Жұлдыздар радиусы туралы қызықты деректер

Жұлдыздар радиусы туралы қызықты деректер

Жұлдыздар радиусы дегеніміз не?

Жұлдыздар радиусы егер бір жұлдыздардың бұрыштық диаметрін өлшей алар болсақ жұлдыздардың сызықтық радиусын нанымды түрде есептеп шығаруға болар еді. Бірақ жұлдыздардың Күн мен Айдан алыстықтары сондай, олардың бәрі жарық нүктеден болып көрінеді. Дегенмен, 1920 және 1970 жылдары белгілі американ физигі А. Майкельсон (1852-1931) мен оның қызметкері Ф.Пиз (1881-1978) тоғыз жұлдыздық бұрыштың диаметрлерін өлшей алды. Бұл үшін олар Калифорниядағы Вилсон Тауына (Маунт-Вилсон обсерваториясы) орнатылған сол жылдардағы ең ірі, айнасының диаметрі 2,5 м рефлекторды пайдаланады. Телескопқа өзіне сай қосымша айна бекітіп, оны интерферометрге – өте кішкене көлемді жарық көздерінің бұрыштық диаметрін өлшеуге арналған құралға айналдырды. Жұлдыздардың өлшенген бұрыштық диаметрлері мардымсыз аз болып шықты: ең үлкен Киттегі σ жұлдызы 0,56΄΄, ал ең кішісі Киттегі α жұлдызы 0,009 болып шықты. Онан кіші диаметрлерді өлшеу мүмкін болмады.

Жұлдыздар радиусы туралы қызықты деректер
https://kiri2ll.livejournal.com/

Зерттеу тарихы

1967 жылы Нарабри обсерваториясында диаметрі 6,6 м екі сфералық айнасы, фокустарында фотокөбейткіштері бар Браун мен Туисстің интерферометрі іске қосылды. Барлық өлшеу электронды-есептеу қондырғысымен жүзеге асырылды. Интерферометр 2,5m-ге дейінгі жұлдыздардың бұрыштық диаметрін өлшей алады. Әрбір өлшеуге бірнеше ондаған саат кетеді. 10 жылғы бақылауда 50 жұлдыздың бұрыштық диаметрі өлшенеді.

1 пк = 206 265 а.б. ал 1.а.б. = 1,496*10^8 км. Жұлдыздар радиусы неғұрлым аз санмен есептеп шығару үшін жұлдыздардың сызықтық радиустарын Күннің R радиусымен өрнектеу қабылданған. Бұл үшін теңдеудің оң жақтағы бөлігін R=6,96 *10^5 км-ге бөлу қажет. Бұрыштық диаметрлері белгісіз жұлдыздардың радиустары олардың жарықтылығы мен температурасы бойынша есептеліп шығарылуы мүмкін. Стефан-Больцман заңын еске түсірелік, ол бойынша қызған дене бетіндегі энергияның шығу қуатының бірлігі оның абсолют температурасының төртінші күйіне пропорционал.