Жақсылық және мейірімділік адамға не үшін қажет?

Жақсылық

Жақсылық туралы түсінік

Біз бала кезімізден бастап,  жақсылық пен жамандық туралы  ертегілерден естіп тәрбиелендік. Негізігі мораль жақсылық жамандықты әрқашан  жететін.Бірақ адам өсе келе  өзінің көзқарасын өзгертеді. Кейбір адамдар философия бет бұрып сол бойынша өмірлік моралін алады.Алайда неліктен жақсылық жасаған ғылыми және моралдік тұрғыдан дұрыс екенін айтамыз.Адамдар мәселені ойластыра бастағанда: мен өмірімде қайсысын көбірек жасадым деп ойланады. Менің өмірімде қандай принциптер басымырақ?

Жақсылық
https://www.psychologos.ru/

Негізінде жақсылық жасау адамда  балалық шағында қалып тасады екен.Ата-аналар мен мұғалімдерден мейірімді бол деп көп естігенбіз. Ересек болғаннан кейін, біз қиыншылыққа ұшырап, мүлдем немқұрайлы қараймыз, содан кейін ғана бұл туралы ойланамыз. Біз өзіміздің өмірімізде қаншалық қайырымдылық жасадық. Адам психологиялық тұрғыдан қарағанда, жақсылық жасаса рахат алады екен.

Жақсылық физиологиялық қажеттілік

Британдық ғалымдардың ойы бойынша «Мейірімділік жасау физиологиялық қажеттілік ие » екенін айтқан еді. Адамның миы әр түрлі гормондарға тәуелді екен. Соның бірі дофомин ең күшті гормондардың бірі. Ол гормон ләззат  алуды қадағалайды. Биологияда жануарларда бір-біріне жақсылық және жамандық жасайды. Ғылыми тілмен айтқанда кез келген тірі организм басқа ағзаға екі көзқараспен қарайды екен. Олар альтруизм немесе эгоизм. Альтруизм бір-біріне көмек беру әрдайым жақсылық жасауға тырысу. Эгоизм өзі жайлы уайымдау. Адам зерттеулер бойынша альтруизмге көбірек жақын екен. Сондықтан жақсылық жасау психологиялық,физиологиялық жағынан тиімді.

Адамдар жақсылық жасайды, ең алдымен өздерін жақсы жаққа өзгертуге тырысады. Олар жанқиярлық, шыдамдылық, жанашырлық, эмпатия сияқты қасиеттерді дамытады. Бұл адамгершіліктің негізі болып табылады. Жақсылық жасау адам басқаларға үлкен пайда әкеледі. Жақсы нәрсе көріне бастайды. Өмірге деген көзқарастары оң болады, көңіл-күйі жақсарады, және тұтастай алғанда өмір сүру оңай болады.

Жақсылық жасауға тырысыңыз!