ғалым

Исаак Ньютон 1643 жылы 4 қаңтарда Линкольншир графтығының Вулсторп кентінде дүниеге келді. Сол уақытта Ұлыбританияда азаматтық соғыс болып жатқан.  Рождество мерекесін  қарсаңында Исаак Ньютон әлемге келеді. Бала әлсіз болып туады. Ол ұзақ уақыт бойы тіпті шомылдыру рәсімінен өтпеген. Бірақ оған қарамастан Исаак Ньютон  ұзақ өмір сүрді.( 84 жыл).

Исаак Ньютон балалық шағы

Болашақ ғалымның әкесі кішкентай фермер болды. Бірақ әкесі қайтыс болғаннан кейін  отбасы бірнеше жүз акр жерді өздері өңдеді. Исаактің анасы Анна Эйскоу көп ұзамай қайтадан үйленіп, жаңа жарынан үш бала туады. Анна басқа балаларына көбірек көңіл бөлді. Ал Исаакті әжесі, одан кейін ағасы Уильям тәрбиеледі.

Бала кезінен Ньютон сурет салуды, поэзияны жақсы көріді. Өз қолымен көптеген өнертабыстарды (су сағатын, жел диірменін) жасамақ болды. Ол сол кезде де аурушаң бала болды. Сондай-ақ табиғатқа қатты қызығушылық танытқан.

Исаак Ньютон мектеп кезінде сабақты орташа деңгейде оқыды.Себебі өзінің физикалық жағдайына байланысты және сыныптастардың соқыларынан кейін сабағы нашарлап кетті. Ньютон бұл қорлықтан кейін сабақты өте керемет оқыды.Математика және физика пәндерін өте жақсы білді. 16 жасқа келгенде  оны анасы ауылына кері қайтарып алады. Ол жерде Исаак үй шаруашылығына көмектеседі. Алайда, сол кездің  өзінде көптеген кітаптарды оқып, өлеңдер жазып жүреді.
Мектеп мұғалімі Стокс мырзамен ағасы Уильям Исаактің анасынан баласының оқуын жалғастыруды сұрайды. Оған анасы қарсы болып бірақ ақырында көнеді. Нәтижесінде, 1661 жылы Исаак Кембридж университетіне түсу үшін емтихан тапсырады.

Ғылым жолы

 Ньютон Кембридждегі оқу кезінде «sizar» мәртебесіне ие болады. Бұл мәртебені алған адамдар оқудың ақшасын төлемейді.Бірақ Университетегі жұмыстарды жасайды немесе бай студенттерге көмек береді. 

Сол уақытта Кембридж Университетінде Аристотель ілімдерін оқытты. Бірақ Галилейдің ашылулары барлық ғылым арасында танымал болды.Сонымен қатар Коперниктің,Кеплердің ашқан теориялары барлық ғалымдарға белгілі болды. Исаак Ньютон сол кездегі барлық ғылыми кітаптарды оқуға тырысады.Оған философия, математика, физика ,оптика, музыка, астрономия ғылымдарымен қызығады. Ғылымға көңіл бөлгені соншалық кейбір кезде ас ішу мен ұйқыны ұмытқан екен.

Исаак Ньютон жарықты зерттеуде
https://24smi.org

Нағыз ғылыми жолын 1664 жылы  бастады.Исаак сол кезде  адам мен табиғаттың шешілмеген  45 мәселесін құрады. Сол кездері ғалым математика факультетінде жұмыс істейтін дарынды математик Исаак Барроумен кездеседі. Кейіннен Барроу оның мұғалімі болады және ең жақын достарының біріне айналады.

Математикадан талантты нұсқаушылардың арқасында Ньютон керемет математикалық жаңалықтар ашады. Биоминалды кеңеюдің рационалды көрсеткішін және Интегралды есептеуді, математика саласына үлкен үлес қосты. 1 жыл ішінде Ньютон керемет математик болып интегралдау үшін формула ойлап табады.БІрақ сол уақытта басқа математик Лейбницте интегралдауға формула ойлап табады. Осыған қатты ренжіген Ньютон Лейбницке ұры деген жала жабады. Бірақ осы жағдайдан кейін тарихта бұл формуланы Ньютон-Лейбниц формуласы деп атайды. 

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Англияда сол кезеңде оба ауруы (чума) қатты тараған. 1665-1667 жылдары Ньютон өзінің аулы Вульсторпке қайтады.Сол жақта Оптикалық құпиясын ашуға бел буады.Оның қызмет хроматикалық аберрация арқылы жүреді екеніне көз жеткізеді. Ғалым дисперсия құбылысын ашады. Ньютон жарықтың (ақ түс)барлық түстердің қосындысы екенін түсініп соған көп тәжірибелер жасайды. Аристотель айтуынша жарық ол бір-бірімен шағылып пайда болады деп тұжырымдаған. Бірақ Ньютон жаңалығынан кейін Аристотельдің ілімдері бұрыс болып шықты. 

Нәтижесінде Оптика саласы дамып көптеген жаңалықтар ашыла бастады. Ньютонның ашылуы арқылы линзалы телескоппен ғарыштан басқа денелерді байқауға болатын. Классикалық физиканы ең басты жаңалығы Бүкіл әлемдік тартылыс заңы осы кезде пайда болды.

Исаак Ньютон ұлы ғалым
http://u-f.ru

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы ғылымдағы ең маңызды заңдардың бірі. Аңыз бойынша Исаак Ньютон алма ағашының қасына келіп отырғанда бір уақытта алма ғалымға құлап түседі.Сол кезде Исаак алма арқылы барлық планеталар бір-біріне тартып тұратынын түсініп заңды ашқан екен. Бұл аңызды танымал философ Вольтер таратқан көрінеді.

Исаак Ньютон мұхит суының қозғалысын(прилив и отлив) түсіндірген. Ол айдың жерге тартылысы арқылы мұхитта осы процестер болады.

Исаак Ньютон ұлы ғалым

1660 жылдардың соңында Исаак Ньютон Кембриджге қайтып оралады. Онда магистр дәрежесін, өмір сүру үшін өз бөлмесін, ал тіпті ғалымның оқытушысы болған жас студенттер тобын алады. Дегенмен, жас оқытушыға студенттер көп бармады. Лекциялар көбінесе бос аудиторияда өтетін. Сонымен бірге ғалым оқыту кезінде  телескоп-рефлекторды ойлап табады. Бұл бейімделу арқылы көптеген керемет астрономиялық жаңалықтары жасалды.

1687 жылы Ньютон ең басты ғылыми еңбегін «Табиғи Философия математикалық принциптері» жариялады. Зерттеуші және бұрында жазбаларын жариялап отырған. Бірақ бұл еңбекте механика және математика ғылымдарын біріктіріп және бұрын ашқан барлық жаңалықтарын жазады. Осы еңбектері үшін ғалым «сэр» атағын алады. Ғалым біраз уақыт Англияның банктік жүйесінде жұмыс істейді. Себебі Англия үшін жақсы математик,экономист керек болды. Осы дәрежеге ұлы ғалым дәл келді. Содан кейін өмірінің соңына дейін Ағылшын Корольдік Ғылымның президенті болып жұмыс істейді. Исаак Ньютон 1727 жылы қайтыс болады. Ғалым Лондондағы Вестминстерлік шіркеуінде жерленген.