Аргентина халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Аргентина халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Аргентина әлемдегі ең үлкен он елдің қатарына жатады. Мемлекет Оңтүстік Америка материгінің оңтүстік-шығыс бөлігін және Отты жер архипелагының шығыс бөлігін алып жатыр. Аргентина басқа көрші мемлекеттерге ұқсас емес ерекше мәдениетімен танымал. Мемлекет 24 әкімшілік бірліктен тұрады.  Оңтүстік Америка мемлекеттері бойынша жер көлемі бойынша екінші орын алады.

Аргентина халқының сыпайылығы

Аргентиналықтар бір-біріне және шетелдіктерге өте сыпайы және мұқият қарайды. Аргентина халқының көбісі сыпайы болуға тырысады. Бұл аргентиналықтардың менталитеніне байланысты келеді.

Футбол және саясат

Аргентина халқының барлығы футбол мен саясатқа қатты көңіл бөледі. Себебі елде футбол спорты өте жақсы дамыған. Сондықтан көптеген футбол жанкүйерлері әрдайым бұл спорт түрін дамытуға тырысады. Нәтижесінде халықтың көбісі футболға қызығушылық танытады.

Аргентина халқының салт-дәстүрі
https://www.world-card.ru/

Асадо ұлттық тағамы

Аргентиналықтардың тағы бір дәстүрі. Әр апта сайын сенбі күні барлық отбасымеен жиналып асадо ұлттық тағамын жсайды. Асадо бұл отқа пісірілген ет тағамының түрі. Асадо тағамы танымал елдер: Аргентина, Боливия, Чили, Колумбия, Эквадор, Парагвай, Перу, Уругвай және Венесуэла және т.б. Әдетте сиыр еті (паррилье) қолданылады. 

Рождество мейрамы

Рождество таза отбасылық дәстүр болып саналады. Сол мейрам күні барлығы жақын туыстарымен бірге тойлайды. Мерекелік тағамдар: бәліш, тәтті жаңғақ қосылған тоқаштар, казинаки және т.б. ұлттық тағамдар. Аргентиналықтар үшін Рождество мерекесі тыныш басты мейрамдардың бірі болып табылады. Санта Клаусты бұл елде Papa Noel деп атайды. Жалпы алғанда, Рождество мен Жаңа жыл мейрамының арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 

https://womanadvice.ru/

Golosina por un Beso дәстүрі

Өте әдемі және жағымды дәстүрлердің бірі Golosina por un Beso. Бұл мейрамның мақсаты кез келген адамға тәтті тағам сыйлау және кішкене беттен сүю. Мұндай мереке қыркүйектің бірінші аптасында өтеді. Барлық апта бойы жастар, ересек адамдар бір-біріне әр түрлі тәтті тағамдар сыйлай алады.

Аргентина салт-дәстүрі
https://womanadvice.ru/

Мате шайы

Мате шайын ішу Аргентина елінде дәстүрге айналған. Бұл шай кептірілген жапырақтардан және парагвай падугаларымен (өсімдік) дайындалған. (кофеині бар сусын). Мате сөзі кечуа тайпасынан шыққан. Оның мағынасы “ыдыс немесе таба” дегенді білдіреді. Құрғақ жапырақтар арнайы ыдыстың ішіне орналастырылады. Содан кейін арнайы рәсім жүргізіледі. Сусынның дәмі ащы болып келеді, бірақ бұл оның ең басты ерекшелігі.