Жылдық параллакс зерттеу тарихы
Жылдық параллакс — Жердің Күн айналасында айналуына байланысты бақылаушының орын ауыстыруына байланысты жұлдыз координаттасының өзгерісі. Н.Коперник Жердің Күн төңірегінде айналуынан туындайтын жылдық параллакстық ығысуды өлшеуге тырысты. Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты есептеп шығаруға болатынын сол кездің өзінде түсінген еді. Бірақ Коперниктің заманында тіпті қарапайым телескоп та болмады. Сондықтан Коперник Жерден жұлдыздардың қашықтығы Күннен әрі қарай 1000 еседей алыс деген қорытындыға келді.
Параллакстық ығысуды табуға алғаш әрекеттенген ағылшын астрономы Дж. Брадлей. Ол 1725 жылғы желтоқсанның ортасына дейін Айдаһардағы y жұлдызының жоғарғы шарықтауы сәтіндегі тас төбеден қашықтығын жүйелі түрде өлшей отырып, оның параллакстық ығысуын табуға үміттенді.
Тек арада жүз жылдан аса уақыт өткенде, 1835-1837 жылдары, бұл істі алғаш орыс астрономы В.Я. Струве шешті. Екі жыл ішінде ол Веганның жарық жұлдызының көрші көмескі жұлдыздармен бұрыштық аралығын өлшеп отырып оның параллакстық ығысуын анықтады. Сол бойынша оның Күннен қанша қашықтықта екенін есептеп шығарды.
Есептеу жолдары
Жұлдыздардың параллакстық ығысуын өлшеу өте қиын келгенімен, олардың қашықтықтарын өлшеуде ең сенімді, іргелі әдіс болып табылады. Мұндай ығысудың бір-бірімен мейлінше жақын жұлдыздарда ғана байқалатын табиғи нәрсе және енді мұндай нәрсе қазіргі кезде 1892 жылдың өзінде-ақ голландия астрономы Я.Каптейн (1851-1922) айтқан идея бойынша, жұлдызды аспанның жыл бойында әрбір үш айда түсіріліп алынған төрт фотосуретін салыстыру арқылы анықталады. Фотонегативтердегі ығысу миллиметрдің мыңдық үлестерімен өлшенеді.
Фотосуреттің масштабы бойынша доғаның секундына айналдырылады. Және көрнекілік үшін үлкен сызылғанына қарамастан шектен тыс аз сызықша секундтың оннан және жүзден бір үлесіндей болып шығады.
Жылдық параллакс жалпы ақпарат
Параллакстық ығысу бойынша өлшенген жылдық параллакстарды тригонометриялық параллакстар деп атайды. Бүгінгі Жердегі астрономиялық аппаратура тригонометриялық параллакстарды 100 пк-ке дейін нақты және 200 пк-ке дейін болжамды түрде өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл шектеулік негізінен суреттердегі жұлдыздар бейнесін күігірттенуге әкеліп соқтыратын жасыл атмосфераның құбылмалығынан туындайды.
Неғұрлым алысырақтағы объектілердің қашықтықтары басқа әдіспен дәл анықталады. Бірақ бір-біріне неғұрлым жақын жұлдыздардың тригонометриялық параллаксын білу оған негіз болмақ. 100 пк-тен асатын қашықтықты өлшеу үшін неғұрлым ірң бірлік пайдаланылады.
Түрлері
Қазіргі кезде 7, млн жарық 7500-дей жұлдыздың тригонометриялық паралаксы анықталған. Олардың ішінде бірнеше оңдағандары анағұрлым көмескі. Бірақ бір-біріне жақын жұлдыздар. Дегенмен, тек 340 жұлдыздың параллакстары нанымды өлшенген. Жұлдыздардың басым көпшілігінің бізден аса қашықтықтары сондай, олардың тригонометриялық параллакстарын әзірге өлшеуге мүмкіндік жоқ. Жер төңірегіндегі орбитаға “Гиппарокс” ғарыштық обсерваториясы шығарылған кезде 9 млн-ге дейін 64 000 жұлдыздық және 11 млн-ге дейінгі кейбір жұлдыздың параллакстарын өлшеуге мүмкіндік тумақ.