Аэростат (әуе шары) қалай пайда болды?

Аэростат (әуе шары) қалай пайда болды?

Аэростат дегеніміз не?

Аэростат (әуе шары) ауадан әлдеқайда жеңіл әуе ұшағы.Әуе шары ішіндегі пластикты жеңіл газбен (гелий немесе сутегі) немесе жылы ауамен толтырады. Сол газ арқылы гондол үрленеді және жолаушыларды төбеге көтереді. Көне заманнан бері адамдар аспанға көтеріліп, құстар секілді ұшуды армандаған. Дегенмен, адамның ұзақ уақыттан бері ұшу талпыныстары сәтті болмады.

 XVI-XVII ғасырларда әртүрлі ғалымдар ыстық ауа қасиеттерін пайдаланып,  әуе шарын құрастыруға тырысты. Мәселен, 1709 жылдың тамызында Португалия корольдігінде  әуе шарының моделі көрсетілді. Ыстық ауаның арқасында 4 метрге дейін көтеріле алатын. Бұл модельдің авторы Португалияда тұратын Бразилиялық Лоренцо Гуэман болды. Бірақ ол нақты жұмыс істейтін әуе шарын жасаған жоқ.Физика мен математиканы қолданып, ол алдымен аэронавтика әдісін тапты.

Аэростат немесе әуе шары дегеніміз не?
http://mirnovogo.ru/

Аэростат пайда болу тарихы

Аэростат немесе әуе шарын ойлап тапқан өнертапқыштар ағайынды Жосеф пен Этьен Монгольфье болып табылады. Бала кезінен бастап, ағайындылар әр түрлі заттарды ойлап табуға тырысты. Біргүні ағайындылар  оттың жанына отырып, оларға керемет ой келеді. Олар эксперименталды әуе шарының моделін тігеді. Және оны отпен қыздырады. Әуе шары 30 метрге биіктікке дейін көтерілді. Бұл оқиға 1782 жылдың қараша айында болған. Сол күн әуе шарының  бастамасы деп санауға болады.

1783 жылы ағайынды Монгольфье  қайтадан тырысып, әуе шарын 1000 метр биіктікке көтереді. Бұл уақытта әуе шарының алғаш рет қоғамдық демонстрациясы болды.

Ағайындылардың бәсекелесі  француз физигі Жак-Александр Сезар Шарль болды. Ол да аэростат аппараттын дамытуға тырысты. 1783 жылы ол сутегі газымен толтырылған әуе шарын жасады.

https://extremecatalog.ru

Адаммен алғашқы ұшу

1783 жылы әуе шарындағы адамның алғашқы ұшуы жасалды. Француз Пилат-де-Розьер және Маркиз де Арланд Этьен Монгольфьенің аэростатына көтерілді. Барлығы олар 10 километр қашықтықта ұшып, Бутее деп аталатын жерге қонды. Келесі жылы бүкіл Еуропа бойынша эксперименттік ұшулар орын алды.

1783 жылдың 1 желтоқсанында  Шарльдің әуе шарынада алғашқы ұшуын жасады. Ұшу кезінде Шарльдің  механигінің бірі болды. Әуе шары 400 метр биіктікке көтерілді және 125 минут ұшу жасады. Әуе шарларын салыстыра келе  Шарльдің құрған моделі өте сенімді және ыңғайлы болды. Ал ағайынды Монгольфьенің моделін ғылыми, кино саласында  және спорттық мақсаттарда қолданады.

https://extremecatalog.ru/

Қызықты деректер

XIX ғасырда әуе шарлар әр түрлі  мерекелердің атрибуты болды. Олар XIX ғасырдың екінші жартысында Парижде және Англияда өткен алғашқы көрмелердің маңызды саяси және әскери жеңістеріне арналған фестивальдерде жиі жүрді. 

XIX ғасырдың соңына қарай шарлар әуе мақсатына пайдаланылды. Атмосфералық зондтар ауа ағынына түсіп, үлкен биіктікке көтеріліп, ауа үлгілерін алды. 1897 жылы Соломон Август Андре бастаған швед ғалымдары әуе шарымен арктиканы зерттеген. Бірақ экспедиция қайғылы аяқталды. Ғалымдар  құрылғыны басқарудан айырылып қалды.

ХХ ғасырдың басында әуе шарларымен жердің стратосферасына алғашқы ұшуылар жасалды. Француз Оггюст Пикар 1937 жылы арнайы құрастырылған тұрақты қысым капсуласымен стратосфераға ұшу жасаған.

Әуе шарлары XX ғасырда ұшақтың дамуына әсер етті. Олар жеке спортқа айналды. Аэростатты ойын-сауық индустриясында сәтті қолданылды.