Астероидтар тарихы мен олардың эволюциясы

Астероидтар

Астероидтар тарихы

Астероидтар тарихы 1781 жылы Уран ғаламшары ашылғаннан басталды.Оның орташа гелиоцентрлік қашықтығы Тициус-Бодэ ережесіне сәйкес болып шықты.1789 жылдан бастап осы ережеге сәйкес Марс пен Юпитердің орбиталары аралығында болуға тиісті ғаламшарды іздеу басталды. Бірақ аспанды жеке дара шолу жетістік әкелмеді.Сондықтан 1800 жылы қыркүйектің 21-інде К.Цахтың бастауындағы бірнеше неміс астрономдары ұжымдық іздеуді ұйымдастыру шешімін қабылдады. Олар зодиактік Шоқжұлдыздар белдеуін 24 үлеске бөлді. Оларды мұқият зерттеу мақсатында өзара бөліп алды. Бірақ олар жүйелі іздеуге кіріспеді.1801 жылы қаңтардың бірінде итальян астрономы Дж.Пиации Торпақ шоқжұлдызы бойымен баяу орын ауыстырған 7-жұлдыздық шамадағы жұлдыз тектес объектіні телескоппен тапты.

К.Гаусс есептегенде объектінің орбитасы ғаламшардың орбитасындай,Тициус-Бодэ ережесіне сәйкес болып шықты.Жаңадан ашылған ғаламшарды Пиации Церера деп атады. 1802 жылы наурыздың 28-інде неміс дәрігері және астрономы В.Ольберс Церера маңынан тағы бір ғаламшарды ашты. Ол Паллада деп аталды.1804 жылы қыркүйектің 2-інде үшінші ғаламшар Юнона,ал 1807 жылғы наурыздың 29-ында төртінші Веста ашылды. Барлық  жаңадан ашылған ғаламшарлар жұлдызға ұқсас,жиексіз болғандықтан олардың геометриялық өлшемі шағын екені анықталды.Сондықтан бұл аспан  денелерін кіші ғаламшарлар немесе В.Гершельдің ұсынысы бойынша астероидтар(гректің «астер»-жұлдызды және «еидос» — түр деген сөзінен алынған) деп атады.

Астероидтар күн жүйесі
https://indicator.ru

Астероидтар және күн жүйесі

1891 жылы көзбен бақылау әдісімен 320-ға жуық астериодтар табылды.1891 жылы неміс астрономы М.Вольф іздеудің фототүсірімдік әдісін ұсынды. Фототүсірімдік әдістер астериодтарды көптеп ашуға мүмкіндік тудырды. Бүгінде кіші ғаламшарды белсенді түрде іздеуде.Орбиталары анық есептелінген астероидтарға ат қойылады және реттік сан беріледі. Бүгінде ондай астероидтардың 3500-ден астамы белгілі.Бірақ Күн жүйесінде олардың саны анағұрлым көп.

Белгілі астероидтартың басым көпшілігі Марс пен Юпитер орбиталарының арасында табылды. Оларға грек мифологиясынан алынған ерлердің есімі берілген. Бұл кіші  ғаламшарлардың әуелгі үшеуі астероидтар белдеуінен тыс қозғалады.Оның үстіне Икар перигелийінде Күнге Меркурийден екі есе жақын екен.Ал Гермес пен Адонис — Шолпаннан да жақын келеді.Олар Жерге 6 миллионнан 23 млн километрге дейін жақындай алады. Гермес 1937 жылы тіпті Жерден 580 мың шақырым қашықтықтан,яғни Айдан бір жарым есе алыстан өтті.

Гидальго афелийінде Сатурн орбитасының арғы жағына кетеді.Бірақ бас-аяғы жалғыз Гидальго емес. Соңғы жылдары перигелийлері Жер тобына жататын ғаламшарлар орбиталарына,ал афелийлері Юпитер орбитасына жақын орналасқан 10-ға жуық астероидтар ашылды. Мұндай орбиталар Юпитер әулетінің құйрықты жұлдыздардың түпкі тегі бірдей деген ойға меңзейді.

Қалған астероидтардың орбиталары үлкен ғаламшарлардың, негізінен, Юпитердің гравитациялық тартылысы әсерінен елеулі ұйытқуларға ұшырайды. Әсіресе шағын астероидтар күшті әсерге ұшырап жатады.Соның нәтижесінде олар бір-бірімен соқтығысады.Әр түрлі көлемдегі — кесе көлдеңені жүздеген метрден майда тозаңға дейінгі мөлшерде бытырап кетуге әкеліп соғады.

Қазіргі уақытта астероидтардың физикалық табиғаты мұқият зерттелуде,өйткені ол бойынша біздің Күн жүйеміз құрылған заттардың эволюциясын білуге болады.  

Астероидтар
https://habr.com

Астероидтар түрлері

Көптеген астероидтардың жарық шағылдыру қабілетіне қарап оларды үш негізгі топқа: қоңырқай,қылаң және металды деп бөлуге мүмкіндік туды.Қоңырқай астероидтардың беті оған түсетін Күн жарығының бар болғаны 5%-ін ғана шағылдырады.Олар қара базальтты және көмір тектес жыныстарға ұқсас заттардан тұрады.Бұл астероидтарды көмір тектес деп жиі атайды. Қылаң астероидтар Күн жарығының 10-нан 25%-іне дейін шағылдырады.Бұл оның бетін кремнийлік қосылыстармен жақындастырады. Бұл тас астероидтар.