Билл Гейтс американдық кәсіпкер және әлемдегі бай адам

Билл Гейтс

Билл Гейтс қырсық бала

АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, компьютер бағдарламаларын жасау бойыша әлемдік көшбасшы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясынының негізін қалаушы Билл Гейтс туралы, бәлкім, білетін де боларсыз? Forbes журналы әлемдегі ең бай екінші адам деп таныған Билл Гейтстің балалық шағы қалай өтті? Жетістікке қалай жетті? Билл Гейтс 1955 жылы 28 өазанда АҚШ –тың Вашингтон штаты Сиэтл қаласында дүниеге келген. Әкесі Уильям Гейтс – заңгер, анасы Мэри Гейтс қарапайым мұғалім еді. Ата-анасының айтуынша, көп сөйлемейтін,өте салмақты бала Биллдің қырсық мінезі де болған. 

“Бірақ қанша қырсықтығына қарамастан, оның ішкі жан дүниесі ерекше, ойлау қабілеті,рухы өте мықты болды”, — дейді әкесі. Ата-анасы нәзік қана сары баласын ес білген соң жергілікті жекеше мектепке беруді ұйғарады. Өзі қажетсіз деп санаған грамматика,құқықтану және басқа да пәндерден баланың үлгерімі нашар болғанымен,есесіне математика пәнін ерекше сүйіп оқыды.

 Ол өскенде проффесор боламын деп армандайтын. Бала кезінен – ақ Гейтс өз “менін” жоғары қойып, тәуелсіздігі үшін күресе білді.

Билл Гейтс бала кезі
https://24smi.org

Бұл күрестің ең бірінші құрбандары ата-анасы болды. Анасы Мэри өте қатал еді. Кейде ол ұлына бөлмесін жината алмаған кездерде түрлі жазалар қолданатын. Бірде анасы оны жертөлеге қамап қояды. Содан Билл қырсығып, анасының түскі асқа шақырғанына да жауап бермейді. Соңында шыдамаған анасы баласынан интерком арқылы былай деп сөйлеседі:

 —  Неге жауап бермейсің? Не істеп жатырсың?

 —  Ойланып жатырмын.

 — Не ойлап жатырсың?! Неғылған таусылмайтын ой?! – дейді ызаланып анасы.

 — Иә, мен ойланып жатырмын! Ал сіз өміріңізде ойланып көрдіңіз бе?-дейді қырсыққан бала ашу шақырып. Гейтс бұл кезде бар –жоғы 6 – сыныпта оқитын еді. Ұлының бұл қылығына алаңдаған ата-анасы психиатрдың көмегіне жүгінеді. Бірнеше сеанстан кейін психиатр: “Балаға ұрсудың қажеті жоқ. Одан да тіл табысып көріңіздер”,-деп кеңес береді. Гейтстің ата-анасы саналы адамдар еді. Олар психиатрдың кеңесіне құлақ түріп, сол күннен бастап Биллді түсінуге тырысады.

13 жасында бағдарлама жасаған бала

Бір қызығы,Гейтсті мектепте математика пәні мен компьютер бағдарламалары ғана қызықтыратын. Ұлдарының компьютерге ерекше құмарлығы ата-анасын алаңдатпай қоймайды. Олар тіпті бір жыл бойы балаларын электронды машинаға жолауға қатаң тыйым салады.

Билл Гейтс
https://www.gazeta.ru

Ол өзі жайында: “Мен оқушы кезімде компьютерге қатты қызығатынмын. Кейбір күні-түні компьютер сыныбынан шықпайтынмын. Онда отырып барлық компьютерлік бағдарламаларды зерттеумен айналысатынмын. Тіпті бірде досым Пол Аллен екеуміз бір бағдарламаның жүйесін бұзып алғанбыз. Сол уақыттарда бізді мүлдем компьютер сыныбына жолатпай қойды”,-дейді. Билл Гейтс пен оның айырылмас досы Пол Аллен екеуі алғаш рет компьютерлік терминал,сосын оған екі бағдарлама жасап шығарды.

Билл Гейтс әлемдегі бай адам

1973 жылы мектепті бітірген соң Билл Гарвард университетіне оқуға түседі. Университеттің оқу бағдарламасынан тез жалыққан ол өзінің сүйікті ісі – бағдарламалар жазумен айналыса бастайды. Ақырында оны екі жылдан кейін оқудан шығарып жібереді. Өзінің сенімділігі соншалық – ол профессорларына Мен отыз жасқа толмай миллионер боламын! деген екен.

https://pikabu.ru

Оқудан шыққаннан кейін –ақ  компьютерлік бағдарлама жасаумен айналыса бастайды. Сөйтіп,ақырыда досы Пол Алленмен бірігіп Microsoft компаниясын құрады. Осылайша ол отыз бір жасқа толмай жатып өзі айтқандай жай ғана миллионер емес,әлемдегі ең бай адам болып шыға келеді. Forbes 1996 жылдан бастап әлемдегі ең бай адам болған. Қазіргі кезде Билл Гейтс – компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін дайындау бойынша бас инженер. Қазір ол уақытының көп бөлігін қайырымдылық шараларына жұмсауда. Жыл сайын ол жеке меншіктегі тұрғын үйлері мен көліктерінің салығына бір миллион доллар ақша төлейді екен.

Билл Гейтстің оқушыларға айтқан кеңестері:

1.Өмір – әділетсіз. Тек оған үйрену керек.

2. Қоғамға сіздің менмендігіңіз емес, ең алдымен жетістігіңіз қажет!

3. Мектеп бітірісімен бірден 50 доллар таба алмайсыз. Жетістікке жетпегенше ешкім сізге жеке жүргізуші бар лимузин мінгізбейді.

4. Қазір сіз мұғалімдер тым талап қойғыш және өте қатал деп ренжисіз. Бұл ештеңе емес. Болашақта бастығыңыз болғанда көресіз!

5. Аспазшы болу – арыңыздың төмендені емес. Мұндай жұмыстың өзін әке-шешеңіз немесе ата-бабаларыңыз тамаша мүмкіндік деп есептер еді.

6. Жеке сәтсіздіктеріңіз үшін ата-ананы кінәлаудың қажеті жоқ. Керісінше,сол қателіктерге қарап дұрыс шешім шығара біліңіз!

7. Өмірде үздік атану мектепте озат болудан әлдеқайда жоғары. Кейбір мектептерде үздіктер мен нашарларды бөлмеу үшін баға қоймаса,шынайы өмірде мүлдем олай емес…

8. Алдағы өмірлеріңіз семестрлере,демалыс күндерге бөлінбейтін болады.

9. Шынайы өмірді кинодан көретін уайымсыз өмірмен шатыстырудың қажеті жоқ. Шынайы өмірде уақытыңыздың бәрін кофеханада емес,жұмыста өткізуге тура келеді.