Айнымалы жұлдыздар және олардың түрлері

Айнымалы жұлдыздар және олардың түрлері

Айнымалы жұлдыздар туралы ақпарат

Айнымалы жұлдыздар физикалық үдерістердің  нәтижесінде жарығы уақытпен өзгеретін жұлдыз. Егер бірнеше күн бойы әр кеште екі-күш рет Персейдегі  β жұлдызын қарап және оның көрінетін жарығын (жылтылын) көрші шоқжұлдыз Кассиопеядағы  α және  β жұлдыздарымен салыстырса, онда осы жұлдыз жарқырауының айнымалылығын аңғару оңай. Бірде ол Кассиопеядағы жұлдыздар сияқты анық жарқырайды, бірде олардан көмескіленеді. Персейдегі β жұлдызының айнымалылығы ортағасырлық араб астрономдарының өздері-ақ белгілі болатын, олар оған Эль-Гуль деген ат берген. Бертін келе Алголь болып өзгерді. Оның жөні де бар: барлық жұлдыздар біркелкі жарқырап тұрса, ол мезгіл-мезгіл “көз қысқандай” болады.

Айнымалы жұлдыздар туралы ақпарат
https://v-kosmose.com/

Зерттеу тарихы

Бірақ өзінің жарқырауын өзгертетін бір ғана Алголь емес 1596 жылы неміс астрономы Д.Фабрициус (1594-1617) Кит шоқжұлдызындағы О (омикрон) әрпімен белгіленген, поляк астрономы Я.Гевелий жарқыраудың күрт өзгерісіне қарай Ғалам, яғни Ғажайып, немесе Таңғажайып деп атаған жұлдыздың айнымалылығын ашты: жұлдыз жай көзге жарық болып көрінеді. Бірде мүлдем жоғалады.

Европада Персейдегі в жұлдызының айнымалылығын 1669 жылы итальяндық Г.Монтанари (1632-1687) қайта ашты. Ал оның жарқырауының өзгеру периодының дәл уақытын 1784 жылы Лирадағы β және Цефейдегі δ жұлдыздарының айнымалылықтарын ашқан ағылшын Дж.Гудрайк (1764-1786) 173 ж. Тұжырымдады. Бұдан кейін басқа да айнымалы жұлдыздар табылды. Бірақ өткен жұлдыздар деп аталады.

Әсіресе 1921-1940 жылдары және 1946 жылдан бастап жұлдызды аспанды суретке түсіру арқылы көптеген айнымалы жұлдыздар ашылды. Мұндай жұлдыздарды іздеу мен зерттеуде кеңестік астрономдар мен астрономия әуесқойлары үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта 28400 айнымалы жұлдыз белгіленген.

Айнымалы жұлдыздар зерттеу тарихы
https://v-kosmose.com/

Түрлері

Айнымалы жұлдыздарды тұрақты жұлдыздар жарқырауынан бірден айыру үшін латын алфавитінің R-ден Z-ке дейінгі үлкен әріптермен шоқжұлдыз атын көрсету шартты түрде қабылданған. Мысалы: Лирадағы R, Мергендегі T және т.б. Егер шоқжұлдызда айнымалы жұлдыздар көп болып, көрсетілген әріптер жетпесе, онда екі әріптен тұратын түрлендіру пайдаланылады. (RR,RS…,TT…,ZZ ,AA, AB және т.б. QZ-ке дейін.) Осындай әдіспен шоқжұлдыздағы 334 айнымалы жұлдызды белгілеуге болады.

Бірақ кейбір шоқжұлдыздардағы айнымалы жұлдыздардың көптігі сондай, әріптердің бұл түрлендірулері де жетпейді. Содан кейін осы шоқжұлдыздардағы жаңа ашылған айнымалы жұлдыздар V (латынның variable – айнымалы деген сөзі) әрпімен және шоқжұлдыздағы айнымалы жұлдыздың V 335-шісінен, мысалы Аққудағы V335, Мергендегі V 336 және т.б. деп белгіленетін болды. Физикалық
айнымалы жұлдыздар туралы мына мақаладан оқи аласыз: Физикалық айнымалы жұлдыздар туралы мәліметтер

Жұлдыздардың жарқырау айнымалылығы тек екі себептен болады. Олар бірін-бірі айналғанда тұтылады. Немесе қойнауларында өтіп жатқан физикалық процестер құбылтады. Сондықтан айнымалы жұлдыздардың өздері де тұтылмалы айнымалы және физикалық айнымалы деп екіге бөлінеді. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар туралы мына мақаладан оқи аласыз: Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар туралы деректер