Аспергер синдромы себептері мен салдары

Шелдон Купер Аспергер синдромы

Қазіргі уақытта медицинада адам психологиясына байланысты әр түрлі ауруларды тауып зерттеуде. Бірақ кейбір психологиялық ауруларға адамдар мән бермейді. Сол психологиялық аурудың түрі — Аспергер синдромы. Аспергер синдромы қоғамға еш зияны жоқ,алайда әлемде көптеген жасөспірімдер мен ересек адамдар осы «дертке» шалдыққан. Статистика бойынша осы дертпен ауыратын адамдар өзінің психологиялық аурумен ауыратынын кеш біледі екен. Сондықтан осы мақалада оның себептері мен салдары туралы айтамыз. 

Аспергер синдромы тарихы

Бұл синдромды  австриялық психиатр және педиатр Ханс Аспергердің құрметіне берілді. Ғалым 1944 жылдар аралығында балалар мен жасөспірімдердің психологиясын зерттеген. Зерттеу кезінде балалардың невербалды коммуникациясының нашар дамығанын және  эмоцияға өте тұйық екенін байдады.Алғашқыда  «аутистикалық психопатия» терминін қолданды.

«Аспергер синдромы» терминін қолдануын тек 1981 жылы ағылшын психиатры Лорна Винс ұсынды. Қазіргі синдромның тұжырымдамасы 1981 жылы пайда болды. ал 1990-шы жылдардың басында диагностикалық стандарттар әзірленді.

Аспергер синдромы — психикалық дамудың жалпы бұзылуының бірі. Әлеуметтік өзара әрекеттесуде елеулі қиындықтардың туындауы және өзгерістерді ұнатпаушылығы. Бұл синдромды көбісі аутизм ауруымен шаттастырып жатады. Айырмашылығы  сөйлеу және когнитивтік дамуының кешігуі және асоциалды болуы.  Аспергер синдромын адамның жүріс-тұрысынан білуге болады. Көбінесе  қозғалыстары имемсіз болады. Статистика бойынша бұл синдром IQ жоғары балаларда кездеседі. Тарихта дарынды ғалымдар мен ұлы композитерлер осы аурумен көп ауырған.(Амадей Моцарт, Авраам Линкольн,Робин Уильямс).

Аспергер синдромы
http://vitaportal.ru

Аспергер синдромы белгілері

Тәртіпке деген қатты сүйіспеншілік 

Аспергер синдромы бар адамдар өздерінің күнделікті ережелерін орындап отырады. Егерде кейбір жағдайлар болып, орындалмаса өзін өте жайсыз сезінеді. Ережелерін жиі толықтырып және қоршаған адамдардан сонын орындалуын талап етеді.  Мысалы, оқушы балалар мектепке баратын бағытты(өзінің ұнататын жолын) әрдайым талап етуі мүмкін.Себебі басқа бағытпен бару олар үшін өте күрделі болып келеді.  Сыныпта олар кестенің кенеттен өзгеруіне нұқсан келтіреді. Аспергерлер көбінесе күнделікті өмір салтын үлгіге сай қалыптастырады. Мысалы, егер олар белгілі бір сағаттарда жұмыс істесе, одан басқа уақыттағы жұмысы адамды қатты алаңдатады.

Қызығушылықтары аз немесе спецификалық болып келеді.

Қызығушылықтарының спецификалық болуы  — синдромның ең көрнекті ерекшелігі. Бұл қызығушылықты жай хоббимен шатастыруға болмайды. Себебі Аспергерлер өте таңғажап заттарды жинайды немесе сол туралы мәлімет іздейді. Мысалы , жұлдыздардың аттарын,суреттерін жинауы және әр түрлі климаттық көрсеткіштер туралы дерек іздеуі. Балалар  заттардың модельдік нөмірлерін жатқа білуі мүмкін. Бірақ сол затқа ешқандай қызығушылығы болмауы жиі жағдайдын бірі.  

 Сөйлеу қарым-қатынасы

Аспергер синдромындағы адамдар жалпы алғанда лингвистикалық қабілеттеріде  айтарлықтай кешігулер жоқ. Бірақ тілдерді меңгеру және пайдалану кезінде біртүрлі болуы басты ерекшелігі. Бұл ауытқулар мыналарды қамтиды:

икемсіздік;

әңгіме кезінде тақырыптарды тез және жиі ауыстыру;

мәтінді немесе әңгімені тура мағынада түсіну (ауыспалы сөздерді түсінбеу);

өзіне ғана түсінікті метафорларды қолдану;

мұқият және ресми сөйлеу;

Сондай-ақ сөйлеу кезінде ерекше дыбыс, интонация, ырғақ және екпінді байқауға болмайды. Әсіресе, Аспергер  балалары әзіл, иронияны түсінбейді.

 

Аспергер синдромы жасөспірімдер
http://outfund.ru

Эмоция және социалды коммуникация

Аспергер синдромы бар балалар мен ересектерде (олар өздерін «aspi» немесе «аспергия» — «аспергия» деп атайды) екі негізгі проблема бар.Олар эмоционалды және коммуникативті. Аспи, олар  басқа адамдардың эмоцияларын қабылдамайды немесе «көре алмайды». Бірақ олардың бар екендігін біледі. Мысалы, адамдар арасында болғанда әзіл айтқанда оны түсіне отырып өзінің эмоциясын көрсетпейді. Бұл оның ешқандай сезімге ие еместігін  білдірмейді.Олар өз сезімдерін дұрыс білдіре алмайды. Сондықтан жоғары интеллекті бар Аспергерлер сезімсіз көрінеді.

Тағы бір мәселе — әлеуметтік өзара байланыс немесе коммуникативті.  Адамдарды тек сөзбен емес сыртқы келбеті және вербалды қозғалыстар арқылы қорытынды жасаймыз.Әңгімелесушіге қарап, біз оның интонациясын, бет-әлпетін, қимылдарын, дене тілін автоматты түрде оқи аламыз. Және жиналған ақпараттар арқылы қорытынды жасай аламыз. Аспергер синдром адамдарында осы үлкен мәселе болып табылады.

Емдеу жолы

Қазіргі уақытта Аспергер синдромын емдейтін  нақты ем жолы жоқ. Синдромы бар балалар тек ересек аспергияға айналады. Дегенмен, психопатологиялық құбылыс туралы білім үнемі кеңеюде, емдеудің жаңа әдістері пайда болуда. Дәрілік заттар мен дәрілік емес терапияны қолдануды ғалымдар кеңес беруде. Профессионалды психологтарға барып психологиялық ем алуға болады. Сол арқылы біртіндеп емделу курстарын жеке құру арқылы кейбір мәселелерден айырылуға болады.