Бағдаршам қайда және қашан пайда болды?

Бағдаршам

Бағдаршам тарихы

Бірінші бағдаршам 1868 жылдың 10 желтоқсанында Лондондағы Британ парламенті ғимаратының алдына орнатылды. Оны жасаған өнертапқыш Дж.П.Найт – теміржол семафорын жасаудың маманы болатын. Оны қолмен басқаруға тура келді. Оның екі семафорлық қанаты бар. Қанатының көлбеу көтерілгені “тоқта” дегенді, 45 градусқа салбырап тұрса,”абайлап жүр” дегенді білдіретін. 

Қараңғы түскен кезде айналмалы газды шам пайдаланылды. Шамдағы қызыл,жасыл түстердің көмегімен жол тәртібі реттелді. Негізгі мақсаты жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін жеңілдету үшін пайдаланылды. Бірақ, оның белгілері көлік құралдарына арналған еді. Жаяу жүргіншілер жолдан өтіп болғанша, автомобильдер тоқтап тұруы тиіс болатын. 

Газбен жанатын шамды ойлап табу

1869 жылдың 2 – қаңтарында газбен жанатын шам жарылып, бағдаршамды басқаратын полицей жараланады. Автоматты түрде басқарылатын бірінші бағдаршам жүйесін 1910 жылы пайда болды.Оны чикаголық өнертапқыш Эрнст Сиррин жасап шығарып,оған патент алды. Оның қызметінде Stop және Proceed деген жазулар қолданылады.

Электрлі бағдаршам

Ал,ең алғаш электрлі бағдаршамды ойлап тапқан өнертапқыш деп Солт-Лейк-Сити қаласының тұрғыны Лестер Вайр есептеледі.Ол 1912 жылы электрмен жанатын,қызыл және жасыл түсті екі дөңгелек шамы бар бағдаршам ойлап табады, бірақ оны патенттемейді. 1914 жылдың 5 тамызында Кливленде (АҚШ,Огайо штаты) қызық жағдай болды. 

Америкалық  компания 105 – көшеге  Джеймс Хога жасап шығарған төрт электрлі бағдаршамын орнатады. Оның қызыл және жасыл түсті белгілері болды. Сондықтан белгі ауысатын кезде ол дыбыс шығаратын. Оны жол қиылысындағы әйнек үйшіктерде отырған полицейлер басқарып отыратын. 

Бағдаршам
https://www.tampereclub.ru

Уильям Поттстың өнертабысы

Үш түсті бағдаршам 1920 жылы Детройт қаласы мен Нью – Йоркте орнатылады. Оны ойлап тапқан өнертапқыштап Уильям Поттс пен Джон Ф.Харрис еді. Ал,КСРО – да ең алғаш рет 1930 жылдың 15 қаңтарында Ленинградта 25 – қазан мен Володор даңғылдарының қиылысында орнатылады. Мәскеуде  осы жылдың 30 желтоқсанында Петровка мен Кузнецкий Мост көшелерінің қиылысында пайда болған.

Бағдаршам тарихы сөз болғанда америкалық өнертапқыш Гаррета Морганның есімі жиі аталады. Ол 1922 жылы  бірегей нұсқасын құрастырып,патенттеген. Бірақ оның есімі тарихта ойлап тапқаны үшін емес,соның қолданылуы мақсатын жазғаны үшін қалған. Ол патентте бұйымның техникалық құрылғыларынан бөлек: ”Бұл бұйым автокөлік иесінің дәрежесіне қарамай,жол қиылысындағы көлік қозғалысын кезекпен реттеуге арналған”, — деп жазып қойған болатын.

Бағдаршам
http://m2motors.com.ua