Джек Ма әлемге әйгілі қытайлық кәсіпкер

Джек Ма әлемге әйгілі қытайлық кәсіпкер

Джек Ма балалық шағы

Джек Ма әлемге әйгілі қытайлық кәсіпкер. Alibaba Group компаниясының негізін салушы және атқарушы төрағасы Джек Ма 1964 жылы Ханчжоуда музыканттар отбасында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты – Мю Юнь. Бойы кішкентай әрі өте әлсіз бала болғандықтан сыныптастары оны үнемі мазақтап әжуалайтын. Оқу үлгерімі де көңіл көншетірлік емес еді. Есесіне Джек Ма кішкентайынан ағылшын тілін қызығатын. 

12 жасында ағылшын тілін үйренуді мақсат еткен ол үйіне жақын маңдағы қонақ үйге күнде велосипедпен барып, шетелдік туристермен әңгімелесетін. Және үнемі ағылшын тілінде радио тыңдайтын. Соның нәтижесінде ағылшын тілін әжептәуір меңгеріп алады. Тіпті жарты жылдан кейін ол туристерге тегін экскурсиялар ұйымдастыра бастайды. Джек деген есімді де оған бір американдық турист осы кездерде қойған еді. Міне, содан бастап бұл есім оған өмір бойы тиесілі болып қалды.

15 жасында болашақ миллиардер Қытайға демалысқа келген австралиялық отбасымен дос болады. Джек шетелдік балалармен күнде ойнап, демалыстан соң да байланыстарын үзбейтін. 1985 жылы Джек оларға қонаққа барады. Бұл саяхат оның өмірін түбегейлі өзгертті дессе де болады. Өйткені «Қытайда әлемдегеі ең бай, ең үлкен ел» деп санайтын Джек шетелдіктердің өмір сүру салтын көріп, қатты таңғалады. Осы жағдайдан кейін ол қалай өмір сүру керектігін, қайда ұмтылу керектігін түсінеді.

Джек Ма әлемге әйгілі қытайлық кәсіпкер
https://24smi.org/

Сабақты нашар оқыған

Жоғарыда айтып өткеніміздей Джек мектепте өте нашар оқыды. Сондықтан жоғары оқу орнына түсу де оған оңай болмады. Мәсеелен, Ма колледжге түсу үшін тапсырылатын емтиханнан екі рет құлайды. Үшінші рет Ханчжоу педагогикалық институтына ағылшын тілінің мамандығына түсіп, 1988 жылы бітіріп шығады. Кейіннен өзі оқыған оқу ордасына 12-15 доллар айлыққа жұмысқа орналасады. 

Бірнеше жылдан кейін үйленеді де, жалақысы күнкөріс қамына жетпейтін болған соң, мұғалімдік қызметінен кетеді. 1990 жылдардың басында Джек Маның күнкөрісі бұрынғыдан да қиындап, қандай жұмыс болса да орналаспақ болып, бірнеше мекеменің есігін қағады. Алайда оны ешкім жұмысқа алмайды. Тіпті «Kentucky Fried Chiken» асханалар желісі де жұмысқа шақырудан бас тартады.

Джек Ма жас кезі
https://24smi.org/

Alibaba компаниясын құру

Амалы қалмаған Джек ағылшын тілінен аудармалар жасап, азын-аулақ ақша тауып жүреді де, 1995 жылы сауда-саттық делегациясымен аудармашы ретінде Сиэтлге аттанады. Сол сапарында Джекке бір досы ғаламтордың қалай жұмыс жасайтынын көрсетеді. Алайда «Yahoo!» іздеу жүйесінде Қытай туралы ешқандай мәлімет жоқ екеніне көз жеткізеді. Бұған дейін компьютермен таныс болмаған Джек өзінің ғаламтор-компаниясын ашуға бекініп, әйелі мен досының көмегімен 2 мың доллар көлемінде бастапқы капитал жинайды. Веб-сайтттарды жасаумен айналысатын компанияны Ма «Қытайдың сары парақшалары» деп атайды.

 1998-1999 жылдар аралығында Джек Ма Қытайдың ішкі сауда және экономикалық серіктестік министірлігіне қарасты халықаралық электронды сауда орталығының басшысы болады. 1999 жылы Ма бұл жұмысын тастап, 17 досымен кіші және орта кәсіпорындарды сатумен айналысатын орталық болады деп жоспарлаған «Alibaba Group» компаниясының негізін қалайды. 

Ол өзі бұл жайында: «Alibaba-ның негізін қаламас бұрын, мен осы бизнесті талқылау үшін  24 досымды кеңсеге шақырдым. Біз екі сағат бойы әңгімелестік, бірақ олар бұл жоспарыма күмәнмен қарады. Бәлкім, мен де түсіндіре алмаған шығармын. Сол бөлмеде отырған 24 адамның 23-і маған түрлі себептермен бұл жоспардан бас тартуымды ұсынды. Мысалы: «Сен ғаламтор жайлы ештеңе білмейсін және ең бастысы, сенің бастапұы бизнеске құятын қаражатың жоқ» деді. Тек бір досым ғана: «Егер осы іспен айналысқын келсе, істеп көрейік. Жолымыз болмаса, бұрыңғы ісімізге қайта оралармыз», — деді. Мен түнімен ойланып, бұл жоспарымды достарым қолдамаса да, тәуекелге бардым», — дейді.

Джек Ма Alibaba компаниясын құру кезі
https://24smi.org/

Джек Ма жетістігі

2012 жылдың қараша айында «Alibaba Group» компаниясының пайдасы 1 триллион юаньнан асып түсті (доллармен есептегенде шамамен 144,6 миллиард АҚШ долларын құрайды). Бір жылдан кейін Джек Ма компания президенті орнын босатуға шешім қабылдайды, әйтсе де директорлар кеңесінің төрағасы болып қала береді.

 2014 жылдың күзінде «Alibaba Group» өз акцияларын Нью-Йорк қаржы биржасына салады. Компанияның ресми пресс-релизінде кемі бір миллиард доллар көзделгені айтылса, шындығында, инвестициялар әлемдік сарапшылардың батыл болжамдарынан да асып түсіп , 25 миллиард долларды көрсетті де, биржа тарихындағы ең табысты   IPO атанды. 2016 жылдың көктемінле Джек Ма Forbes-тің әлемдік тізімінде 22,7 миллиард доллармен 33 орынды иеленді.

https://24smi.org

Оқушыларға берген кеңестері

1) Сені жақтырмаған, саған нашар көзқараспен қараған адамдарға ешқашан ренжіме, өйткені шешең екеумізден басқа ешкім де саған борыштар емес. Егер де біреу саған қамқорлық танытар болса, оны қадірлей біл.

2) Өмір өте қысқа, дәл қазір уақытыңды босқа өткізіп жүргеніңді дәм тұзың тауыла бастағанда білесің, өмірді қаншалықты ертерек қастерлей бастасаң өмірден алатын ләззатың да соншалық көп болады. Ұзақ өмір сүруді армандасаң, уақытты үнемдей біл.

3) Егер күндердік күнінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.

4) Көптеген табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады дегендік емес. Есіңде болсын, білімің – ешкім сенен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп істей алады, бірақ бәрібір білімсіз оны дамыта алмайды.

5) Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бірде-бір ұтқан жоқпын, тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткем жоқ. Бұл дегеніміщ – адам табысқа жету үшін құлшына үйреніп, тынбай еңбек ету керектігінің дәлелі, мына әлемде ақы алмайтын асхана жоқ.

6) Өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан да ет жақын туысқандарынды, жанашыр жақындарынды қадірлей біл. Екеуміз де мәңгі бірге бола алмаймыз, қара көз жұмылған соң ешқашан қауыша алмаймыз. Бұл хатты оқып біткен кезде сенде екі таңдау болады: Біріншісі, сен мұны одан ары дамытып, өзіңе мәңгі азық болатын рухани көмекші етіп сақтайсың. Екіншісі, ештеңе оқымаған-көрмегендей болып бұрынғы өміріңді жалғастырасың.