Габриэль Гарсиа Маркес жазушы,журналист

Габриэль Гарсиа Маркес жазушы

Габриэль Гарсиа Маркес биография

 Габриэль Гарсиа Маркес 1928 жылы 6 наурызда Кариб теңізі жағалауындағы Колумбияның Аракатка қалашығында дүниеге келген. Ол бір жасқа толғанда ата-анасы Сукре қаласына қоныс аударады да, бала Маркесті нағашы ата-әжесіне Аракатаға тастап кетеді. Маркестің атасы – зейнеткер полковник, екі азаматтық соғыстың ардагері. Ол немересіне үнемі басынан өткен жайттарды баяндап отырады. Бұл Габриэльдің шығармашылық тұрғысында дамуына үлкен әсерін тигізеді. Ал әжесі арқылы болашақ жазушы ел аузындағы аңыз-әңгімелерді, романдарды, тарихи хикаяларды тындап өседі.

 Жазушы соңғы сұхбаттарының бірінде «Мені атам полковник Николас тәрбиелеп өсірді. Ол керемет зерген еді. Алтыннан әдемі жүзіктер және білезіктер жасайтын. Бала кезімде қиялым жүйрік болатын. Өз-өзіммен достар ойлап табатынмын. Денім сау болса да, өтіріктен ауырып қалдым дейтінмін. Мен өмірді одан әрі жарқын еткім келетін. Осы үшін маған бәрі өтірікші деп ұрысатын. Тек атам ғана менің бұл қиялымды түсінетін еді. Сол кездің өзінде ол менің болашақ жазушы екенімді сезген тәрізді» дейді.

Габриэль Гарсиа Маркес жас кезі
https://24smi.org

Габриэль Гарсиа Маркес жеке өмірі

«Он екі жасымда Сипакира қаласында иезуиттік колледжге түсіп, шәкіртақы ала бастадым. Ата-анамның қалауы бойынша Богота ұлттық университетінің заң факультетінің студенті атандым. Диплом ала алмадым, себебі төрт жылдан кейін оқуды татап, жергілікті газетте тілші болып жұмыс істедім. Осы үшін әкеммен қатты ұрсысып қалдық. Менің жаңа кәсібім туралы білгенде «Өзіннің қағазыңмен тамақтан» деген. Тек әкемнің дүниеден өтер кезіне бірнеше күн қалғанда ғана татуласқан болатынбыз».

 Гарсиа Маркес дәріханашының қызы Мерседес Барча Пардоға үйленеді. Ерлі-зайыптылар екі ұл тәрбиелеп өсіреді. Жастағы үлкен ұлы Родриго – кинорежиссер, одан үш жас кіші Гонзало – графикалық дизайнер.

 «Гарсиамен 1946 жылы би кешінде таныстық, — деп еске алады Мерседес. – Мен ол кезде он үш жаста болатынмын. Ал ол он сегізде еді. Гарсиа кеш бойы менімен биледі. Сосын үйге дейін шығарып салды. Үйдің қасында ол мені құшақтап сүйіп, етегіме қол жүгірте бастады. Мен оны шапалақпен тартып жібердім. Ал ол болса маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

 Тек қана мені өмір бойы сүйіп өтетінін және ертең жол жүретінін, өзін күткенін қалайтынын айтты. Мен оны он үш жыл күттім. Кейінірек достарынан арадағы өткен жылдарда оның көңілдестері болғанын естідім. Бірақ мен оны бәрібір кешірдім». Маркес 7 роман, 47 повесть, 10 киносценарий жазды. Әлемдік даңқты оған «Жүз жылдық жалғыздық» романы алып берді. Шығарма әлемнің 35 тіліне аударылып, 30 милионнан астам таралыммен сатылды.

Габриэль Гарсиа Маркес және әйелі
https://24smi.org

Габриэль Маркесті 2014 жылы 21 сәуірде жер қойнына тапсырды. Мексикада үш күн қаралы күн болып жарияланады.

 «Тірі кезімде де мені жиі қайтыс болды деп хабарлайтын, — дейді Маркес. – Теледидарды қосып, жаңалық тыңдап отырсам, «Бүгін Габриэль Гарсиа Маркес дүниеден озды» деген хабарды есітідім. Бастапқыда бұл мені мезі ететін. Кейін мән бермейтін болдым. Бір күні Мехикодағы бір мейрамханада журналист жігіт маған «Бүгін таңертең радиода сізді қайтыс болды деп хабарлады ғой» дейді. Мен оған «Мінеки, сіз сол қайтыс болған Маркесті көріп отырсыз» деп жауап бердім».

Ғасыр романы

«жүз жылдық жалғыздық» романы тек қана жақсы роман ғана емес, ол ХХ ғасырдағы ең басты әдеби шығармалардың бірі болды. Әсіресе Маркестің өзі ұнататын Ресейде ерекше сүйіспеншілікке ие болды. Тіпті жазушыны «Ресей және Латын Америка халықтарының достығына қосқан үлесі үшін» деген орденмен марапаттаған.

 «Мен повестерді және киносценарийлерді ұзақ жаздым. Бір күні бұдан да үлкен, анағұрлым жақсы шығарма жазу керек екенін түсіндім. Менің басымда романның мәтіні дайын еді. Ол кезде әйелім және екі кішкентай ұлым бар-тын. Мен пиар-менеджер болып жұмыс істедім және киносценарийлерді өңдейтінмін. Кітап жазу үшін жұмысымнан бас тарту керек болды. Содан көлігімді кепілге қойып, барлық ақшаны Мерседеске бердім.

Жүз жылдық жалғыздық
https://www.litres.ru

Әр күн сайын ол маған қағаздар, темекі, тағы басқа керекті заттарды сатып әкелетін. Мен он сегіз ай бойы үзіліссіз жұмыс істедім. Роман дайын болған кезде біз ет сатушыға 5 мың песо (бірқатар елдердің ақша бірлігі) қарыз болдық. Бұл өте үлкен сома еді. Ал романды басып шығару үшін 160 песо қажет. Ал бізде тке 80 песо қалып еді. Сөйтіп, Мерседестің миксері мен фенін саттым да, ақшасын алып романды баспаға бердім. Әйелім бұл туралы білгенде «Роман жаман болмас үшін жетпей тұрғаны осы еді» деген болатын».