Австрия мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Австрия мемлекетінің ең әдемі жерлері

Австрия астанасы Вена

 Австрия астанасы Вена қаласы бұл өткен ғасырдың сәулетінің тамаша үлгісі болып табылады. Қаланың ішкі көрінісінде көптеген  кішігірім көшелер, шағын кофеханалар және жайлы алаңдар мен соборлар бар. Көп саяхатшылар алдымен осы жерлерді көріп қайтады.

Венаның негізгі көрікті жерлері шағын алаңда шоғырланған. Мысалы, Киелі Стивен соборы оған шамамен 800 жылдай.  Ол өте үлкен және әлемдегі алып он собордың бірі. Кіру тегін, сонымен қоса сол соборда туристтер Габсбург императорлық әулетінің жерленген орындарын көре аласыздар.

Вена қаласында  Хофбург сарайы (Габсбургтардың резиденциясы) көркем және тарихи мұражай болып табылады. Тағы бір керемет орын ол Мемлекеттік Опера ғимараты. Бүкіл әлемге белгілі болғандығына ерекше назар аудару керек. 

Австрия мемлекетінің ең әдемі жерлері Вена қаласы
https://lifehacker.ru/

Шёнбрунн

Шёнбрунн — француз Версальмен ұқсас болып салынған австриялық императорлардың жазғы резиденциясы. Қалада  Еуропадағы ең әдемі сарайлар мен саябақтар кешендерінің бірі болып саналады. Сол резиденцияда Австрия-Венгрия монархтары  өмір сүрген. Бұл жерге Наполеон екі рет келген екен. 1961 жылы Хрущев пен Кеннеди осы жерде кездескен. Сарайдың интерьері орынды.

Әлемдегі ең ескі хайуанаттар паркі бар. Онда жирафтар, император пингвины, панда,коалалар, алып тасбақалар және көптеген басқа жануарлар мекендейді. Оның негізгі қағидасы: «Шенбрунн бақытты жануарлардың хайуанаттар паркі болуы керек». 

Шёнбруннта сағат сайын әйгілі Венециялық десертті  «штрудельді»  дайындалуын көрсетеді.

https://lifehacker.ru

Хоэнзальцбург қорғаны

Зальцбург  архитектуралық үйлермен және таудың ландшафтының өзара тығыз орналасқан қала. Бұл қала Моцарттың туылған жері. Моцарт туралы толығырақ мына мақаладан оқи аласыз:

Вольванг Амадей Моцарт әлемге әйгілі композитор

 Бұл қалада еуропаның ең көне мейрамханасы және 900 жылдан астам толық сақталған бекінісі бар. Осының бәрі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіреді. Қаланың символы 1077 жылы негізі қаланған ең ірі еуропалық бекініс салынды. Бекініс жыл бойы туристтер үшін ашық. Мұнда ортағасырлық патша камералары, бекініс мұражайын және сәнді «алтын зал» бөлмелерін көруге болады. 

Австрия қаласының ең әдемі жерлері Хоэньзалцбург
https://lifehacker.ru/

Хельбрунн сарайы

Хельбрунн — Зальцбург архиепископының жазғы резиденциясы. Көрінбейтін ғимаратта көптеген құпиялар бар. Мысалы, әлемдегі жалғыз жасырын субұрқақтар(фонтан). Немесе көлеңке паркі — әр түрлі   аңыз кейіпкерлердің мүсіндерінің безендері.

Хеллбруннда тас және механикалық театрлар бар. Біріншісі Еуропадағы ең көне ашық эфир, тікелей тас жартасында орналасқан. Екіншісі бұл суды басқаратын механикалық ойыншықтар театры.

Австрия мемлекетінің ең әдемі жерлері Хелбрунн
https://lifehacker.ru/

Хохостервиц қорғаны

Хохостервиц — бұл оңтүстік Австриядағы ортағасырлық қорғанның бірі. Бүкіл елдегі ең әдемі қорғандардың бірі. Қорған тарихы 9 ғасырда басталады. Оның биіктігі 160 метр және жартаста орналасқан. 30 км қашықтықтан көрінеді.1571 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Кевенхюллер әулеті иеленеді. Хохостервицаның кейбір бөліктері сәуір айынан қазан айына дейін туристер үшін ашық. Бекіністі жаяу немесе лифтпен аралауға болады.

Грац қаласы

Грац  Австриядағы екінші үлкен қала. Мұнда өткен ғасырлардағы сәулеттермен қатар  заманауи қызықты ғимараттарды көруге болады. Грацтің бүкіл тарихи орталығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген.

Грацияда көптеген тарихи ескерткіштер бар. Кейінгі Готика соборы, император Фердинанд II  кесенесі, тарихи қарулардың үлкен жиынтығы бар  мұражайы.

https://lifehacker.ru

Гальштат қаласы

Бұл — ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін мыңнан аз адам тұратын Австрияның солтүстік-батысында шағын қала. Ол бүкіл әлемге өзінің пейзаждары мен мистицизмі үшін танымал болды. Мұнда қайтыс болған адамдардың бас сүйегінен жасалған ғимарат бар. Әр бас сүйек қайтыс болған адамның атымен, оның мамандығы мен қайтыс болған күнімен белгіленген.

 Гальштат қаласы  көл мен жоғары жартастар арасында орналасқан. Сондықтан адамдарды жерлейтін жер болмады. Осыдан адамдардың сүйегінен әр түрлі ғимараттар салынған.

Австрия қаласы Гальштат
https://lifehacker.ru

Австрия таулы курорты Бад-Ишль

Бад-Ишль — Жоғарғы Австрияның федералды штатынан Альпі тауында орналасқан курортық орын. Австрия-Венгрияның соңғы императоры Франц Иозифтің империялық вилласы. Император осы жерде көп уақыт өткізді.

Қазір Бад-Ишль шаңғы беткейлері мен жылу көздері арқылы туристерді тартады. Мұнда қалалық тыныштықтан демалып, таза ауамен демалуға болады.  Катрин тауына (1 542 м) арналған шаңғы көтергіш жыл бойы жұмыс істейді. Сондықтан таулар жолына оңай жетуге болады.

https://lifehacker.ru/

Криммль сарқырамасы

Криммль сарқырамасы 13 тоғыз қабатты ғимараттың биіктігіне тең.  Сарқырама  секундына тонна суды түсіреді. Ал шашырау кезінде кемпірқосақ пайда болады. 

Сарқыраманың бойында жаяу жүргінші жолдары бар. Криммль сарқырамасының бастау жеріне көтерілуге болады. Жол үстінде көптеген көру алаңдары мен демалыс орындары бар. Ал маршрут  ұзын қарағайлар мен сиқырлы ормандары арқылы өтеді. Сарқырама тек қана сәуірден қазанға дейін ашық болады. Ал қалған уақытта жабық.

Австрия Криммль сарқырамасы
https://lifehacker.ru

Гастейне көпірі

Гастайне көпіріне Альпы тауларында 2300 метр биіктікте орналасқан.  Көпір қозғалмалы, жел соққанда қозғалуы мүмкін. 

Сол жерден  елдегі  ең биік таулардың  Гроссглокнерді көруге болады. Арнайы көрмелік платформа арқылы  тамаша көрініс көрінеді. Кіруі тегін.