Дэн Сяопин Қытай халқының ұлы реформаторы

Дэн Сяопин қытай халқының ұлы реформаторы

Дэн Сяопин балалық шағы

Дэн Сяопин 1904 жылдың 22 тамызында Қытайдың Сы цюань провинциясы, Гуан ан елді мекенінде өмірге келген. Әкесі Дэн Жяуцан хат-қаламға жүйрік, жаңаша демократиялық бағытта тәлім-тәрбие алған, ұзақ жыл жергілікті орынның оқу істерін басқарған білімді кісі болған. Әкенің тәлімді тәрбиесі Дэн Сяопиннің қанат-құйрығын ерте жетілдірді. 

Ол кезде Қытай қоғамы феодализмнің түнегінде тұншығып, саяси, экономикалық тұрғыдан тұралап қалған еді. Дэн Сяопиннің анасы жұртқа өнегелі, сыйлы жан болды. Дәстүрге бай әулеттің қыщы болғандықтан бала Дэн Сяопиннің санасына әдеп-иба ұғымын кішкентай кезінен сіңіре білді. Ол өзінің өмір мектебінде анасын ұстаз ретінде қадір тұтты.

Дэн Сяопин 1920 жылы небәрі он алты жасында Францияға оқуға аттанды. Еуропаның өзгеше дамыған өркениеттегі бет-бейнесі, кемелденген заң түзілісі, тыныштыққа толып халық өмірі, оның көкірегіне ұлтты құтқару, мемлекетті құдіреттендіру арманын ұялатты, 1922 жылдан бастап Франциядағы Қытай коммунистік жастар одағына мүше болып, өз белсенділігін шынықтыра түсті. 

Алайда, 126 жылы саяси қызметі үшін Франциядан оқуын Мәскеудегі Сунь Ятсен атындағы университетте жалғастырады. Ол осы оқу ордасында марксизм-ленинизм идеяларынмен тереңірек танысты. Шетелдерде өткен бірнеше жыл өмірі оны идеялық тұрғыдан реформатор болуға бекемдей түсті.

Дэн Сяопин балалық шағы
https://24smi.org

Жауынгер

1927 жылы еліне қайтып оралған Дэн Сяопиннің алдынан күдікке толы Қытай қоғамы күтіп алды. Бұл кезде Қытайда ішкі алауыздық асқынып, қарулы күштердің қақтығысы үдей түскен болатын. қытай коммунистік партиясының алдында «ішкі соғысын аяқтап, елді тыныштандыру және Жапон басқыншы армиясыны елден қуып шығару» дейтін мінлет тұрды. Дэн Сяопин осыны терең түсінді, қолына қару алып қанды соғысқа аттанды. Өлім мен өмірдің арпалысына толы бұл қанды соғыс Дэн Сяопин өмірінің ендігі жиырма қанша жылына жалғасты.

 Дэн Сяопин 1928-1929 жылдары партия орталық комитетінде хатшылық қызметін атқарды. 1929-1936 жылдар аралығындағы халықтық партия мен коммунистік партия арасындағы қарулы қақтығыс кезінде түрлі жорыққа қатысты. Маңызды шайқастарға қолбасшылық етіп, Гоминдаң армиясының ірі қосындарының жойылуына үлкен үлесін қосты. Әрі қызыл армия азат еткен өңірлерде, аудандық және өлкелік комитеттерде басшы, әскери қосының саяси комиссары секілді міндеттерді атқарды.

1940 жылы «жүз полк шайқасына» қолбасшылық етіп, жапонға қарсы халықтық соғыстың ең алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Жапонға қарсы соғыс мезгілінде әскери қосын мен халықтық қосындары ұйыстыру және әр алуан тактикадағы соғыс шеберлігін дұрыс пайдалану жағынан Дэн Сяопин ерекше әскери дарынмен көзге түсті. 

Дэн Сяопин қытай халқының ұлы реформаторы
https://24smi.org

1946 жылы маусымда Чан Кайши азат райондарға жаппай шабуыл жасап, ел ішінде ішкі соғыс оты тұтанды. 1948 жылы Дэн Сяопин мен Лю Бочэн басшылық еткен қор қосын Қытайдың орта жазық өңірін азат етіп, халықтық партияның 550 000 әскери қосынын жойып, соғыстың тездеп жеңіске жетуінің негізін қалады. 1949 жылы зор қосын Нанкин, Шанхай сынды ірі қалаларды халықтық партия қосынынан азат етті. 1949-1951 жылдар аралығында тұтас Қытай Халық Республикасын гоминдаңшыл топтардан азат ету соғысына қолбасшылық етті.

Дэн Сяопин реформалары

1952 жылдан бастап Дэн Сяопин өмірінің саяси кезеңі басталады. Елде премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі, партия орталық комитетінің хатшысы, орталық әскери комитеттің орынбасары қатарлы маңызды міндеттерді атқарды. 1963 жылы шілде айында Қытай делегациясын бастап Мәсеуге барды. Екі ел компартиялар арасындағы селбестік-серіктестік қатынастарды нығайтуға шешуші рөл атқаратын келісімшарттарға қол қойысты. 

1966 жылы мамырда Қытай елінде «мәдениет төңкерісі» басталды. Дэн Сяопиннің де өмірі бір-ақ сәтте ойрандалды. Көп өтпей сынға алынып, жоғары лауазымды міндеттерінен босатылды. Қатала саясат кімді болса да аямады. 1969-1973 жылдар аралығында Дэн Сяопин Жяң Цидің жаңа құрылыс ауданының трактор зауытында қарапайым жұмысшы қатарында еңбек етті.

Дэн Сяопин ұлы реформатор
https://economistua.com

1973 жылы наурызда Қытай коммунистік партия комитеті Дэн Сяопиннің ісін қайта қарап, тарихи орнын тұрақтандырып, лауазымды қызметтерін қалпына келтірді. 1975 жылы партия орталық комитетінің орынбасар төрағасы, орталық әскери комитетінің орынбасары, премьер-министрдің орынбасары, азаттық армияның бас қолбасшысы сынды маңызды зор міндеттерге тағайындалды. 

"Бір мемлекет - екі құрылым"

1977 жылдан бастап Дэн Сяопиннің жаңа тынысы ашылды. Ол өзін ірі реформатор ретінде ел ішінде және халықарада көрсете білді. Ұлт идеологиясын жасауда ол Мао Цзедун идеясын мемлекет пен партияның жетекші идеясын барлық қызметтің шығар түйіні жетілдіріп, іскерлікке мән беруге үндеді. 1977 жылы «мәдениетті, ғылым-техниканы, оқу істерін осы замандандыру – мемлекетті құдіреттендірудің жолы» екендігін атап айтты. Әрі жаңа стратегиялық жобалар жасау маңыздылығын жолға қойды. 1978 жылы желтоқсанда Қытайдың осы заманғы тарихында жаңа дәуірдің беташары саналатын  партия орталық комитетінің мәжілісі ашылды. Бұл мәжіліс Қытай коммунистік партиясының саяси доктринасына үлкен өзгерістер енгізілді. Дэн Сяопинді ұйытқы еткен Қытай коммунистік партиясының екінші ұрпақ басшылығын қалыптастырды.

 Ұзақ жылдарға созылған қоғамдық, экономикалық, саяси қиындықтар шешілген соң, Дэн Сяопин Қытайдың алыс-жақын шет елдермен дипломатиялық байланысын жақсарта бастады. 1979 жылы ақпанда Қытай мен Америка арасындағы дипломатиялық қатынас орнады. Бұл Қытай Халық Республикасы тарихындағы жаңа дипломатиялық дәуірдің басталуы еді. 1981 жылғы мәжілісте Дэн Сяопин жолдауын жариялады. Ол жолдауда мәдениет төңкерісінің мемлекет құрылысына тигізген залалы сынға алынып, Мао Цзедунның тарихи орны тұрақтандырылып, еңбегіне баға берілді.

Дэн Сяопин және Маргерет Тетчер
https://economistua.com

Дэн Сяопин Қытайдың отарда қалған жерлерін қайтарып алу ісінде де айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. 1984 жылы Гонконг мәселесі туралы Англия-Қытай біріккен мәлімдемесіне қол қойды. Сол құжат негізінде Гонконг 1997 жылы «бір мемлекет – екі құрылым» заңы аясында Қытайға қайтарылып берілді. 1986-1987 жылдары елдің оқу ісінле реформалар жасалды. «Ғасырлық ұлы іс оқуды негіз етеді» деген ұранын ортаға қойды. Жаңаша оқыту саласындағы бұл реформалар кәсіптік және жоғары техникалы дарындыларды баулуда жақсы жемісін берді. Дэн Сяопин 1990 жылы наурызда орталық әскери істер комитетінің төрағалық міндетінен әрі бүкіл саяси қызметінен өз еркімен бас тартты. 1997 жылдың 19 ақпанында ұлы реформатордың жүрегі мәңгіге тоқтады.