Александр Флеминг ұлы ғалым,бактериолог

Александр Флеминг ұлы ғалым бактериолог

Александр Флеминг балалық шағы

Александр Флеминг 1894 жылы 6 тамызда Шотландия еліндегі Дарвел қаласында дүниеге келді. Ата-анасы баланы еркелетіп Алек деп атады. Әкесі Хуг Флеминг ферма ұстады. Баланың анасы Грейс Стирлинг Мортон Хугтың екінші әйелі болды. Отбасында  төрт бала болды.Александр екінші бала еді.

Болашақ ғалым 5 жасынжа Дарвел ауыл мектебіне барады. Флемингтер отбасысы шаруа қожалықтарында өмір сүрді. Сондықтан әрбір күні балаларға мектепке жету үшін  7 шақырым жүруге тура келді. Аязды күндерде Грейс барлық балаларына қолдарын жылыту үшін ыстық картоп береді.

Александр Флеминг балалық шағы
https://24smi.org/

Ғалым 12 жасында Килмарнок Академиясында оқиды. Екі жылдан кейін ағаларымен  бірге Лондонға көшіп, Корольдік политехникалық институтына түседі. Болашақ кәсібін таңдауда офтальмолог ретінде жұмыс істеген ағасы Томас көмектеседі. Сонының арқасында Алекс медицинаны таңдайды.

1901 жылы, Сент-Мери ауруханасына жататын медициналық училищеге түседі. Оқу кезінде ең талантты студент болды. 1906 жылы Флеминг медицина және хирургия, 1908 жылы бактериология бакалавры атанады.

Ғылым жолы

1906 жылы ішек ішуін(брюшной тиф) емдейтін патология профессоры Альмрот Райт Флемингті Сент-Мери ауруханасында құрылған бактериология бөлімінде жұмыс істеуге шақырады. Сол сәтте ғалым мен үш студент ағзаға жұқтырған инфекциямен күресу үшін антиденелерді күштеп алу тәсілін іздестіреді.

Александр Флеминг пен Альмрот Райттың бірлескен жетістіктері сол уақыттан басталады. Профессор тесттерді дәл және ауыртпалықсыз жинау процесін жасайтын құралдарды жасау бойынша жұмыс істеді. Жұмыстың нәтижесін көргенде, студенттер сифилиспен ауыратын науқастарды венадан 5 мл қан емес, саусағынан 0,5 мл талдау үшін қолдануға болатын әдісті ұсынды.

Сол жылдары сифилис ең қауіпті және емделмейтін аурулардың бірі болып саналды. 1907 жылы химия ғылымдарының докторы Пол Эрлих жасаған  «Сальварсан»  дәрі-дәрмектерін венаға енгізген кезде ғана көмектесетін. Бұл үрдіс заманауи жағдайда қиын болғанымен, Флеминг шебер қолдана алды. Алғашқы ғылыми баяндамалардың бірінде 46 науқасты емдеудің нәтижелері туралы әңгімелеп берді.

Александр Флеминг ғылым жолы кезінде
https://24smi.org/

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Альмроут Райт Франциядан жұқпалы ауруларды зерттеуге арналған зертхана құруды шешті. Профессор өзімен бірге Флемингті жұмыс істеуге шақырды.

Зерттеулер көрсеткендей, антицептиктер, жара жұқтырған кезде қолданылғанда жағдайды нашарлатады. «Ланцет» медициналық журналына арналған мақалада ғалым антисептиканың анаэробты бактериялар жасырынған терең жараларда емес, сонымен қатар дәрі-дәрмектін көмегімен, соның ішінде емдеуге көмектесетін пайдалы заттардың да пайда болғанын айтты. Бұл көзқарасты Альмроут Райт  қолдау көрсетті. Дегенмен, әскердегі дәрігерлердің көпшілігі антисептикалық құралдарды пайдалануды жалғастырды. Олардың әсері пациенттің денсаулығын нашарлатты.

1919 жылы демобилизациаланған Флеминг Англияға қайтып келді және бактерияларды зерттеуді жалғастырды. Эксперименталды түрде, ғалымдар антисептикалық заттардың лейкоциттердің зарарсыздандыру әсерін азайтатынын немесе толығымен жоятынын дәлелдеді.

https://24smi.org/

Александр Флеминг ұлы ашылымы - Пенициллин дәрісі

1922 жылы ғалымның өмірбаянында алғашқы ғылыми жаңалық пайда болды. Райтпен бірлескен зерттеулер «лизоцима» бактерияға қарсы зат ашуға себеп болды. Сол кезде Флеминг ауырып жүріп жұмыс істеді. Байқамай ауырып жүрген ғалымның сілекейі зерттеліп жатқан ыдысқа түседі .5 күн өткеннен кейін, ыдыста болған зиянды заттар жоғалып кетеді. Микробтар болған орта тап-таза болады.Кейін зерттеулер көрсеткендей, адам сілекейі мен жұмыртқа ақуызын қосқанда қосымша «тазарту» қабілетіне ие болады екен.

1928 жылы қысқа демалыстан оралған Флеминг петри ыдысының бірінде саңырауқұлақтарды тапты. Сол арқылы басқа кеседе сақталған микробтарды жойды. Бірнеше күн бойы ғалым кітаптан шықпады. Нәтижесінде ғалым оның алдында «алтын пеницилл» деп аталатын Penicillium chrysogenum  екенін анықтады.

https://24smi.org/

Флеминг бұл күшті антибиотик екенін түсінді. Егер лизоцим зиянсыз бактерияларға қарсы күрессе, пенициллин пневмонияны, менингитті, гангренді, гонореяны және басқа да қауіпті ауруларды емдейді. «British Journal of Experimental Pathology» журналында ғалым барлық мәліметтерін жариялаған. Бірақ ең қиыны  саңырауқұлақтардан таза антибиотиктерді алу үшін жеткілікті білім керек болды. 

Тек 1940 жылы ғалымның ашылуынан 12 жыл өткен соң, химиктер Эрнст Чейн және  Говард Флори Флемингке көмекке келді. Олар затты соншалықты тазартып, стафилококпен ауырған тышқандарды емдеді.

1943 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фармакологиялық зауыттарда пенициллиннің жаппай фармацевтикалық өндірісі басталды.Өндірістің арқасында жараланған сарбаздарды көптеген аурулардан емдейді.

Пенициллин биология мен медицинадағы  үлкен ғылыми ашылулардың бірі болып табылады. Бүгінгі күнге дейін антибиотиктер миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалатын зат негізінде құрылады. Бұл ашу үшін Флеминг көптеген марапаттарға ие болды. Оның бастысы — Нобель сыйлығы. «Пенициллинді және оның әр түрлі жұқпалы аурулармен күресудегі терапиялық әсерін табу үшін», 1945 жылы Флори және Чейн әріптестерімен бірге марапатталды.

Жеке өмірі

Александр Флеминг екі рет некеде болған.1915 жылғы 23 желтоқсанда әйелі Сент Марияның ауруханасының медбикесі болды. Ирландиялық Сара Мак-Элрой болды. Бір жылдан кейін ұлдары Роберт дүниеге келді. Отбасы өте тату-тәтті өмір сүрді. 1949 жылы әйелі Сара қайтыс болады.

1953 жылы ғалым екінші рет үйленді. Әйелі грек ұлтының қызы Амалия Косури-Вурекас болды. Күйеуінен 31 жас кіші. 

1955 жылы 11 наурызда 74 жасында Александр Флеминг Лондонда жүрекке шабуылынан қайтыс болды. Өлген адамның өтініші бойынша денесі өртеліп, күлді Әулие Павел соборында, Адмирал Хорати Нельсонның мазарының жанына қойған. Мазарға  «A.F» деген жазу жазылған.